Атқару органдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2015 в 12:24, реферат

Краткое описание

Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Өзектілігі
III.Негізгі бөлім
IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

кукыктан аткару органдар жуйеси.docx

— 42.98 Кб (Скачать файл)

 Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері:

1) универсалды әдістері немесе  негізгі: сендіру  мен мәжбүрлеу;

2) құқықтық әдістер — практикада  қолданғанда заңды салдарға әкеледі, оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;

3) құқықтық емес  (ұйымдық) — практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.

4) басқару ықпалының мазмұны бойынша:

а) моралдық — саяси  әдістер — бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау;

б) ұйымдық әдістер — үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;

в) әлеуметтік әдістер — бақылау, эксперимент жасау,  байқау, анкета жүргізу, интервью алу;

г) психологиялық әдістер — психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел;

д) әкімшілік әдістер — әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар

е) экономикалық әдіс — баға, несие, материалдық қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы;   

 Осы әдістердің барлығы бірін-бірі жоймайды, тек бір — бірін толықтырады және әрбір басқару  әдісі қандайда болмасын  басқару функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады.     

 Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады.     

Әкімшілік — құқықтық әдістер — бағынушылардың  басқаратындардың еркіне бағынуымен сипатталады, яғни «билік-бағыныштылық» оларда басқару қызметінің биліктік табиғатын өте айқын көрсетеді. Әкімшілік — құқықтық әдістерді пайдалану басқару субъектісінің басқарылатындарға тура ықпал  етеді.  Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал еткенде басқарылатындардың  (бағынатындардың) мүдделерін есепке алмау дегенді білдірмейді, керісіше ғылым  олардың мүдделерін ескере отырып пайдалануды ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше орын алады.      

Әкімшілік — құқықтық әдістердің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

1) көрсетілу нысаны бойынша:

а) әкімшілік -құқықтық — құқықтық нысандарда көрініс табатын;

б) әкімшілік — ұйымдық — басқару субъектісінің ұйымдастырушылық әрекетінде көрініс табады;

2) заңдық қасиеті бойынша:

а) нормативті — нұсқаулар, бұйрықтар, бағынушылардың қызметін реттейтін басқада актілер;

б) жеке — нақты орындаушыға берілетін өкімдер;

3) басқару субъектілерінің мінез-құлықтарына  ықпал ету  тәсілдері бойынша:

а) нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер;

б) нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер;

в) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын;

г) қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер;

4) бұйрықтың нысаны бойынша:

а) императивті;

б) тапсырушы;

г) ұсыныстар.      

Әкімшілік әдістердің мазмұны:

1) мемлекеттік басқару сферасында міндетті мінез-құлық ережелерін белгілеу;

2) нақты тапсырмаларды бекіту;

3) лауазымға тағайындау;

4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару;

5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу;

6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру;

7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың  заңды мүдделерін қанағаттандыру;

8) материалдық санкция қолдану;

9) стандарттаржы белгілеу;

10) тіркеу;

11) бақылау мен қадағалау;

12) материалдық және моралдық  мадақтау;

13) басқару қатынастарына қатысушылардың  дауларын шешу;

14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау;

15) әкімшілік — мәжбүрлеу шараларын  қолдану.     

Әкімшілік — құқықтық әдістерден айырмашылығы экономикалық әдістер басқару объектілеріне тура емес, жанама ықпал етеді, өйткені олардың басқару ықпалы материалды стимулдар беру  арқылы, қажетті мінез-құлыққа деге ұмтылысын тудыратын экономикалық жағдайларды туғызу арқылы ықпал етеді. Экономикалық әдістердің ішінде баға, табыс, кіріс, несие, шаруашылық есеп маңызды рөл атқарады.      

 Әкімшілік және экономикалық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.   

Басқарушы субъектілердің қызметін ұйымдастыру процесі — бұл құрылымды бөлімдерді құру және олардың орындауына функцияларын  беру,  оларды  атқарушы билік  органдарының жүйесіне кіргізу болып табылады.  Бір сөзбен айтқанда, атқарушы билік органдары алдына қойған міндеттеріне байланысты және сәйкес нәтижелерге жету үшін өзінің аппаратын ұйымдастырады.    

Басқару  процесінде нақты сұрақтар жеке (министрлер, комитет төрағасы), алқалы (алқада, ғылыми-әдістемелік кеңесте) немесе ортақ бірілесіп (2 немесе одан да көп министрліктердің, комитеттердің қатысуымен) шешіледі. Атқарушы билік — заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді. 
 
Атқарушы биліктің мақсаты:

1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің  қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;

3) Азаматтардың және ұйымдардың  құқықтары мен бостандықтарын  жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу;

Атқарушы биліктің белгілері:

1) Жан – жақтылығы (адамдар ұжымының  қызмет ететін жерлердің барлығында  және үздіксіз болуы);

2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі  – ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі);

3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы);

4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.

Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.

Атқарушы билік органдарына тән белгілер:

1) атқарушы – бұйырушы қызметті  жүзеге асыруы;

2) шаруашылық дербестілік берілген;

3) ереже бойынша, тұрақты штаттары  бар;

4) жоғарғы органдармен құрылады;

5) атқарушы билік органдарына  есеп береді және бақылауында  болады.

ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады: Үкімет -Үкіметтің құрамына кіретін ҚР атқарушы билігінің орталық органдары: министрліктер, агенттіктер, комитеттер -Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің орталық органдары-Атқарушы биліктің жергілікті органдары: облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдық жерлердің әкімшіліктері.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі.

Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші;

2) Мемлекеттік саяси қызметші.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаты белгіленген.

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

3) қызметті ауыстыру;

4) қызметті атқару кезінде берілетін  жеңілдіктер және ынталандырулар;

5) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

6) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

                                                 Қорытынды

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі.  Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері  мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.

 

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

                      Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. Баянов  Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007, — 408 бет. 
2. Б.Б.Сейдеш. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. – Алматы: Дәнекер, 2004 – 140 бет. 
3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2010 – 288 б. 
4. Қызылов М.А., Ибраева Г.А., Есенов Д.Қ., Искакова И.Е. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Дәрістер конспектісі. – Қарағанды, 2006. – 121 бет.

 


Информация о работе Атқару органдар жүйесі