Этнопедагогиканың зерттеу объектісі және пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 11:26, реферат

Краткое описание

Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы, тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді” деген.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3-4
Негізгі бөлім
Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі......................5-8
Этнопедагогика пәні, оның мақсаты мен міндеті..............................................8
Этнопедагогиканың әдіснамасы.......................................................................8-9
Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні.....................9

Қорытынды..........................................................................................................10-11
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................12

Вложенные файлы: 1 файл

этнопедагогика реферат.docx

— 56.08 Кб (Скачать файл)

4. Халықтық педагогика және этнопедагогика ұғымдарының мәні. Этнопедагогиканың өлшем, көрсеткіш сияқты т.б этнопедагогикалық айрықша белгілері болады. Аталған белгілер халықтық тәрбиенің жалпы бағалауына сүйенеді. Осындай белгілерге сәйкес халықтық тәрбие нақты айқын нышандарымен анықталады. Жалпы айтқанда: белгілі бір мақсаттарға бағытталған жағымды жеке қасиеттерді меңгеретін жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталады; табиғи жағдайларда жүргізіледі, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым - қатынас табиғи қатынас болып табылады (табиғилық); ұрпақтар тәжірибесі сабақтастығын жалғастыруда барлық тәрбие түрлері мен әдіс - амалдарын қолдануға негізделеді (сабақтастық); жоғарғы тиімділігімен сипатталады (әрекет жасау); уақытпен шектелмейді және тұтастай – формалды, мектептен тыс тәрбиеге қарағанда жеке бөліктерден тұрмайды (үздіксіз болу); өмір сүру барысында барлық процеске қатысады (педагогикалық циклдың толық болуы); нақты, қатаң түрде шектелген тәрбиешілер болмайды, барлығы да халық - тәрбиешісі (тәрбиешінің көпшілдігі); халықтық тәрбие құралдарының барлық бай кешені, түрлі әдіс - тәсілдері қолданылады (өзара әсер ету тәсілінің қиыстырылуы); тәрбиенің әр түрлері мен тәсілдері қолданылады, жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттері қойылмайды, толыққанды адамды тәрбиелеу көзделеді (тәрбиеге кешенді түрде бетбұрыс); табиғи бөлшек ретінде табиғат заңына бағына отырып, адам дамуының заңдылығын сақтау (табиғи үйлесімділілік); тек сыртқы әсері ғана емес өзін - өзі тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлуді ескеру (тәрбиелеуде тәрбиеленушілердің қатысуы) т.б. Осылайша, этнопедагогика халықтың тәрбие жөніндегі білімін педагогикалық көзқарастарын жинап, талдап, жүйелейтін ғылым. Оның жалпы құрылымында ұрпақтан ұрпаққа берлілетін ұлттық тәрбиенің тарихи, мәдени заңдылықтары жатыр. Этнопедагогика жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында баланы тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде зерттейді, халықтық тәрбиені ұйымдастырады, халықтың негізгі педагогикалық түсініктерін зерттейді. Этнопедагогиканы зерттеу саласына, сондай-ақ, қоғамдық және әлеуметтік әсер ету үдерісі жатады. 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дәстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи - педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет. 
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие әрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен. 
Мұның бөрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың езіндік ерекше. Яғни көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дөстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам олеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасоспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайыидауға қабілеттілігі жайлы ұғымды терендетеді.

Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезендеріне тон әлеуметтік тарихи кұбылыс ретіңде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық төртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы зандылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық зандылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.

Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптаскан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықгалатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық оміріндегі құбылыстардың педагогикалық мөнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет - ғұрыптардың қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі салттар және олардың көне әдет - салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

    1. З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВА «ЭТНОПЕДАГОГИКА»
    2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Москва, 2000.
    3. Кукушин B.C., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и Этнопсихология. Ростов- на Дону, 2000.
    4. Рудь Ю.А. Методологические и теоретические проблемы изучения народной педагогики.- М., 1980.
    5. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-методологические проблемы. - М., 1988
    6. Этнопедагогика народов Казахстана /Под ред. Г.Н.Волкова, К.Ж.Кожахметовой. - Алматы, 2001.

 

 

 


Информация о работе Этнопедагогиканың зерттеу объектісі және пәні