Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 20:36, курсовая работа
Зерттеу мақсаты: Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін және қоғамдағы маңызын теориялық тұрғыда зерттей отырып, мұғалім кәсібінің әлеуметтік мәртебесін тәжірибе жүзінде анықтай отырып, оны арттырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі мен маңызын анықтау;
2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің мәнін ашу.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін айқындау.
4. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жүргізу;
Кіріспе ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы..................5
1.2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері .................................................10
1.3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері...........13
ІІ ТАРАУ. ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ
2.1. Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны ...................................................................................15
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары..........................24
Қорытынды.....................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30
3. Мұғалім болғым келмейді:
Қорытынды. Оқушылардың жауаптарын талдағанда: олардың қаланың, мектеп-гимназияның оқушылары екендігі жауаптарынан байқалды. Қате көп емес. Пікір жан-жақтылығы байқалады. Әрине, оқушылар педагог мәртебесі туралы арнайы мәселе көтеріліп жатқандығынан бейхабар. Сонда да өздерінің мұғалім мәртебесі туралы сұрақты түсінгендігін білдіруге тырысқан.
Студенттер пікірі. ЕАГИ колледжіне оқуға түскен 1 курс студенттеріне лайықтап, 97 студентке сауалнама ұсындым.
Студенттерге арналған сауалнама
қатысқаны – 97 студент
1. |
Педагогикалық оқу орнына түсу себебім... | ||
а |
кішкентайымнан армандадым |
24 |
22% |
b |
кейіннен ұнады |
53 |
49% |
c |
кездейсоқ келдім |
30 |
28% |
2 |
Педагогикалық оқу орнын бітірген соң... | ||
а |
мамандығыммен жұмыс істеймін |
77 |
72% |
b |
уақыт көрсетеді |
20 |
18% |
c |
ешқашан мұғалім болмаймын |
9 |
8% |
3 |
Қоғамда мұғалімдер жайлы пікір қандай? | ||
а |
әйел адамға мұғалім болған тиімді |
88 |
82% |
b |
уақтылы айлығын алатын адам |
7 |
6% |
c |
басшылықтың қолшоқпары |
12 |
11% |
4. |
Мұғалімнің мәртебесі: | ||
а |
жоғары |
90 |
84% |
b |
төмен |
4 |
3% |
c |
айтуға қиналамын |
13 |
12% |
5. |
Мұғалім мәртебесін төмендететін: | ||
а |
білімнің дұрыс бағаланбауы |
73 |
68% |
b |
жалақысының аз болуы |
22 |
20% |
c |
білім беру жүйесіндегі өзгерістер |
13 |
12% |
6. |
Мұғалім мәртебесінің көтерілуі: | ||
а |
арнайы заңмен қарастыру |
32 |
29% |
b |
жалақысының өсуі |
15 |
14% |
c |
жан-жақты жағдайдың жасалуы |
55 |
51% |
«Қосымша өз пікірім...» деген тапсырма-сауалға студенттер көбінесе мұғалім мәртебесінің көтерілуі деген сұрақты өз ойларымен тереңірек ашып қарастыруға тырысқан. Көбісі белгілемей-ақ (сондықтан, 6-сұрақтың пайыз саны нақты шықпай тұр) толығырақ жазуға тырысқан. Әйтсе де орта мектептердегі өздеріне етене таныс мұғалімнің өмірі мен әрекеті әлеуметтік бейнесіне баға беріп, өздерінше пайымдаулар жасауға тырысқан.
Жазылған пікірлердің ішінен сауалнамада айтылмаған ойларды іріктеп, қайталанғандарға тоқталмағанның өзінде, жинақталған пікірлер төмендегіше сарапталды. Студенттер өздері оқып жүрген мұғалім мамандығының мәртебесі туралы жеке пікірлерін 4 тақырып аясында тоғыстырған.
1. Мәртебе көтеру – мұғалімнің өз қолында:
2. Мәртебе көтеру
үшін мұғалім мамандығына
3. Осы мамандыққа оқып жүрсем де мұғалім болғым келмейді, себебі:
4. Мәртебелі боларлық мамандар даярлауда ескерілуі қажет:
Қосымша өз
Мұғалімдер не дейді?
Бүгінгі қоғамдағы педагог мәртебесі туралы мұғалімдер не дейді? Бұл көптің көкейінде отырған сауал. Бірақ, біздің мұғалімдеріміздің көпшілігі жауап беруден бас тартты. Уақыттарының жоқтығын, асығыс екендігін айтып жауап бере алмағандары да, бұл сұрақтарға дайындалудың қажеттігін айтқандары да болды.
Сондықтан, «қазіргі қоғамдағы мұғалім мәртебесі» туралы және арнайы бағдарламаға сай педагог мамандығының беделін көтеру мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстардан қаншалықты хабардар екендігін аңғартатын пікірлер қағазға түсірілді.
Мұғалімдердің пікірі:
Б. Мұғалім мәртебесі дегенде ең бірінші әлеуметтік-материалдық жағдайымызды, проблемаларымызды ойлаймыз. Пайыздық үстемемен жалақымызға қосылып жатқаны рас, соңғы 2-3 жылдың көлемінде денсаулықты сақтау мақсатында да жылына бір рет төлем жасалынып жүр. Мұның бәрі көзге көрініп жатқан жоқ. Неге? Айтсаң, мұғалімдер тойымсыз деп ойлайтын шығар... Бірақ, жалақы 30%-ға көтеріледі екен дегеннен бұрын, тұтынуға қажетті бұйымдар мен азық-түлігіміз 50-60%-ға қымбаттап кетеді. Мұғалімдер жалақысын жинап үй алыпты, машина алыпты дегенге сену қиын. Бір айлықты екіншісіне жеткізе алмай жүреміз. Әр мұғалімнің басында бірді-екілі кредиті бар десем қателеспейтін шығармын.
Мұғалім мәртебесін
көтеру мәселесі қарастырылып
жатыр дейді ғой. Оның жетістігін
де инфиляция арқылы сезіне
алмай қалмасақ болғаны...
Р. 25 жылға жуық жұмыс өтілім бар, жоғары категориялы мұғаліммін. Жаңа педагог мәртебесі туралы айтылған жаңалықтар мектепте қарастырылып жатқандығынан хабардармын. Жаңашыл, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, т.б. жетістіктеріме байланысты мектеп әкімшілігінің ұсынысымен 70%-дық үстеме жалақы төлену жөніндегі курсқа қатысу туралы өтініш жазып, қалалық департаментке құжат тапсырып, портфолио өткізілді. Бірақ, құжаттар іріктеледі екен де ретпен кезекке қойылады екен. Әр мектептен жылына 1 ғана педагог өтуі қажет дейді. Осы жерде түсініксіздік көп. Жіберілген ұсыныс пен сұранысқа қарамастан, фамилиям 30%-дық курстың тізімінде де жүр. Тағы да түсінбейтінім: бір мектептен 1 ғана педагог өтетін болса, 2015 жылға дейін кезек күтіп жүруіміз керек пе, нәтиже көрсету үшін педагогтар кезекке тұрып қана еңбек етіп жүрген жоқ қой. Нәтиже мен жетістіктерге жетуде кезексіз, есепсіз маңдай тер төгіледі. Ал, тәжірибелі педагогтардың өзі бағалануда кезекке тұратын болса, жастарда стимул бола ма?
Ж. Менің таң қалатыным: 100 пайыздық үстеме жалақы алу талаптарына қызықпайтын мұғалім жоқ. Бірақ, оның талаптарының біріншісі – ағылшын тілін білу. Мысалы, орта мектеп жағдайында сабақ беретін математика пәні мұғаліміне мұның қаншалықты қажеттілігін түсінбеймін.
Ж. Біздің қалада (Қызылордада) біздің пәннің мұғалімдері ешқашан толық ставкамен сағат алып көрген емес десем болады. Мысалы, өз басым әлі күнге 24 жылдан бері толық жүктемемен сабақ берген емеспін. Былтыр бейнелеу өнері мамандығын оқып диплом алдым. Соның өзінде екі пәннің мұғалімі болсам да толық жүктемеге қол жеткізе алмай келем.
Мұғалім мәртебесі
туралы айтатын болсам: мұғалімге
әлеуметтік жағдай жасау үшін
жалақыны көбейту керек
Пікірлерден жасалған тұжырым: Мектептің жауап берген, бермеген мұғалімдерінің көзқарастары мен пікірлерін саралай келе, түйетін ой педагог мәртебесі туралы көтеріліп жатқан проблеманы көптеген мұғалімдер біле бермейді. Білгендерінің өзі сенімсіздік танытады. Қай-қайсысын да сөзге тартсаң, мұғалім мәртебесі туралы ойды жалақы тақырыбы төңірегінен ғана қарайды. Демек, «сананы тұрмыс билеп» тұрғаны анық.
2.2. Педагог әлеуметтік мәртебесін арттырудың жолдары
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының бұрынғы нұсқаларында да педагог мәртебесі туралы қарастырылған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі» туралы арнайы қарастырған. Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту.
Бағдарламада проблемалар айтарлықтай көрсетілген:
Информация о работе Қоғамдағы мұғалімдер мәртебесін анықтауға арналған зерттеу жұмысының мазмұны