ҚР саяси жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:21, контрольная работа

Краткое описание

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады. Бұл күн біздің еліміздің тарихында – Тәуелсіз күні болып енді.Қазақстанның Тәуелсіз республика болып өмір сүре бастаған уақыттан бері бұрынғы әлеуметтік – экономикалық жүйенің, тоталитаризмнің орнына, мүлде басқа, түбірінен өзгеше, демократияға бағыт алған жаңа қоғамдық жүйесі қалыптасты.

Вложенные файлы: 1 файл

сөж3.docx

— 16.92 Кб (Скачать файл)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультеті

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

                    Тақырыбы: «ҚР саяси жүйесі»

                    Орындаған: Мұхамеджанова Ғ.  ҚЖ-21 тобы

                    Тексерген : Ибраев Е.

 

 

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстан  саяси жүйесі

 

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады. Бұл күн біздің еліміздің тарихында – Тәуелсіз күні болып енді.

Қазақстанның Тәуелсіз республика болып  өмір сүре бастаған уақыттан бері бұрынғы әлеуметтік – экономикалық жүйенің, тоталитаризмнің орнына, мүлде басқа, түбірінен өзгеше, демократияға бағыт алған жаңа қоғамдық жүйесі қалыптасты.  

Қазақстан Республикасы Президент  басқаратын унитарлы   мемлекет. Мемлекеттік өкіметтің бірден -бір көзі  — халық. Халық өз билігін республикалық референдум  мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Конституция берген өкілдік шеңберінде мемлекет атынан халықпен Президент сөйлейді.

Президент.ҚР-ның Президенті мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазымды иесі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Президент   7 жылға сайланатын болды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері 5 рет: 1991 жылы, 1995 жылы, 1999 жылы, 2005 (4 желтоқсан), және 2011 (3 сәуір) жылдары Қазақстан Республикасының Президент сайлауы болды.

Конституция- қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігімен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Ата Заңы. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР-ның Ата Заңы – Конституциясы қабылданды.

ҚР-ның қазіргі Конституциясы  – Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда республикалық  бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан демократиялық, құқықтық және зайырлы қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекет ретінде  жарияланды.

Парламент. Республика парламенті республиканың жоғарғы өкімет орны. Оның негізгі функциясы – Заң қабылдау. 1995 жылғы Конституция бойынша елімізде Заң шығарушы орган – екі палаталы Парламент жұмыс істейді. Жоғарғы палата – Сенат. Төменгі палата – Мәжіліс.

Үкімет. Қазақстан Республикасының орындаушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарға басшылық етеді және олардың қызметін бақылайды. Үкіметті Президент құрады, ол Президент алдында жауапты және оған есеп береді. Премьер – министрді парламентпен келісе отырып Президент тағайындайды. Премьер – министрдің ұсынысын ескере отырып Президент Үкіметтің құрылымын анықтайды, оның мүшелерін тағайындайды және босатады

 

ҚР-ның мемлекеттік нышандары. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа Мемлекеттік туы мен Елтаңбасы бекітті. Сол жылғы желтоқсанда республика Гимнінің жаңа мәтіні қабылданды. 2006 жылы 7 қаңтарда «ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Конституциялық Заңына Елбасы қол қойды. Сол бойынша ҚР Мемлекеттік гимннің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді  (әнін жазған: Ш.Қалдаяқоы, сөзін жазған: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).

ҚР-да мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті өзін — өзі басқару орындарында қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады.

Қазақстандағы тіл саясаты. Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең құқықты азаматы деп саналады.

Біздің Ата заңымызда Қазақстанда өз өкілдері өмір сүретін ұлттардың ұлттық және азаматық теңдігін, тілі мен мәдениетінің дамуына жағдай жасалуына кепілдік берген. Бұл бағытта Негізгі заңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде заңдастырылды да, орыс тілі ресми мекемелерде қолданылатын тіл деп танылды. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда өмір сүріп отырған басқа халықтар өкілдері тілдеріне де өкімет тарапынан қамқорлық жасау анық айтылған. Бұл тілдердің терезесі теңдігін сақтай отырып, мемлекеттік тілге деген құрметті күшейте түсу болып саналады. Қазақстандағы тіл саясатының басты бағыты – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты шаралармен бекіту.

Саяси партиялар мен қозғалыстар. Қазақстанның егеменді мемлекет болуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи көрінісі болып саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1990 жылдардың бас кезіне дейін Қазақстанда бір ғана коммунистік партия үстемдік етіп келсе, 1993 жылдың соңына қарай 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі, Коммунистік партия. Кейін біртіндеп басқа да партиялар – Халық бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Халықтық – кооперативтік партия, Дәуірлеу партиясы, Отан, Аграрлық партия т.б. құрылды.

Кейінгі жылдары саяси партиялардың бір – бірімен қосылып, ірілену үдерісі жүріп жатыр. 2006 жылы «Отан» партиясына «Асар» партиясы, сәл кейінірек Азаматтық, Аграрлық партиялар қосылып «Нұр – Отан» Халықтық – демократиялық партиясы» деп аталатын болды.


Информация о работе ҚР саяси жүйесі