Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:12, реферат
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар:
• мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде;
• мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер
қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі. Бұл мағынада алғанда, партиялық, кәсіподақтық, өндірістік, тіпті отбасылық демократия туралы айтуға болады. Кең мағынада алғанда демократия ұйым, билік және басқару бар жердің бәрінде өмір сүре алады;
• белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделген қоғамдық құрылымның
мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Мұндай құндылықтарға
еркіндік, теңдік, адам құқығы, халық егеменділігі т.б. жатады;
• халық билігін, демократиялық мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру
жолындағы әлеуметтік және саяси қозғалыс. Бұл қозғалыс Еуропада үшінші сословиенің азаттығы және теңдігі үшін абсолютизммен күрес туы астында пайда болды. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстың түрі көп: социал-демократиялық, христиан демократиялық, либералдық, жаңа әлеуметтік және басқа да қозғалыстар.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезеңде ғылымда демократия терминінің мынадай түсініктері бар:
қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі. Бұл мағынада алғанда, партиялық, кәсіподақтық, өндірістік, тіпті отбасылық демократия туралы айтуға болады. Кең мағынада алғанда демократия ұйым, билік және басқару бар жердің бәрінде өмір сүре алады;
мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Мұндай құндылықтарға
еркіндік, теңдік, адам құқығы, халық егеменділігі т.б. жатады;
жолындағы әлеуметтік және саяси қозғалыс. Бұл қозғалыс Еуропада үшінші сословиенің азаттығы және теңдігі үшін абсолютизммен күрес туы астында пайда болды. Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстың түрі көп: социал-демократиялық, христиан демократиялық, либералдық, жаңа әлеуметтік және басқа да қозғалыстар.
Демократия түрлері, модельдері:
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум. нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Қаіргі демократияның түрлері - әр елдегі демократиялық институттар құрылымдарының ерекшеліктері негізінде демократияны модификациялау. Демократия тетіктері қатыпсеміп қалған емес, ол саяси өмірді ұйымдастырудың түрлері ретіндегі демократияның теориялары мен тәжірибесімен бірге дамиды. Биліктің қызмет ету жүйесінде қандай да бір саясат субъектісіне - жеке тұлғаға, топқа немесе бүтін халыққа билік тізгінін қаншалықты ұстататындығына қарай либералдық, плюралистік, үжымдық түрлері анықталған.
Либералдық немесе индивидуалистік демократия жеке тұлғаны биліктің бастапқы қайнар көзі ретінде мойындаудан, оның әлеуметтік субъект ретіндегі дербестігін, адам құқықтары мен бостандықтарын заң билігімен қорғауды көздеуден түрады.
Плюралистік демократия - батыс еуропалық елдердің басым көпшілігіне тән. Саясаттың басты субъектілері жеке адам да, халық та емес, әртүрлі топтар дейді. Осылайша тек топтың көмегімен жеке тұлға өз мүддесін қорғауға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады. Дәл осы топта, топтық қарым-қатынастарда жеке тұлғаның саяси қызметінің мүдделері мен қозғаушы күштері қалыптасады.
Ұжымдық демократия керісінше, тек халық қана, заң шығару және үкімет қызметін анықтау құқығына ие болуы керек дегенге саяды. Мұндай демократия түрі әлеуметтік субъект ретіндегі халықтың біртүтастығын, оның еркінің мызғымастығын есепке алып, азшылықтың көпшілікке бағынуы қағидатын шексіздендіреді. Сонымен қатар, олар жеке тұлға автономдығын мойындамайды.
Демократия халықтың билікті қандай тәсілмен жүзеге асыруына қарай (тікелей немесе өз өкілдері арқылы) жіктеледі. Осыған орай, тікелей, өкілдік, партиципаторлық демократия түрлері анықталған. Тікелей немесе плебисцитарлы аса маңызды саяси мәселелерді халықтың өзі шешуі керек, ал биліктің өкілетті органдарын азайтып, азаматтардың толық бақылауына бағындыру керек деуден түрады. Елде тікелей демократия үрдістерінің белең алуы барысында, азаматтардың тікелей қатысуымен шешілетін мәселелер күн сайын артып келеді (мыс., Швейцарияда). Мүның ішіне аса маңызды заңнамалық актілерді қабылдау, стратегиялық сипаттағы саяси шешімдерді таңдау, жергілікті маңыздағы мәселелердің шешімін қабылдау сияқты мәселелер де кіреді. Өкілдік немесе репрезентативті демократия халық тек тікелей ғана емес, билік органдарындағы өз өкілдері арқылы да билікке араласа алады деп есептейді. Осындай тәртіпте демократия халық алдында жауапты өкілетті басқару түрі ретінде сипатталады. Саяси шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды, дегенмен тар шеңбердегі мәселелермен шектеледі. Демократияның осы түрі бойынша неміс саясаттанушысы Р.Дарендорф нақты анықтама береді: "Демократия - "халықтың басқаруы" емес, оның болуы, тіпті мүмкін емес. Демократия - халық сайлайтын үкімет, керек болған жағдайда халық орнынан алып тастайды; онымен қоймай, демократия - ол өзіндік бағыт-бағдары бар үкімет". Өкілетті демократияның кемшіліктерін жуып-шаятын демократияның келесі түрі - партиципаторлы демократия. Бұл демократия түрінің негізгі идеясы халықтың басым көпшілігінің тек билік органдарына өз өкілдерін сайлаумен шектеліп қоймай, басқа да биліктік, басқарулық іс-әрекеттерге тікелей қатысуын көздейді. Партиципацияның жағымды мәні оның қоғамды жан-жақты демократияландыруды, халық бүқарасының басқаруға, әлеуметтік эмансипацияның алғышарттарын қалыптастыруда, жеке тұлғаның өздігінше әрекет етуін қамтамасыз етуінде жатыр. Қатысу демократиясы, сондай-ақ билік легитимділігі деңгейін және саяси жүйенің тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді.
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.