Ұлттық экономикадағы жаһандану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 19:16, реферат

Краткое описание

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global— әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.

Содержание

КІРІСПЕ
І) Әлемдік жаһандану
1.1. Жаһандану түрлері
1.2.ЖаҺандану баламалары
1.3. Жаһандық демократия
1.4. Жаһандық ақпараттық кеңістік
1.5. Жаһандық теңсіздік
1.6. Жаһандануға қарсы қозғалыс («жаңа антикапитализм»)
1.7. Жаһандану үлгілері
ІІ) Ұлттық экономикадағы жаһандану
2.1)Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы
2.2) Кедейшілік проблемасын шешу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Жаһандану реферат.doc

— 118.50 Кб (Скачать файл)

Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, СПИД, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, «жасыл төңкеріспен», үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.

1.5.Жаһандануға қарсы қозғалыс («жаңа антикапитализм»)

Жаһандану саясатына трансүлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация түжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дүшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары — П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері — Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, түтынушылар қүқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамдық үйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін Интернет арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:

  1. «Destroy IMF» — Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым;
  2. «Friends of the Earth» — желілік экологиялық қауымдастық;
  3. «Transnational» — Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;
  4. «Peoples Global Action» — Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;
  5. «Inpeg» — әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.

1.6.Жаһандану үлгілері

Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансүлттық корпораңиялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Ұлттық экономикадағы жаһандану.

2.1.Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

Инновациялық экономиканы қалыптастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қабылдауда. Алайда, мойындау керек, инновация біздің экономикамыз үшін нөмірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап еткен деңгейге көтеріле қойған жоқ.  Ал шын мәнінде елдің технологиялық инновацияларға қабілеті осы заманғы қоғамның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетингпен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұтынумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.           

 Белсенді қалыпта болатын  инновацияларға ұлттық қабілеттілікті қалыптастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлттық басымдық ретінде қарастыратын идеялар мен құндылықтарды жете ұғынуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көптеген факторлар мен қоғамдық институттарға тәуелді инновациялардың табиғатын тек қана мамандар тобы емес, тұтастай алғанда қоғам да терең сезінуі керек. Инновациялық проблемалар ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалогтың тақырыбы болуы тиіс. Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артуы керек.

Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұлғалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты инженерлік қызмет те.            

 Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда  инновациялық үлгіні бағдар ету  Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда – 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та – 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидаттарының өзгеруі жағдайында экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:

- мемлекеттің мемлекеттік даму институттары арқылы жүргізетін инвестициялық қызметі;

- отандық бизнестің мүдделерін ілгері бастыру, озық технологияларға қол жеткізу және ұлттық экономиканы теңдестіру мақсатымен қазақстандық капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;

- аса маңызды компаниялардың капиталдандырылуын ұлғайту және оларды дамудың жаңа деңгейіне шығарудың арқасында мемлекеттік капиталдың қазақстандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.           

 Холдинг үлгісіндегі ірі  мемлекеттік құрылымдар құру  мемлекеттің кәсіпкерлік саясатын жүзеге асырудың бір мысалы бола алады. Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуының ағымдағы кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларда әлдебір “қамқоршы” құрылымдар құруға айтарлықтай алғышарттар бар. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі – елде технологиялық жаңғырту мақсатында пайдалануға болатын елеулі қаржы ресурстары бар (зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының және басқалардың қаржысы). Алайда олар қолданыстағы нормативтік шектеулер жағдайында бұл үдеріске тікелей қатыса алмайды, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты фирмаларды тікелей қаржыландыруына болмайды. Заңнама еліміздің қаржы институттарының инвестиция салу бағыттарын сенімділік пен өтімділік өлшемдеріне сай келетін белгілі бір құралдардың шағын тобымен орынды шектеп отыр.           

 Нақ осы жағдай, отандық қаржы жүйесінде “артық өтімділік” болып отырған кезде нақты сектор үшін, соның ішінде оның әсіресе технологиялық бөлігінде қаржы тапшылығы орын алуы қаржы институттарының қаражаты мен оларды тұтынушылар арасында делдал бола алатын технологиялық компаниялар ыңғайында мемлекеттің қатысуымен ірі компаниялар құрған жөн екендігін көрсетеді. Капиталдандырылуы жоғары мұндай құрылымдар несие ресурстарын “көтерме” қарыз алушылар немесе сенімді және өтімді бағалы қағаздар эмитенті ретінде әрекет етіп, қаржыны шоғырландырып және оны “аздаған маржамен” республика экономикасының технологиялық дамуы өлшемдеріне жауап беретін кәсіпорындар мен фирмалардың қажетіне қарай қайта бөле алар еді. Сонда жоғары технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыру, осы мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметі есебінен бюджетті толықтыру сияқты функцияларды іске асыру мүмкін болады, сондай-ақ қазір инвестициялық қызметте пайдалы бағыттардың жетімсіздігін өткір сезініп отырған институттық инвесторлардың қаржы ресурстарын жоғары тиімділікпен орналастыру міндетін де шешуге болады.            

 Қор рыногын (бағалы қағаздар  рыногын) дамыту. Нарықтық сипаттағы  қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компоненттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысын ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі міндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:

1) жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;

2) ұлттық және мемлекеттік компанияларды акционерлендіру және олардың акцияларын биржалық айналысқа шығару. Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық қоры мөлшерін алдымен олардың активтерінің құнын және рыноктағы жағдайын тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек;

3) еліміздегі орта және шағын  компаниялардың қор рыногына шығуын ынталандыратын жағдайлар жасау.           

 Қазақстандық эмитенттердің  акцияларына төлем қабілетті сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек: а) институттық инвесторлар топтарын, ең бірінше кезекте – өзара қорлар қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту; б) қор рыногына жеке инвесторлардың қаржысын тарту.           

 Қазақстандық трансұлттық компанияларды қалыптастыру. Әлемдік ірі компаниялар арасындағы бәсекелестік аса жоғары деңгейімен сипатталатын жаһандану жағдайында Қазақстанда осындай бәсекеге төтеп бере алатын өз компанияларымызды құру мәселесі зор маңызға ие болады. Өз ірі компанияларына арқа сүйеу дамушы елдердің ұлттық экономикаларында дамыған елдердің трансұлттық компаниялары жетекші позицияларда болатын “жаһандану әлеміне” тән жағдайға балама болып табылады. Қазіргі уақыттағы басты міндет республикада шетелдік компаниялардың үстем болуына жол бермеу, ал олар елдің шикізаттық бағдарына және қосылған құн өндірісінің төмен деңгейде сақталуына мүдделі екендігі белгілі. Мұндай жағдай Қазақстан мен жаһандық экономиканың тең емес тауар айналымына алғышарт жасайды, ол ақыр соңында тұрақты дамуға шығуға мүмкіндік бермейді. Өйткені шикізат экспорты неғұрлым көбірек рөл атқарған сайын, республика экономикасы әлемдік тауар рыноктарының конъюнктурасына солғұрлым тәуелді болады. Демек, Қазақстан үшін қазіргі кезеңдегі ең басты міндет – қуатты отандық компанияларды қалыптастыру мен дамыту, олардың негізгі салаларда бірте-бірте шетелдік операторларды ығыстырып шығаруы, одан әрі әлемдік деңгейге көтерілуі және басқа елдерге ұлттық капиталдың экспансиясы болып табылады. Айта кету керек, жаһандық экономика жағдайында тиімді және жедел дамуға ірі мегакорпорацияларға арқа сүйегенде ғана қол жетуі мүмкін, 60-шы жылдардағы Жапония (дзайбацу, согосося) немесе 80-ші жылдардағы Оңтүстік Корея (чеболдар) сияқты неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер де, қазіргі кезде рыноктың өз сегменттерінде үстемдікке ие болу мақсатымен онсыз да ірі компаниялардың бірігу үрдісі жүріп жатқан дамыған елдердің тәжірибесі де осыны қуаттайды.

Қазақстандық капиталдың экспансиясы. Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайында тиімді дамуы неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер мен дамыған елдер басшылыққа алған қағидаттарды, соның ішінде отандық капиталдың шетелге экспансиясын жүзеге асыруды да пайдалану негізінде мүмкін болмақ. Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайларда осы қағидаттарға сүйеніп, постиндустриялық тұрпаттағы экономика, әлемнің түрлі елдеріндегі анағұрлым табысты компанияларға қаржылай қатысуға негізделген экономика құруды бастауға мүмкіндіктері бар. Дамудың мұндай сипатын “инновациялық тұрпаттағы инвестор ел тұжырымдамасы” деп атауға болады. Бұл тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторына сүйенеді, бұл оның қазіргі нақты алғандағы жай-күйіне сай келеді. Осымен қатар белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел даму үшін базис қана болып табылады. Бұл дамуды тек дәстүрлі әртараптандыру жолымен ғана емес, шикізат салаларынан, шетелдерден алынған қаржыны тиімді және жоғары табысты инвестициялаудың жәрдемімен жүзеге асыру көзделеді. Мұндай инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесі, мейлі бүгінде қызмет істеп тұрған, немесе қызметі жаңғыртылған жаңалары болсын, іске асыруы керек. Яғни, қолайлы баға конъюнктурасынан алынған мемлекеттік қаржыны басқару, осы заманғы үлгідегі корпоративтік институттық инвесторлар қолданып жүргендей, бүкіл әлем бойынша және табысты әрі перспективалы болып табылатын салаларда аталған қағидаттар бойынша жүргізілуі керек. Мұндай көзқарас “жаһандану экономикасының” барлық негізгі сипаты мен артықшылықтарын ескереді – біріншіден, бизнес жүргізу және әлемнің кез келген еліне инвестиция салу мүмкіндігі; екіншіден, бұдан 20-30 жыл бұрын (экономиканы дамытудың дәстүрлі тұжырымдамалары талдап жасалған кездері) болмаған қазіргі заманғы жоғары дамыған қаржы рыноктарын пайдалану мүмкіндігі; және де, үшіншіден, әлемдік деңгейдегі қатаң бәсекелестік жағдайларына барабар жаһандық стратегиялық жоспарлаудың қажеттігі. Мыналар осындай капитал экспансиясының үш негізгі бағыты бола алады: бақылау орнату мақсатымен неғұрлым перспективалы компанияларға тікелей инвестициялар салу, ағымдағы кезеңде неғұрлым пайдалы фирмаларға олардың капиталына қатысу арқылы табыс алу мақсатымен портфельді инвестициялау, және ақыр соңында, тұрақты табыс алу мақсатымен дүние жүзінің қаржы рыноктарындағы операциялар.

2.2. Кедейшілік проблемасын шешу           

 Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.            

Информация о работе Ұлттық экономикадағы жаһандану