Саяси режим

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:36, реферат

Краткое описание

Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы. Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлімі:
• Демократиялык саяси режим
• Тоталитарлык саяси режим
• Авторитарлык саяси режим

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Саяси режим.docx

— 37.01 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАРЫ: 

 

Кіріспе

Негізгі бөлімі:

  • Демократиялык саяси режим
  • Тоталитарлык саяси режим
  • Авторитарлык саяси режим

 

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

 

Режим – үстемдік етуші  кластың экономикалық және саяси  билігін жүзеге асыру әдістері мен  құралдар жиынтығы. Саяси режим қоғамда  саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен  құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық  дәрежесін, қоғамда жеке адамның  заңға сүйенген жайын және сол  елдің саяси жүйесінің белгілі  типін анықтайды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси режим

Қазіргі жаһандану кезеңінде  мемлекеттің гүлденуінің ең басты  алғышарттарының бірі болып ресми  биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін  шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды  шешуде биліктің іс-әрекеттері болып  табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің  құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды  
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:  
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;  
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;  
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;  
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;  
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;  
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;  
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;  
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.  
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.  
Саяси режим мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.  
Демократиялық режим барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.  
Демократиялық емес режим халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.  
1. Тоталитарлық (латын сезінен totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:  
1. Тек бір партия билік жүргізеді.  
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.  
3. Бір идеология ғана жарияланады.  
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.  
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.  
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда .  
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.  
3. Аристократиялық (грек сөзі aristokratia) қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.  
4. Фашистік (италия сөзі (fascismo) бірлестік, байлау) бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.  
5. Либералдық (латын сөзі liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим 

 

 

                 Демократиялық саяси реждимнің белгілері:  

  1.  
    Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы. 
  2.  
    Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады. 
  3.  
    Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады. 
  4.  
    Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.

 

  
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:  

  1.  
    Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады; 
  2.  
    Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады. 
  3.  
    Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды. 
  4.  
    демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі. 
  5.  
    Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады. 
  6.  
    Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.

 

  

 

 

                          Демократиялык саяси режим 

 

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Мемлекет түрі.
  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
  3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады 

 

 

         Демократияның түрлері 

 

  • Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
  • Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
  • Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  • Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

 

 

Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.

Халық кеңесімен қатар бес жүз  адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.

Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Бірақ бұл демократияның өрескел  жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. 

 

 

 

Тоталитарлык саяси режим

Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы тұрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан 1920 – 1930 ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары және ауыл шаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығын Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Б.Кенжебаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық 1960 жылдан қарқын ала бастады. Бұған Мәскеуде қазақстандық жастардың “Жас тұлпар” ұйымын құруы және 1979 ж. Целиноградта болған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.

Тоталитарлы саяси жүйе

Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.  

 

 

  

 

 

 

Авторитарлык саяси режим 

 

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.

Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.

Информация о работе Саяси режим