Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 09:33, реферат
Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты.
1. Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2. Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
4. Жасанды былғары
5. Үлпекті материалдар
6. Былғары және терілердін қысқаша сипаттамалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Мазмұны
1. Былғары және тері өндірісінің шикізаты
2. Шикізаттың қасиеттері және оны алдын ала өңдеу
3. Былғары шикізаттарының түрлерінің сипаттамалары
4. Жасанды былғары
5. Үлпекті материалдар
6. Былғары және терілердін қысқаша сипаттамалары
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ
Былғары мен тері шикізатына үй жануарлары мен жабайы аңдардың терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып табылады. Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай түліктің терісінен жасалғанына ғана емес, сол түліктің қандай түқымның терісінен жасалғанына да байланысты. Терінің құрылымы. Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процессіне қатысады. Жануардың сыртынан денесіне қарай санағанда тері түкті немесе жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен тері асты клеткалардан (шел) түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады. Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс емес. Түк қалташаларына жақын қыртыс өзеңге еніп жатады, ал ол өз кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы сылынып тасталған тері бетінде белгілі бір суреттер көрініп түрады, оны бедер (мерея) деп атайды. Үлбір жасау үшін терідегі қыртысты бүзбай сақтау керек. Егер ол бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын болады. Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды. Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған. Қарапайым коллаген талшықтарының диаметрі шамамен 5 мкм болып келеді. Осындай көптеген (30-300) қарапайым колла- ген талшықтары диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын қүрайды. Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0,1 мкм болатын 200-3000 фибриллалар жиынтығынан түрады. Коллаген талшықтарының тобы өзең қалыңдығына көлбей орналасады да, олардың көлбеу бүрышы және жуандығы жануарлардың табиғаты мен терінің қүрылымына байланысты болады.
Эластин талшықтары топ қүрамайды, бірақ тарам - тарам бо- лып кеткендіктен, қалың торлар жасайды. Ол торлар көбінесе түк қалташалары мен қан тамырлары айналасында орналасады. Ретикулин талшықтары тері өзеңінің барлық көлемінде қалың тор- лар қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. Өзең талшықтары арасында талшықаралық зат болады. Оның қүрамына былғары даярлау барысында өзеңнен шығып кететін альбу- миндер, глобулиндер, мукоидтар, муциндер, мукополисахаридтер және басқа белок тәріздес заттар енеді. Тері өзеңі екі қабаттан түрады. Бірі емізікше мен торлы қабаттардың шекарасы түк қалташалары орналасқан деңгей арқылы өтеді. Ал, шошқа, түйе және борсық терілерінің ерекшелігі - өзеңдегі бүл екі қабаттың шекарасы анық білінбейді, себебі түк каналдары өзеңінің өн бойынан өтіп жатады, терінің тік кесілген көрінісі (сурет11.1)
Жүннің әр талшығы үзына бойында үш бөліктен түрады: 1) қылтық немесе сыртқы бөлік, 2) түбір немесе қылтықтың түк қалташасындағы жалғасы және 3) тамыр - түбірдің жіңішкерген бөлігі. Ал жүн талшықтарының көлденеңінен кесіп қараса, шеңберлі орналасқан үш қабатты байқауға болады: сырт қабаты немесе кутику- ла, қабыршақ қабат және жүрекше (сурет -11.3) Жүннің толық алмасуын түлеу дейді. Жүннің әр талшығының формасы оның жуандығы мен үзындығына және қылтығының бүйра түзулігіне байланысты. Қылтықтың бүйра-түзуінің 6 түрі бар: тік, иілген сынық, толқынды, ирек және бүйра. Аң терісінде жүн талшығының бес санаты бар: бағыттаушы, қылшықты, аралықтық, түбіт және сезуші. Ол төмендегі 11.4 - суретте көрсетілген.
11.2. Шикізаттың қасиеттері және алдын ала өңдеу
Шикізаттың былгары мен тері жасауға жарамдылыгын анықтайтын маңызды қасиеттері. Терінің сапасы, яғни оның толық бағалы былғары мен терінің белгілі бір түрлерін шығаруға жарамдылығы және илеу тәсілдерінің ерекшеліктері терінің төмендегідей қасиеттерімен анықталады. Терінің қалыңдығы былғарының неге жарайтынын және 100 шар- шы метр былғары шығару үшін қанша шикізат кететінін анықтайды. Терінің жамбасынан мойынына дейін (үзына бойына) және жон арқасының етегіне дейін (көлденеңінен) кішіреюін тартылуы (ширау, жиырылуы) деп атайды. Терінің ауданы оның пішімділік қасиеттерін анықтайды. Ауданы 20 дм дейінгі шикізат өңдеу тиімсіз деп саналады. Түкті жабынды терілерінің ауданы әр түрлі болып келеді. Тері мас- сасы мүйізді ірі қара, жылқы және басқа жануарлар терісінен өндірістік партия жасақтағанда үлкен рөл атқарады. Қой мен ешкі терісі ауданы- на қарай партияға сүрыпталады. Өнім сапасына, сондай-ақ терісінің тығыздығы, қыртыс қабатының қалыңдығы, жүнді жабынының даму дәрежесі, тері асты шел қабатының қалыңдығы, өзеңдегі емізікше мен торлы қабаттардың арақатынасы, терінің химиялық қүрамы, кемістік- ақаулары, түкті жабынның сипаты да әсер етеді. Шикізат сапасына төмендегідей бірнеше фактор әсер етеді. Жануарлардың пайда болуы мен өмір жагдайлары. Пайда болу факторларына түр, түқым, жыныс пен жануардың жасы жатады, өмір жағдайына климат, күту мен азықтандыру кіреді. Аң терісінің кейбір түрлері (тиін, түлкі терісі) үлысына қарай жіктеледі. Яғни, аң терісі қай өлкеде өндірілгені есепке алынады. Оны «кряж» деп атайды.
Сою уақыты мен тәсілдері. Күзде және ерте қыста сойылған малдың терісі қүнды деп есептеледі. Алу тегіне қарай тері сойылған және атылған деп ажыратылады. Теріні сыпыру (іреу) жылдам жүргені дүрыс. Сыпыру кезінде теріге, майға, пышақ тимеуге тиіс, оны теспей алу керек. Былғары шикізатын сыпыру жалпағынан (ақ жолақ бойымен тілу, яғни төстің, қарынның және шеткі мүшелердің ортасын ала) және бүйірден тілу әдісімен жүзеге асырылады. Ықшамдау және майсыздандыру. Теріні сыпырғаннан кейін оны ықшамдау үшін жабысқан жүннен, қоқыстан, ет, май кесінділерінен, шеміршек қалдығынан, сүйектен, жыныс сіңірлерінен түяқтан та- зартады. Аң терілерін майсыздандырудың маңызы зор, себебі теріні сақтаған кезде сапасын нашарлатып жіберуі мүмкін. Үлбір терілерін майсыздандыру механикалық жолмен немесе химиялық ерітінділер қолдану арқылы іске асырылады. Кейінгі жағдайда әлсіз сілті ерітіндісі, жуғыш заттар, эмульгаторлар, техникалық ерітікіштер қолданылады. Шикізатты консервілеу. Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін «жас тері» деп атайды. Малды сойған сәттен бастап жас тері бактериялық және ферментативтік процестердің әсерінен өзгеріске үшырай бастайды. Бүлар беткі қабатының сілекейленуі, «бахтарма» түсінің өзгеруі, сасыған иіс, жүннің түсуі, т.б. белгілері арқылы білінеді. Теріні консервілеудің мақсаты - бактериалар дамуының алдын алу. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Консервілеу түрлері: мүздату, қүрғату, ылғалды түздау, түздай қүрғату, сәулелендіру. Былғарыны өндіру үрдістері 11.5-суретте көрсетілген. Былғары және тері шикізатының сапасын бағалау және сұрыптау. Шикізат стандарты. Былғары мен тері өндірісінде шикізатты қабылдау және оны сорттау мемлекеттік стандарт (МЕСТ) негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік стандартта тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарына өткізу, шикізаттың топтастырылуы, оның сапа- сы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар, қабылдау ережелері мен шарттары, салмағы, ауданы және сүрыпталуы белгіленеді. Қой, ешкі және шошқа терілерін ауданы бойынша, одан басқа терілердің салмағы бойынша қабылдайды. Былғары өндірісінің шикізаты төрт топқа бөлінеді: 1- ші топқа бүзау терісі (салмағына қарай), қүлын терісі 5 кг-ға дейін, қой мен ешкі терілері ауданы 30-70 дм2 аралығындағы және шошқа терісі; 2- ші топқа отқа ілінген бүзау, бота, тайлақ, ат есек (салмағы 10 кг дейін), шошқа терісі (ауданы 70-120дм^), шошқа бөксесі (ауданы 30-50 дм^);
3- ші топқа мүйізді ірі қараның терісі, ат, түйе, есек, бұғы, буй- вол, қодас (салмағы 10-17 кг), жылқының сауыр және қол терісі, түйе терісі, шошқа терісі (120-200 дм2), шошқа бөксесі (ауданы 50 дм2 артық); 4- ші топқа мүйізді ірі қараның, ат түйе, есек, буйвол, бұғы, қодас (салмағы 17 кг жоғары), шошқа терісі (ауданы 200 дм^ жоғары) жа- тады. Сапасына байланысты шикізат 4 сортқа бөлінеді (I, II, III, IV). Шикізаттың сорты кемістік-ақаулардың болуына және олардың қай жерде орналасуына байланысты. Стандартта және де шикізаттың сыртқы түрі, сапасы, өндірістік партияға жасақталуы, салмағының кемуін (усол) анықтау, ауданы консервілеу әдісі, бактериялық күйі, қалыңдығы, қой терісіндегі май ескеріледі. Тері өндірісінің шикізаттарын әр түріне немесе түрлер тобына жасаған стандарттар бойынша сорттайды. Тері өндірісі шикізатына арналған стандарт мынадай бөлімдерден тұрады: «Анықталуы», «Топ- тастырылуы», «Техникалық шарттары», «Стандартты емес терілер», «Маркілеу және буып- түю». Көлеміне қарай түкті жабынды терілер үлкен, орташа, және кіші деп бөлінеді. Қыста ұсталған аң терілерінің жүні қалың, өсік, және са- палы болғандықтан, олар көбінесе I сортқа, ал күздің аяғында немесе қыстың басында ұстаған аң терілері негізінен II сортқа бағаланады. Жүні біркелкі емес, сирек және қысқа жүнді аң терілерін сорттамай- ды, оларды стандартқа жатпайды деп бөледі. Ондатр және ақ түлкі терілерін III сортқа бөлгенде, I сорттағы терілердің бағасы 100 %, II сорт 75-80 % және III сортты 50% есептеледі. Ал, жылдың қай мезгілінде болса да алына беретін барыс, қасқыр, қабылан, аю, сілеусін, шибөрі терілерінің I сорты 100%, II сорты 75% және III сорты 50 %, IV сорты 25 % бағаланады. Кейбір аса бағалы аң терілерін (кәмшат, бұлғын) екі сортқа ғана бөледі: I сортты терілердің бағасы 100%, II сортты 80 % есептеледі. Аң терілерін сорттан басқа, олардың жүнінің және тері тканінің са- пасына байланысты былайша бөледі: ақуызсыз, ақуызы аз, орташа, көп және сапасыз (стандартқа жатпайтын терілер). Стандартта шикізаттың әр түрінің ақаулық нормасы бар. Ақауы бар терілердің бағасы төменде көрсетілгендей кемиді: ақауы аз 10 %, орташасы 25% және ақауы көп терінің құны 50% кемиді, сапасыз терілердің құны ақауы жоқ тері бағасының 25% аспайды. Шикізат ақаулары мен сапалылыгын бағалау. Шикізат ақаулары деп оның бағасын түсіретін кемістіктерді айтады. Бұл кемістіктердің неден болғанын анықтап, оны болдырмау жолдарын білгеннің үлкен маңызы бар. Шикізаттың барлық түрінде кездесетін жалпы ақаулар
Сурет 11.5 - Былғарыны өндіру үрдістері
және кейбір шикізат түрлерінде ғана болатын өзіндік ақаулар болуы мүмкін. Шикізат ақаулары жануардың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі деп ажыратылады. Былғарылық шикізаттың сапасын төмендететін ақаулардың 60 % тірі күнгі ақаулар болып табылады. Үлбір шикізатының сапасын төмендететін ақаулардың көбі аң өлгеннен кейінгі ақаулар болып табылады. Ал, теңіз жануарларының және жүні бағалы аңдардың өлгеннен кейінгі ақаулары терінің бағасын кемітіп, оны бастапқы нарқының 70-80 % түсіреді.
Мал немесе терілерінің тірі күнгі тері ақаулары. Мүндай ақаулар малға жөнді күтім болмағандықтан және ластанудан, сондай-ақ сыртқы күш әсерінен механикалық жарақаттанудан болады. Көбінесе кездесетін ақаулар: тесік, тыртық, мойын терісінің қатюы, жара, жау- ыр, таңбалар. Терідегі бөгелек шағудан болатын тесіктер диаметрі 1-5 мм аралығында болады. Бүл ақаулар мүйізді ірі мал және бүғы терілерінде кездеседі. Бүл ақау - терінің көп тараған ақауларының бірі. Бөгелек личинкаларының қүрты теріні жеп, тесіп тастайды. Одан пайда болған тесіктер өзі шикізатта білінбей түрғанымен, дайын былғары жасаған кезде терінің бетінде анық көрінеді, себебі коллаген талшықтарының бағыты бүзылады. Терідегі формасыз бедер мал шешек (оспа) ауруымен ауырғаннан кейін пайда болады. Ол терінің табиғи өрнегінің бүзылуына әкеп соғады. Қыртыстар мойын терісінің қалыңдап кетуінен болады, бүл - бүқа, өгіз және өгізшелерге тән нәрсе. Мойын қыртыстары жас бүзауларда онша терең болмайды, оларды сүт сызықтары деп атайды. Қыртыстар аяқ киімнің үстіңгі жағына арналған былғары сапасын кемітіп, шикізаттан пайдалы шығынды төмендетеді. Сондай-ақ, малдың тірі күнгі тері ақауларына әр түрлі жаралар, жауырлар, қамшы қатты тиген немесе қамыт қажыған іздер, теміреткі шыққан орындар және басқа жара іздері жатады. Тірі кезіндегі аңның жүнді жабынының ақауларына: жүн талшықтарының түсуінің өзгеруі, жүннің үйпаланып қалуы, жүн талшықтарының кенеттен жіңішкеруі, күн сәулелерінің әсерінен кейбір аңдарда жүн үшының оралып қалуы (түлкі, қүндыз), қылшық жүндерінің нашар дамуы жатады. Аң алынғаннан кейінгі тері ақаулары аңдарды қолға түсіру, терісін сыпыру және консервілеу кезінде, сондай-ақ оларды сақтау, артып тиеу кезінде пайда болады. Мал терісін бөлу кезіндегі ақаулар. Теріні малдың денесінен абай- лап, еппен бөлу керек. Әйтпесе, тері аумағының аз шығуы, оған еттің, майдың кетіп қалуы, терінің жыртылуы, кей бөлшектерінің кесіліп қалуы, сыпырған теріде сүйектің кетіп қалуы сияқты ақаулар терінің сапасын 20 % төмендетеді. Консервілеу, сақтау және буып - түйіп, арту кезіндегі ақауларға қызарып кету, түзды таңбалар, майысып сынуы, қыртыстануы, мүйізденуі, қатаюы, көгеруі, шытынауы, іріп-шіруі, түйінденуі, күйе түсуі жатады. Қызару - терінің бахтарма жағының түсінің қызғылтқа өзгеруі, ол ылғалдап түздалған шикізатты сақтау кезінде пайда болуы мүмкін. Қызару микробтардың әсерінен де болады, оның нәтижесінде теріде әр түрлі мөлшерлі таңбалар пайда болып, олардың түсі қызғылттан қоңыр- қошқылға, кейде қызыл -күлгін түске дейін өзгереді. Қызарумен бірге кілегейлену және аммиактың бөлініп шығуы қатар жүреді. Қызарудың
пайда болуы температураның 22-23°С көтерілуінен, ауаның салы- стырмалы ылғалдылығының 55-90 % жетуінен болады. Қызаруының нәтижесінде терінің беткі қабаты босап тұманданып кетеді. Мұндай шикізаттан дайындалған былғары берік емес, сапасыз, бос майысқақ болады. Тұз таңбалары ылғалдай тұздалған теріде, майда, қаттылау формасыз, диаметрі 5 мм дейін түсі қоңыр дүмпілер түрінде пайда болады. Тұз таңбалары бар жеріндегі өзеңнің сапасы мен құрылымы өзгереді. Бұл таңбалардың пайда болуы: микробтар түсуінен; автолиз нәтижесінен; консервілеу кезінде қолданылатын химиялық қосылыстар әсерінен, натрий хлориді мен антисептиктерден; белоктар ыдырау нәтижесінде шикізаттың физикалық- химиялық өзгеріске түсуінен (бұл өзгерістер консервілеуге дейін пайда болады да, сақтау кезінде білінеді) деп есептеледі. Шикізаттағы тұз таңбаларын ажырату онша мүмкін болмағанымен, шикі жарғақта олар қоңыр және жасыл түсті болып анық көрінеді де, бахтарма жағында дөңгелек жасыл таңбалар түрінде кездеседі. Тұз таңбалары бар тері бояуды нашар қабылдайды, сондықтан кейінгі өтетін әрлеу процестері қиынға түседі. 11.6- суретте былғарыны илеуге арналған барабандар көрсетілген.
11.3. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Былғары шикізатының топтастырылуы. Былғары шығаруға қолданылатын терілер майда, ірі және шошқа шикізаттары болып топ- тастырылады. Ұсақ шикізатқа ірі қара төлінің терісі (өлі туған бұзау, торпақ, бота, құлын, жабағы), қой терісі (жүнді жабынының жайына қарай жүнді, жартылай жүнді, жүнсіз болып бөлінеді), ешкі терісі (тау, дала, үй ешкісі) жатады. Ірі шикізатқа мүйізді ірі қара терісі (бұғыны қоса), түйе, есек, жылқы (ол, сауыр терілері) және басқа жануарлар терісі жатады. Шошқа шикізатына шошқа терісі жатады. Мүйізді ірі қара малдың терісі шикізаттың майда және ірі топта- рына кіреді. Майда шикізатқа жататындар: өлі туған, сүт еметін және отқа, көкке, шөпке ілінген бұзау терілері. Өлі туған бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, терісі үлбір жасауға жарамайды. Терісінің ауданы - 40-50 дм^, құйымшақ тұсындағы терінің қалыңдығы - 1,2-1,4 мм, қыртыс қабаты қалыңдау, галантереялық былғары жасауға қолданылады. 11.7- суретте табиғи былғары көрсетілген. Еметін бұзау терісінің салмағы есепке алынбайды, жынысына қарай бөлінбейді. Бұзауларды сою көктем мен жаздың басында жүреді, терілері тұздай құрғату арқылы консервіленеді.
Сурет 11.6 -Былғарыны илеуге арналған барабандар
Тері ауданы - 40- 90 дм2, қалыңдығы - 1,3-2,5 мм. Бір ерекшелігі - ірі малға қарағанда, терінің емізікше қабаты қалыңдау. Бүзау терісінен аяқ киімнің жоғарғы бетіне былғары дайындайды. Ірі малдыкше қарағанда жүні әлі қатаймағандықтаң, иленген былғары бетіндегі табиғи бедері өте әдемі, майда болып келеді. Шикізат күйімен салыстырғанда жарғақ пен дайын былғарыда сорттылық біраз төмендеу болады, себебі бүзау терісіндегі кейбір ақауларды (түз дақтарын, сүт қыртыстарьш, шандарлы терілерді) байқау қиынға түседі Жоғарғы сортты желатин алу үшін бүзаудың бас терісі аса бағалы шикізат болып табылады.
Информация о работе Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар