Саяси көшбасшылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 20:21, реферат

Краткое описание

Саяси көшбасшылық: ұғымы, мәні
Көшбасшылық теориясы
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Саяси көшбасшылық түрлері

Вложенные файлы: 1 файл

Саясаттану СРС№1.docx

— 52.08 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

            АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САЯСАТТАНУ

пәні бойынша №1 семестрлік жұмыс

 

Саяси көшбасшылық

 

 

 

                                                                     Орындаған: БЭк-13-4 тобының

                                                                                              студенті Нұрым А.

                                                                      Қабылдаған:

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

 

Жоспары

  1. Саяси көшбасшылық: ұғымы, мәні
  2. Көшбасшылық теориясы
  3. Көшбасшылықтың ерте теориялары
  4. Саяси көшбасшылық түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Бүгінгі күнде көшбасшылық мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология көшбасшының тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану көшбасшылықты әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология көшбасшылықты әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал, саясаттану саяси көшбасшылықты билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

     Ғалымдардың  пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған сәтте сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.

     Жалпы көшбасшылық саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде көшбасшылықты ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал, жалпы мемлекет көшбасшылығын зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық - қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

 

 

Саяси көшбасшылық: ұғымы, мәні

     Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

     Саяси көшбасшылықтың табиғаты барынша күрделі және оның түп-тамыры ғалым-ойшылдардың, консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде  жатыр. Көшбасшылықтың феномені саяси психологиядағы ерекше мәселе. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Көшбасшылықтың саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Көшбасшылық феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.

     Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:

  • Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
  • Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
  • Бастамашылдығы;
  • Өзіне-өзінің сенімділігі;
  • Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
  • Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
  • Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

     «Саяси көшбасшы» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда көшбасшы белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

    

     Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша көшбасшының үш деңгейін ажыратады:

1. Мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың көшбасшысы;

2. Қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның)көшбасшысы, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланыстыратын адам;

3. Көшбасшы – биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

     «Бірден қол жеткізген» билік көшбасшылық болып саналмайды. Көшбасшылық жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Көшбасшылықтың қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Көшбасшылық дегеніміз – талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.

     Саяси көшбасшылық – өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

     Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, көшбасшы қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Көшбасшылықтың мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Көшбасшылық дегеніміз – билік, себебі ол белгілі бір адамның бірдеңе жасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Көшбасшы – халықтың, қоғамның, топтың  және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ, билік пен көшбасшылық қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебі көшбасшы өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, көшбасшылықтың негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен – ерікті болуымен ерекшеленеді.

     Саяси көшбасшы – қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.  

   

     Көшбасшының негізгі қызметі:

  • интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;
  • алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;
  • билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;
  • бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;
  • прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

     Психологиядағы зерттеулерде көшбасшының мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы  айқындалған:

  • ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
  • топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
  • егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
  • топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

     Көшбасшының  мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:

1. Биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.

2. Психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.

3. Әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.

4. Саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.

5. Әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.

 

Көшбасшылық теориясы

     Көшбасшының  психологиялық портреті саяси лидерлердің психологиялық биографиясы негізінде жасалады. Ол бір жағынан әртүрлі халықтардың социологиялық ерекшеліктерін және олардың саясаттағы кәріністерін есепке алады. Көшбасшының психологиялық портреті саяси көшбасшылық психологияны сипаттайды. Осы ретте «көшбасшылықтың белгілері» концепциялары да пайдаланылады. Көшбасшының психологиялық тұлғалық белгілерінің жиынтығы 100-ден асатыны белгілі. Көшбасшыларды классификациялағанда бұлар қажет. Көшбасшының басшыдан айырмашылығы бар. Басшы ресми түрде ұжымды және ұйымды басқаратын адам. Қазіргі кезде мемлекеттік дәрежедегі саяси көшбасшы феноменінің маңызы артып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде өте өзекті. Дегенмен көшбасшы анықтамасы әр автор әр түрлі береді.

     Олардың бастылары мыналар:

  • «Ұлы адам» теориясы немесе көшбасшылықтың харизматикалық теориясы. Бұл бойынша көшбасшылықты тұқым қуалау негізінде түсіндіреді.
  • Көшбасшылықтың ситуативті теориясы бойынша көшбасшылардың пайда болуы ортаға, уақытқа және жағдайларға байланысты. Басқаша айтқанда көшбасшы болу белгілі бір жағдайда, уақытта топтан суырылып шығып өз қасиетін көрсете алуы.
  • Лидерліктің тұлғалық – ситуативтік теориясы бойынша мынадай төрт фактор еске алынуы керек: 

1) Көшбасшының адам ретіндегі белгілері мен дәлелдері;

2) Көшбасшының жолын қуушылар үшін белгілі бір келбеті болады;

3) Көшбасшының ролінің сипаттары;

4)Көшбасшының жолын куатындар үшін ресми және құқықтық негіздердің болуы.

  • Көшбасшының үміткерлік – қарым - қатынастық теориясы. Ол бойынша нақтылы бір жағдайда көшбасшы стилінің сәйкес келуін айтады.

     Көшбасшылықтың басқа да толып жатқан теориялары бар. Ол бойынша көшбасшылықтың психологиялық ерекшеліктері қарастырылуы керек. Саяси көшбасшының тұлғалық қасиеттерін талдауда мыналарды еске алу қажет: лидердің өзінің «Мен» концепциясы; оның саяси мінез-құлқына әсер ететін себептері мен сұраныстары; саяси сенімінің басты жүйесі; жеке тұлғалық қарым-қатынас стилі; стресс жағдайында өзін-өзі ұстай білуі; өмір баяндық талдау; саяси іс-әрекетін эволюциялық өзгерістері.

     Көшбасшылық  – жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын лидерге деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көшбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.

     Егер субъектіні саяси қауымдастық өзінің мүддесі мен еркін білдіруші ретінде (яғни заңды болып табылатын болса) мойындайтын болса, онда ол саяси көшбасшы ретінде сөз алады. Яғни, бұндай мойындау нормативті, ұйымдасқан, идеологиялық, дәстүрлі және қоғамдық пікірмен бекітіледі. Бір жағынан көшбасшы қоғамға биліктік органдар мен механизмдер арқылы, ал екінші жағынан өзінің саяси және идеологиялық көзқарастары мен пікірлері, саяси қызметінің мазмұны мен бағыттары, тәжірибесі мен іс-әрекетінің стилімен ықпал етеді. Осы айтқандар арқылы көшбасшы тек көпшілік биліктің тұтқасына ғана сүйенетін кез - келген басқа басшыдан ерекшеленеді.

     Көшбасшылықтың  типологиясы барынша шартты болып келеді және түрлі критерийлер бойынша сараланады:

Информация о работе Саяси көшбасшылық