Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 15:28, реферат
Формирование социальной компетентности молодого поколения должна стать специализированной и профессионализируемой деятельностью, потому, что, стихийная социализация уже не обеспечивает необходимые параметры, нужные для самосохранения и воспроизводства общества.
Системно-целостный подход, используемый в исследовании, объединяет все звенья образования, социального компетентного становления личности в единую «цепь». Это способствует максимальному стимулированию активного состояния всех основных структурных компонентов личности в их взаимодополнении и сочетании.
Әлеуметтік тапсырыс –
бұл қоғамның мүдделері мен
Әлеуметтік сұраныс қазіргі заман жағдайында оқушыларға мынадай: творчестволық рухани әлеуетін дамыту; жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтар түсінігін тереңдету; әлеуметтік дамудың табиғи-ғылыми, техникалық және гуманистік аспектілерінің тұтастығын сезіну; ғылыми дүние танымын қалыптастыру талабын қойып отыр. Нәтижесінде оқушы тұлғасы келесі әлеуметтік маңызы бар параметрлерді, яғни өзін-өзі бағалау мен рефлексияға, қарым-қатынас қабілеттілігі, шыдамдылық, мейірімділік, адамгершілік көрсету; өзін-өзі реттеуші; әлемге және сол әлемдегі өзін шынайы қабылдау; мақсатқа талпынушылық; қалыптасқан дүние танымы мен құндылықтар жүйесін бойына сіңіреді.
Жоғарыдағы айтылған құзырлықтардың жоғары сынып оқушыларының әлеуметтену үрдісінде алатын орны ерекше. Ғылыми әдебиеттерге сараптама жасау барысында, жеке адам әлеуметтік тұлға ретінде қарастырылады, яғни ол өз елінің өркендеп дамуына іскерлікпен, саналылықпен қарайтын, білімді, мәдениетті, әлеуметтік құзырлы азамат. Әлеуметтік тұлғаның қалыптасу үрдісі оның қоғамдағы тұлғалық сана-сезімінің болмысына байланысты. Бұл үрдіс білім мен өзін-өзі тәрбиелеу, алдына мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру, өз қадірін сезіну, қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда жүзеге асады.
Жеке тұлға туралы Г.К. Селевко өз ойын былай көрсетеді: «Жеке адам филологиялық және психологиялық мазмұн жиынтығын (шартты түрде) иемденеді. Арнайы әлеуметтік және тұрмыстық ортада өмір сүріп, қоршаған орта және адамдармен өзара әрекеттесе отырып, қоғамдық өндіріске қатыса келе адам өзіне әр түрлі сапа мен қасиеттердің күрделі өзіндік басқару жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе жеке тұлға деп аталады» [7].
Демек, тұлғаның әлеуметтенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс жағдайындағы мінез-құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының мәдениетін қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан тұрады. Сондықтан, сыртқы орта – жоғары сынып оқушысының әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор.
1878 жылы американдық
«Педагогика» терминологиялық қазақша түсіндірме сөздігінде «қалыптасу – жеке тұлғаның, оның нақты шынайылықпен ықпалдасуы барысында өзгеру процесі, физикалық және әлеуметтік-психологиялық жаңашылдықтың жеке тұлға құрылымында пайда болуы. Тұқымқуалаушылықтың, ортаның, тәрбиелеудің және жеке тұлғаның өзінің белсенділігі, объективті ықпалының нәтижесінде адамның қалыптасу үрдісі» деп көрсетілген. Сыртқы орта – оқушының әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Әлеуметтік қатынастар арқылы оқушының табиғи құрылымы әлеуметтену жолынан өтіп, қоғамдағы индивидуалды әрекет иесіне айналады. Жеке адамның нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, шамаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу үрдісі жүзеге асады.
Әлеуметтену – жеке адамның әлеуметтік тәжірибені белсенді меңгеру үрдісі және нәтижесі. Адамның түрлі әлеуметтік қоғамдарға, әлеуметтік қатынастық жүйелерге бірігуі, өзінің тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін мәдениетті, әлеуметтік шамалар мен бағалылықтарды меңгеруі.
Әлеуметтендіру (лат. sosialis –
қоғамдық) – қоғам мәдениетін шығару
мен меңгеру барысындағы тұтас
өмір кезеңіндегі адамның дамуы
мен өзін-өзі жетілдіруі. Әлеуметтендіру
термині жердің, өндіріс жабдықтарының
қоғамға ортақтануын білдіретін
саяси экономика саласынан
Педагогика ғылымының
«әлеуметтену» ұғымы аясындағы
міндеттері алуан түрлі әлеуметтендіруші
әсерлерді (ұйымдастырылған және өздігінен
орын алған) анықтау мен негіздеуді
және оларды мақсатты түрдегі педагогикалық
ықпалға айналдыруды көздейді. Бұл
жағдайда жас ұрпақты мақсатты түрде
әлеуметтендірудің негізгі
Американың белгілі социологі әрі психологі Джордж Герберт Мид (1863-1931) әлеуметтендірудің рөлдік тұжырымдамасын жақтайды. Ол өзінің «әлеуметтік бихевиоризм» деп аталған теориясында адамды белсенді әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл белсенділік тұлғаның ерекше ішкі психологиялық жүйесінен туындайды.
Әлеуметтену барысында бала әлеуметтік рөлдердің атқарушысы болу үшін оларды бойына «өлшеп көріп», жай ғана игеріп қоймай, нақты әлеуметтік жағдаятты интерпретациялайды, себебі, ол өзгенің рөлін ала отырып, өзіне деген жаңа қарым-қатынас пен көзқарасқа ие болады. Осылайша, әлеуметтенуші бала өзіне қоғамның берген рөлдерін қабылдап, оларды өзі меңгереді.
XX ғасырдың 70-жылдарының
соңы мен 80-жылдарының
Бұл бағыттың теоретиктері
тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке
саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын
қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға
ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды.
Әлеуметтенудің сыншылдық тұжырымдамасын
жақтаушылар теориялық
Карл Роджерс өз еңбектерінде
«әлеуметтендіру – тіпті де баладан
жасанды түрде тұлға «
У. Бронфенбреннер өз еңбектерінде әлеуметтенуді орта мен өмір жағдайларының әлеуметтік ықпалдарының жиынтығы ретінде бірден төрт деңгейде қарастырады:
Ғалымның айтуынша, тұлға
әлеуметтену үрдісінде
Қорыта айтқанда, әлеуметтену дегеніміз – адам дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтитын және оның әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз үрдіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда аталмыш үрдіс бала дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтиды және оның әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап береді. Егер адам балалық шағында әлеуметтік нормалармен қаруланған болса, есейген шағында оның сана-сезімі жоғарылап, тұлға болуға деген қажеттілігі дамиды. Ал жасөспірім шақта өзінің қажеттіліктері мен қоғамдық даму талаптарына жауап беретін тұлғаға тән қасиеттері қалыптаса бастайды.
Тәрбиелеудің түрлі
Информация о работе Құзырлық» ұғымының білім жүйесіндегі алатын орны мен ролі