Қазақ тілі сабағында ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:35, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күнде оқыту жүйесіндегі алға қойған негізгі мақсат - білімді жай ғана беру емес, оқуға үйрету, шығармашылық әдіс амалын таба білуге үйрету, ізденіс әдістерімен қаруландыру, қабылдау (түйсік) қабілетін жетілдіру, керек хабарды талдап одан қорытынды шығаруды әдетке айналдыру және тәжірбиелік әрекетті тану барысында алынған және жинақталған білімді қолдана білу қабілетін жетілдіру. Ақппараттық технологияны тікелей оқу үрдісіне қолдану мүмкіндіктері интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар тәрізді интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі зор.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудін әр түрлі аспектірлерін дамытуға болады.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақ тілі сабағында ақпараттық.doc

— 84.50 Кб (Скачать файл)

 

Қазақ тілі сабағында ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Бүгінгі күнде оқыту жүйесіндегі алға қойған негізгі мақсат - білімді жай ғана беру емес, оқуға үйрету, шығармашылық әдіс амалын таба білуге үйрету, ізденіс әдістерімен қаруландыру, қабылдау (түйсік) қабілетін жетілдіру, керек хабарды талдап одан қорытынды шығаруды әдетке айналдыру және тәжірбиелік әрекетті тану барысында алынған және жинақталған білімді қолдана білу қабілетін жетілдіру. Ақппараттық технологияны тікелей оқу үрдісіне қолдану мүмкіндіктері интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар тәрізді интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі зор.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудін әр түрлі аспектірлерін дамытуға болады. Олар:

-ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері;

-оқытудың мотивация аспектілері;

-оқытудың коммуникация аспектілер;                                                                                                                                                     ь                      

-оқытудың танымдық аспектілері.

Атап көрсетілген аспектілер негізінде ақпараттық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпараттық коммуникативтік қызмет төмендегі сызбада бейнеленген.

Ақпараттық                                     педагогикалық коммуникациялық

кеңістік                                               іс-әрекет өрісі кеңістік


 

ақпараттық                               компьютермен жұмыс                  қарым-қатынас

         ресурстар     құралдары

 



оқушы

Мәселен, «Қазақ халқының қолөнерін» түсіндіргенде, компьютерлік бағдарлама арқылы  тақырыптың теориялық материалдары өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалар беріледі. Бұл бағдарламадағы тақырыптың ерекшелігі сол, сынып оқушыларының әрқайсысына жеке, жұппен, ұжыммен, топпен нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы.

Мысалы, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары бойынша оқушылардын флипчартта жұмыс істеу тиімділігін былай көрсетуге болады:

«Кубизм» стратегиясы Алты топқа бөлінеді.

Суреттеңіз – Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады

Ойыңызбен байланыстырыңыз – Қолөнердің қандай түрлері бар

Салыстырыңыз –Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналасыды

Зерттеңіз – Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды

Қолданыңыз – Қару-жарақ, ер-тұрман жасаумен шұғылданатын адам кім.

Талқылаңыз не қарсы шығыңыз – Зергер деген кім

Сөздікпен жұмыс: «Қазақтың халық қолөнерінің дамыған түрі-зергерлік өнер» (шағын ғылыми еңбек)

Қоржын, гобелен, сырмақ-ісмері

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

  • оқу материалын терең түсінуге;

-   оқу мотивациясының артыруына; /

  • алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;
  • білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т.б.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдірудің моделі.

Оқыту мақсаты: оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыру

Оқыту мазмұны: ғылыми білімдер, тәжірибелік дағдылар жүйесі.

Оқыту құралдары (мультнмедиялық, оқу құралдары): электрондық оқу материалдары (мәтіндік, графиктік, анимациялық, дыбыстық, бейнелік). Инструментальдық бағдарламалар. Тексеру, бақылау бағдарламалары.

Оқыту формалары: дәріс, тәжірибе, тапсырмалар, практикалық жаттығулар, нәтиже.

Оқыту әдістері: түсіндірмелі - иллюстративті (ақпаратты-рецевтивтік). Бағдарламалап оқыту (оқу материалын бөлшектеп ұсьшу). Проблемалық оқыту: бастапқы, продуктивті (эвристикалық), шығармашылық..

Нәтиже: өмірде өзіне қоғамға пайдалы, қажетті білімі, ебедейлігі, дағдысы (компетентлік) қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру.

Бұндай жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етіп, оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

-оқу үрдісінде ақппараттық  технологияларды іске асырудың  жүйелі ғылыми әдістемелік жолын  анықтау;

  • оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
  • мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби бөліктерін жетілдіру;
  • оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету.

Қоғам мүшелерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке енуінің негізі болып табылады. Қоғам мен өндірістің қазіргі дамуын ақпараттық-комуникативтік технолоғияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан әрбір білімді адам компьтерді меңгеруі тиіс.

Ақпараттық мәдениет негіздері мектептен бастау алатыны сөзсіз, алайда бұл негіздер тек информатика сабақтарында ғана қалыптасады деп ойлау қисынсыз.

Қазіргі кезде ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білудің оқыту әдісіне, түріне, мазмұнына ықпалы айқын, сондықтан ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қазақ тілі сабақтарында қолдану тиімді. Қазақ тілі сабақтарында АКТ құралдарын пайдаланудағы басты мақсат - мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңалықтарды қолданудағы ізденісі (бұл ізденістердің түпкі мақсаты шәкірттердің қазақ тіліне деген зейінін аударып, ынталандыру) мен сабақты техникалық құралдармен жабдықтау. Ал оқушылар жаңалықтарды қабылдауға, заман ағымына қарай икемделуге дайын. Компьютер мен телекоммуникация жабдықтары білім алумен қатар, ойын ойнау, демалу, саналы сауығу үшін қажетті де қалыпты жағдайға айналып отыр.

Қазіргі мұғалімнің ақпаратты іздеу, саралау, сақтау, жинақтау, жүйелеу, өңдеу жұмыстарын қамтамасыз ететін бағдарламалық, техникалық құрал-жабдықтар бар, сонымен қатар компьютерлік желілердің ақпараттық ресурстарында жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

АКТ құралдарын оқу үрдісінің барлық кезендерінде пайдалануға болады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау. Бағдарламалар мен оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, хрестоматиялар, интерактивтік жабдықтар және т.б. мұғалімнің ғана емес, оқушының да сабаққа дайындығы барысында пайдаланатын ақпарат көздері. Мультимедия мүмкіндіктері сабақтарды тартымды, мазмұнды, есте сақтауға жеңіл болуына ықпал етеді.

Мұғалім қазіргі заманда маңызды біліктіліктің бірі болып саналатын әр түрлі ақпарат түрлерін пайдалану үшін оқыту құралы мен оқушы арасындағы кері байланысты шұғыл қамтамасыз етуге бағытталған мектеп оқушыларын дифференциалды оқытуды көздейді.

Мұғалім (білім беруші) мен оқушы (білім алушы) арасындағы оқу қарым-қатынасын

ұйымдастыру моделі де өзгереді. Ақпараттандыру жағдайында мынадай болады:  -

- сыныптық сабақ моделі

- топтық жобалау моделі 

- жеке қызмет моделі

Белгілі бір тілде сөйлеуге үйрену үшін сөздік қор болуы шарт. Орыс мектебінде оқитын оқушыларға қазақ тілін үйретуде лексикалық материалды меңгертудің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі екіншіден, оны оқушының үйреншікті сөздік қорына енгізу үшін қолданылатын жұмые түрлерінің ерекшеліктері.

Мектеп бағдарламасы бойынша әр сыныпта меңгерілуі тиіс сөз мөлшері белгіленген Ол сөздер есім сөз, етістік немесе басқа да сөз таптарынан болуы мүмкін. Осылардың ішінде етістік оқушылардың ұғымы үшін күрделі, қиын тарау екенін бәріміз де білеміз. Етістік 7-сыныптан бастап егжей-тегжейлі сөз болатындықтан, оқушыларға тиісті деңгейде меңгерту мақсатында «Етістікке байланысты сөздік», «Етістіктің райлары», «Етістіктің шақтары», «Есімше», «Көсемше», «Етіс» тақырыптары бойьшша интерактивті тақтаны пайдалана отырып сабақтар ұйымдастырылды.

Интерактивті тақтаны қолдану кең мүмкіндіктерге жол ашады. Проблемалық. иллюстративті-түсіндіру, ізденіс оқыту әдістері сәтті іске асырылады. Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарымызды паш ету, насихаттау. Егер ұлттық құндылықтарымызды мазмұнды әрі тартымды етіп орыс мектебінде оқитын оқушыларға жеткізе алсақ,  оқушылардың оқу материалын қабылдау белсенділігі артады, пәнге деген қызығушылығы байқалады, сабақтың тартымды сәттері берілген материалды толық меңгеріп, ол жөнінде түсініктері артады. Құрастырған материалдарды өзгерту, қайталап қолдану, сақтау мүмкіндігі мүғалімнің жұмысындағы таптырмайтын көмек.

Эксперимент жасайтын педагог тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі кезде жаңа акпараттық технологияларды қолдану оқушыларға педагогикалық тұрғыдан ықпал ететін кұралдарды түрлендіріп пайдалануға мүмкіндік беретінін көруге болады.

Интерактивті құралдардың мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Интерактивті тақтадағы түрлі-түсті, айқын, нақты сызбалар арқылы берілген тапсырымалар оқушылардың зейінін белсендіреді.
  • Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру болса, интерактивті тақтаның көмегімен іске асыру қолайлы.
  • Сабақта тестілеу жүйесі бойынша тест алу мүмкіндігін колдануға болады.
  • ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
  • Сабақтың өнімділігі артады.
  • Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Қызмет түрінің неғұрлым ұтымды түрлерін іздену барысында білім беру жүйесін модернизациялауды талап ететін қазіргі қоғамда болып жатқан белсенді өзгерістер әсерінен мұғалім педагогикалық технологияларға немесе олардың жекелеген элементтеріне жүгінеді.

       Қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талап ерекше, талапты да талантты ұстаздар әрқашан ізденіп, тың идеялар табуға оны қолдануға құштар-ақ, сондықтан педагогикалық технологиялар ішіндегі ең тиімділерін анықтап алған жөн. Жаңа педагогикалық технологиялар арасында сабақтың мақсатына дәлдікпен жауап береді деп мына бағыттарды атауға болады:     

- ьнтымақтастықта оқыту;     

- жобалау әдісі;     

- оқытудағы жеке және дифференцалды бағыт;     

- ақпараттық- коммуникативтік технологиялар.       

Аталған технологиялар оқушылардың зерттеушілік, талдау, жүйелеу қабілеттерін дамытып, жеке немесе топтық жобалау қызметінде алған білімдерін қолдануға, сондай-ақ қарым-қатынас мәдениеті, бірлесіп атқарған қызметте әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау дағдыларын қалыптастырады. Осының бәрі өмірде кездесетін жағымсыз жағдайларды жеңе білу дағдылары мен жетістікке жету үшін қажетті факторлар.      

Білім беру технологиялары оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама материалдарын меңгеру және оларды жеткізу түрлерінің әр түрлі формаларын қарастырады. Білім беру, дамыту және тәрбие потенциалын қамтиды.       

Жаңа технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті азаматтарды дайындау барысында мектеп алдында тұрған қазіргі талаптарға жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру технологиялары, оның ішінде ақпаратты-информациялық технологиялар мектеп оқушыларының болашақта өмірге бейімделу негіздерін қалыптастыруы сөзсіз. ,

 

Әдебиеттер тізімі:

    • ҚР Президенті Н. Ђ.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
    • ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік багдарламасы.
    • ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 2008ж.
    • А.К.Колеченко, Педагогикалық технологиялар энциклопедиясы.
    • Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995
    • Бөрібаев Б, Балапанова Е. Жаңа ақпараттық технологиялар – Алматы, 2001.
    • Қазақ тілі «Учебник для 7 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения» Аматы 2007
    • С. И. Заир-Бек, И. В. Муштавинская. Развитие критического мышления на уроке: Пособие для учителя /М.: Просвещение, 2004
    • Гиркин И. В. Новые подходы к организации учебного процесса с использованием современных компьютерных технроргий. //Информационные технологии.-1998.-№6.

 

 


Информация о работе Қазақ тілі сабағында ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі