Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 20:07, реферат
Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады –және «мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі(Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең— (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)
I Кіріспе
1.Ежелгі грекияның даму кезеңдері мен философиялық-құқықтық ілімі.
II Негізгі бөлім
2.1 Софистердің құқықтық-саяси идеялары.
2.2 Сократ Софистерді сынаушы ретінде.
2.3 Платон аристократиялық мемлекет құрылысы туралы.
2.4 Аристотельдің саяси-құқықтық пікірлері.
III Қорытынды:
3. Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркәмнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен лоардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Платон иделды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылды. Сондықтан да мемлекеттіак құрылым келеді.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, демократия, олигархия, тимократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Заң деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымның екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерін алады. Бұл дер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар тқрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды.
Тұтыну теңдігін жақтаған Платон құлдар мен шет жерлерден басқаларында мүлік артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие ісі түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берілді. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады.
Платон мемлекеттің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-ден 70-ке дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды. Халық жиналысына бірінші және екінші топ азаматтарының қатысыуы міндетті еді, ал үшінші және төртінші топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы міндетті болмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтарының бұқаралық және жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонның шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384-322 жж.) есімімен тікелей байланысты. Кейбір деректер бойынша, ол саны 400-ден 1000-ға дейін жететін ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Ол өз өмір сүрген замандағы құл иеленуші мемлекеттің әртүрлі формаларын зерттеп, оның үш түрін көрсетті.
2.4. Аристотельдің саяси – құқықтық пікірлері.
Аристотель ( Страгирит)-б.э.д. 384-322 жж. Аристотельдің « Саясатң, «Афиндік политияң, «Этикаң еңбектеріндегі құқықтық-саяси пікірлер. Эллинизм (б.э.д. 4 ғ. екінші жартысы-2 ғ.) кезеңіндегі құқықтық-саяси пікірлер. Эпикур ( б.э.д. 341-270 жж.) Демокриттің атомдық ілімін жалғаструшы ретінде.
Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілікпен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін – теңестіретін және үйлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде арифметикалық теңдік қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық – құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б., ал үйлестіру әділдігі геометриялық теңдікпринципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердәің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады.
Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Мемлекеттің басқа формалары политиядан әрі немесе кері ауытқуы ретінде айтылады. Екінші жағынан қарастырғанда, Аристотельдің түсінігінше, полития демократия мен олигархияның аралас түрі ретінде қарастырылады.
Жоғарғы билік заңның емес, демостың қолына деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін – заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдің саясат жөніндегі ойлар да көңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі – адамдардың тәрбиелігінде болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды.
Қорытынды
Ежелгі Грек мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырауы, грек полистеренің Македонияға, одан кейін Рим үстемдігіне бағынышты болуы (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысынан б.з.д. ІІ ғасырына дейін) эллиндік кезеңдегі мемлекет және құқық туралы ілімде өз өзін қалдырды.Александр Македонскийдің әскери жорықтарынан Жерорта теңізі жағалауы мен Шығыстағы эллиндік кезең басталды. Б.з.д. ІІ ғасырдың ортасына таман ұлы қолбасшы құран Македония империясы ыдырыап, кішігірім патшалықтарға (Сирия, Египет, Греция, Кіші Азия т.б.) бөлініп кетті.Ал Македонияның өзі б.з.д. ІІ ғасырда Рим империясының отарына айналды.Антик замандағы бұл саяси өзгерістер сол кезеңдегі саяси және философиялық ойлар мен идеялардың мәні мен мазмұнына ықпал етті.
Жалпы Ежелгі Шығыстың дүниетанымдылық, аса зор рухани байлығы да эллиндік мәдениетке әсер етпей қоймады. Бұл кезеңдегі сакяси-құқықтық ойлар стоиктер мен Эпикурдың,Полибийдің және тағы басқалардың ілімдеріне көрініс тапты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы. Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, «Заң əдебиеті». 2002 ж.
2. Əбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ.Ж., Сатершинов Б.М. Саяси ой тарихы. –Алматы: Үш-қиян, 2003.
3. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений. Под общей ред. О.В. Мартышкина. М., 1994 (к темам 1-3,5-8).
4. История политических и правовых учений. Под общей ред. B.С. Нерсесянца. М. 2000.(к темам 1-18).
5. Хрестоматия по Истории политических и правовых учений под ред. Лейста О.Э. М.2001.
Информация о работе Ежелгі грекияның даму кезеңдері мен философиялық-құқықтық ілімі