Құзырлылықтың педагогикалық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 20:35, реферат

Краткое описание

Құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі орны әдіснамалық зерттеулерді басқару, тұлға, мәдениет, қызмет, даму, әлеуметтік орта технологиялары негізінде ашылатындығын көрсетеді. Яғни, басқару теориясының негізінде –құқық, билік; тұлға теориясының негізінде-жеке тұлғалардың кіріктірілген сипаттамасы; мәдениет- жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті; әлеуметтік орта теориясы –сырт талаптарына сай болу дәрежесі; қызмет теориясы- білім мен ситуация арасындағы байланысты қалыптастыру қабілеті; даму теориясы- өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі құзырлылық бірлігі (матрицасы) болып табылады құзырлылық ұғымын зерттеу бағдары.

Вложенные файлы: 1 файл

пед құз.docx

— 37.02 Кб (Скачать файл)

Қорыта келіп, оқытудың сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді компетенттік тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан ,білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық, іс әрекет тәсілдері, эмоционалдық, құндылық қатынастар тәжірибесінде негізделген түйінді компетенттіліктерді ажыратып алу қажеттілігі туады.

Мұғалімнің құзырлылығын анықтау  үшін иллюстративті- клиникалық анализ әдісін (Д.Б.Эльконин мен Г.В.Драгунованың- клиникалық зерттеу әдісін ) қодану тиімді.  Ол мұғалімнің кәсіби құзырлылығын толық ашып көрсетеді.

 

Мұғалімнің кәсіби қызметінің көрсеткіштері

Бірінші деңгей –қажетті, бірақ жеткіліксіз

Екінші деңгей – қажетті, жеткілікті

Үшінші деңгей-аса жеткілікті

1

Пән бойынша білімі

Бағдарламаға сәйкес пәннің оқу  материалын меңгереді, бірақ пәнді  оқытуда және білімдерін тексеруде  қателіктер жібереді (0-1 ұпай)

Оқу бағдарламасына сәйкес білімі жеткілікті, арнайы әдістемелік оқулықтарды  көп оқып, зерттеген (2-3 ұпай)

Өз пәнін терең меңгерген, арнайы әдістемелік оқулықтарды көп  пайдаланады (4-5 ұпай)

2

Оқытудың психологиялық-педагогикалық  негізі бойынша білімі

Психологиялық-педагогикалық тұжырымдама  туралы жалпы түсінігі бар (0-1 ұпай)

Психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаға  сүйенеді (2-3 ұпай)

Психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаға  сүйене отырып, өз қызметінде пайдаланады (4-5 ұпай)

3

Оқушылармен жеткізетін диагностикалық жұмыстарының түрлерін меңгеруі

Өз жұмыстарына өзгерістер енгізеді, диагностика нәтижелерін ескереді (0-1 ұпай)

Өз жұмысында диагностикалауды жүргізеді (2-3 ұпай)

Диагностикалаудың түрлі әдістерін  меңгереді, оның жүргізу технологисян біледі және өзі диагностикалаудың  әдістемесін жасайды.(4-5 ұпай)

4

Оқу үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізу

Іс жүзінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізбейді, тек үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақ  өткізеді (0-1 ұпай)

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді (2-3 ұпай)

Оқушылармен жүйелі түрде жеке жұмыс  жүргізеді, оқушыларға дифференциалды түрде тапсырмалар береді, үлгерімі жақсы және төмен оқушылармен  (4-5 ұпай)

5

Алдына мақсат қою білуі

Алдына нақты мақсат қоя алмайды (0-1 ұпай)

Алдына жалпы мақсат қояды (2-3 ұпай)

Алдына нақты мақсат қояды (4-5 ұпай)

6

Жұмысын жоспарлауы

Оқу бағдарламасына сәйкес жұмысты  жоспарлайды (0-1 ұпай)

Бұрыңғы нәтижелерін ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес жұмфсфн  жоспарлайды және алдын ала болжайды (2-3 ұпай)

Жұмысын нәтижеге бағыттай отырып, жүйелі түрде жоспарлайды (4-5 ұпай)

7

Жұмысын шығармашылықпен жүргізуі

Оқу бағдарламасын талаптарына  сәйкес оқытады (0-1 ұпай)

Оқу бағдарламасының бөлімдеріне  жаңалықтар енгізуі (2-3 ұпай)

Авторлық бағдарлама жасайды, оны  өз жұмысында байқау өткізеді (4-5 ұпай)

8

Кәсіби деңгейін арттыруда 

Пәннің педагогикалық- психологиялық  теориясын меңгереді (0-1 ұпай)

Өз шеберлігін арттыру үшін түрлі  курстік дайындықтан өтеді (2-3 ұпай)

Эксперименталдық және зерттеу  жұмыстарымен  айналысады (4-5 ұпай)

9

Өз білімн жетілдіру қажеттілігі (даму көрсеткіші)

Даму көрсеткіші төмен

Даму көрсеткіші орташа

Даму көрсеткіші жоғары

10

Жоғары ұпай

     

 

Мұғалімнің педагогикалық құзырлылығын анықтау үшін пәндік рейтинг 

  1. Әдістемелік деңгейін анықтау.
  2. Жеке интеллектуалдық деңгейін анықтау.
  3. Қатысымдық деңгейін анықтау.
  4. Оқу- ұйымдастыру деңгейін анықтау. 

 

 


Информация о работе Құзырлылықтың педагогикалық