Құқықтың ұғымы, сипаттамасы және белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 01:06, реферат

Краткое описание

Құқық деп - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы дейміз немесе адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығын айтамыз.
Құқықтың сипаттамасы:
1. Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде қалыптастырады, әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

Вложенные файлы: 1 файл

Құқықтың ұғымы.docx

— 20.50 Кб (Скачать файл)

Құқық қатынастары  арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші-қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары  мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының  міндеттеріне сәйкес, тең келеді.

Субъектілердің  бостандығы тең болады.

Үшінші-субъектілер  өз еріктерімен, өз мүддемақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші-егер қатынаста нормативтік актінің  мазмұны бұзылса немесе субъектілер  өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер  түзетіліп, жауапкершіліктің түрі анықтауға  тиіс.

Құқықтық  қатынастардың түрлері:

1) қоғамдағы барлық қатынастар  және нормативтік актілер құқықтық  жүйе саласына сәйкес бірнеше  түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік,  азаматтық, қылмыстық тағы басқа;

2) құқықтық норманың атқаратын  ісіне қарай қатынастар екіге  бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды  реттеп, басқарып дамытып отырады.  Қорғаушы нормалар қарым-қатынастарды  дұрыс, заңға сәйкес орындалуын  қамтамасыз етеді;

3) құқықтық қатынастар мазмұнына  қарай екіге бөлінеді: жалпылық  және нақтылық. Жалпылық түрде  құқықтық қатынас мемлекет пен  жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды  себепте фактілер болғанда басталады.  Мысалы, сауда-сату шартты тағы  басқа;

4) құқықтық қатынастардың субъектілердің  жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік  түрде қатынастар туатын құқық  бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектіде  тек міндеттер болады: мысалы, жеке  меншіктің иесі, құқықтық қатынаста  болса, оның құқығын ешкім бұза  алмайды және ол меншік қатынастың  субъектілері нышан келтірмеуге  міндетті. Салыстырмалы түрдегі  қатынастардың субъектілердің құқығы  мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық  қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.

Құқық қатынастың субъектісі - жеке адам (ҚР азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар) және заңды тұлғалар. Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқық қабілеттілігі және әділет қабілеттілігі болу қажет. Құқық қабілеттілік дегеніміз - құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі. Құқықтық қабілеттілік адам туылған кезде пайда болады және ол қайтыс болғанда аяқталады. Әрекет қабілеттілік дегеніміз - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекет қабілеттіліктің басты шарты қамелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу (Мысалы, ҚК жалпы 16, ал ауыр қылмыстар үшін 14 жаста) болып табылады. Ал заңды тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттілігі әділет министірінде тіркелген кезде пайда болады.

Құқық қатынастың объектісі-табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік қарым-қатынастар. материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілерінің іс-әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері-құқық қатынастарының объектілері болады.

Субъективтік  құқық-құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін іс-әрекет жасайды. Мысалы, жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға меншікке ие болуға, үйленуге хақылы.

Заңды міндеттер-заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Осындай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші болады. Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге заңды міндеттер болады.


Информация о работе Құқықтың ұғымы, сипаттамасы және белгілері