12 жылдық білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 18:29, реферат

Краткое описание

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында — мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі,өзін — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген,психология,педагогиканы терең меңгерген – жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

12 жылдық білім беру мақсаты.docx

— 25.55 Кб (Скачать файл)

12 жылдық білім беру

Жаңа заман талабы 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1; 15]

2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.

Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады. [2; 48]

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.

12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. [3; 19]

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.

 

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

- қарқынды дамып келе жатқан  ортада өмір сүруге қабілетті;

- өзін-өзі дамытуға;

- өз ойын еркін айта білуге;

- өз қалауымен қоғам талабына  сай өзін көрсете білуге бейім;

- жоғары білімді шығармашыл  дамыған тұлғаны қалыптастыру. [4; 10]

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.

Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.

12 жылдық білім беру технологияларының  ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық  қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық  сипатқа ие, оның басты бағдары-білім  беру, жаңа дүниені ашу мен  іздену арқылы білімді іс жүзінде  қолдану; баланың жалпы және арнайы  қабілеттерін дамыту, білім біліктерді  игеру мүмкіндіктерімен оларды  қолдану жолдарын көрсетеді.

Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.

Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой — өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:

- Дифференциалдық қабылдау;

- Аналитикалық ойлау;

- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);

- Есте сақтау;

- Білімге қызығушылық;

- Ести отырып сөйлеу және түсіну,әр түрлі символдарды қолдана білуі;

- Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.

Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. [6; 13]

Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.

Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.

Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс — әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында — мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі,өзін — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.

Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген,психология,педагогиканы терең меңгерген – жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р. А. Бексұлтанова. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында // 12 жылдық білім.    А.,  2006,  № 1, 25 – 26,  38, 78 б.
  2. А. Б. Хайруллина.  Оқушының интеллектуалдық икемділігі //  12 жылдық білім.         А.,  2006,  № 3, 19 б.;
  3. З. Ж. Әділбекова.  12 жылдық білімге көшу //12 жылдық білім. А., 2006, № 4, 14 б.
  4. Ү.Б. Жексенбаева.  12 жылдық білім берудің құрылымдық – мазмұндық ерекшеліктері //12 жылдық білім. А., 2006, № 5,  3-6б.
  5. К. Ж. Аганина. Құзыреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру //12жылдық білім. А., 2006, № 5,  7 – 9 б.
  6. Л. Н. Хабарова. Кілтті құзыреттіліктер. //12жылдық білім. А., 2006, № 7, 45 б.
  7. Г. Ж. Наменова.12жылдық білім беру жүйесіне көшу //12жылдық білім. А., 2008,      № 12, 40 – 52 б.

 


Информация о работе 12 жылдық білім беру