Қоғамдық қозғалыс. «Азат» азаматтық қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2015 в 20:54, реферат

Краткое описание

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекщелігі сол, ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1)Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар
2) Даму тарихы
3) Негізгі мақсаты мен міндеті
4) Потенциалы мен тәжірибелік қызметі
ІІІ. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

2семестр.docx

— 70.56 Кб (Скачать файл)

Үшінші, Республика Жоғарғы Кеңесі Парламентінде қаралып жатқан мемлекеттік тіл тартысында «Азат» өзінің сонда депутат болып отырған тең төрағасы Нұрбақыт Қойшыбеков арқылы және сол күндері «Азат» қозғалысы белсенділері Үкімет үйінің алдында осы оқиғаға байланысты бейбіт митингі өткізіп, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына зор ықпал еткені де жалған емес,

Төртінші, «Азаттықтар» «Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияның» жаңа нұсқасын әзірлеп, оның қалай да дер кезінде қабылдауына атсалысты,

Бесінші, «Азат», 1986 жылғы Алматыдағы әйгілі Желтоқсан көтерілісіне саяси баға беруге ықпал жасап бақты және тар қапаста отырған Желтоқсан қахармандарын мерзімінен бұрын босатып алуға бар күштерін жұмсады, сол шараларды жүзеге асыру үшін Үкімет Үйі алдында «азаттық» азаматтар аштық та жариялады

Алтыншы, Орал орыс казактарының бассыздықтарын дер кезінде ауыздықтатқан да осы Қозғалыс болып, оған «Азат» қозғалысынан 113 адам қатысып, олардың араларында: А.Зейнуллин, О.Сәулебай, Ж.Қуанышәлі, А.Қадырбаева, Н.Оразбаев, Д.Сатыпалды, С.Ерғали сынды қозғалыс белсенділері болды,

Жетінші, Бейбіт елге қырық жыл қырғын жасап келген Семей ядролық полигонын жабауға бір кісідей ат салысты, ол кезде Семейде болған «Азат» белсенділері мыналар еді: Жамбыл облыстық бөлімшілерінің басшылары: А.Сырғабаев, А.Үсібалиева, Ж.Абдуллаева, Н.Әлімұлов, Ш.Жалжанова, семейліктер: Р.Алтайұлы, С.Сақалұлы, Г.Еруова, алматыдан:М.Есенәлиев, А.Асылбеков, Ж.Кенебайлар болды, Павлодардағы Ермак басқыншының т.б. толып жатқан еліміз өміріндегі аса маңызды оқиғаларға ат салысты, Қазақстан тәуелсіздігін баянды етті. Қозғалыстан тұңғыш рет республика парламентіне: Нұрбақыт Қойшыбеков, Асқар Сырғабаев, Жаасарал Қуанышәлінің әр қайсысы өз күшімен жеңіске жетіп, депутаттар болды.

Бұл жеті тармақ – «Азат» қозғалысы уақыт-уақытымен ұлт игілігі үшін жүзеге асыра білген ең маңызды саяси шаралар бола білді. Соның нәтижесінде «Азат» қозғалысы шын мәніндегі ұлттық саяси қозғалысқа айналды. Бұл сол тұс үшін үлкен жетістік еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ мемлекеттігінің бастауында болған «Алашорлда» Үкіметінің серкелері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Халел Досмұхаметұлы, Жаханша Досмұхаметұлы, Мұстафа Шоқай, т.б. ұлт көсемдерінен кейін саясат сахнасынан «Азаттықтар» шыққан еді.

 

 

«Азатты» өрлеткен көтеріліс

Келесі жылы, болып өткеніне жиырма жыл толмақшы 1991 жылғы Оралдағы қыркүйек көтерілісі – қазақ халқының ХХ ғасыр соңындағы азаттық жолында жасаған тарихи үш бұлқынысының бірі еді. Қалған екеуі:

1986 жылғы бүкілхалықтық Желтоқсан  ереуілі;

1989 жылғы Жаңаөзендегі шілде  көтерілісі.

Бұлардың ішіндегі Орал көтерілісінің ерекшелігі сол, ол алдыңғы оқиғалардай тосын да стихиялы түрде емес, саяси мақсат көзделіп, белгілі бір ұйымның және нақты топтың басшылығымен өз нәтижесіне жеткен айтулы да ел тарихындағы маңызды оқиға болды. Мұның байыптылығы сонда, жан-жақтан Оралға аттанғандар неге және қандай қатер болуы мүмкін екендігін жақсы білді және елдің бар аймағын қамтыған жалпыұлттық аттанысқа айналған.

Сол кезде соғыс өрті тұтанбағанның өзінде, оқиға барысында өкімет тарапынан сәйкес қауқарлық көрсетілмеген сол тұста, бәрін де күтуге болатын-ды. Егер де көтеріліс ойдағыдай аяқталмағанда, «Азаттың» батыс аймақ бойынша үйлестірушісі ретінде осы жолдар авторынан бастап, Орал облыстық бөлімінің басшысы Аманжол Зейнуллиннің, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл облыстарының Оралға келген «азатшыл» баскерлер «заңды түрде» жауап берері де, саяси құрбан болары да анық. Сол оқиғаға қатысқан «Азат» қозғалысына мүшелікке өтіп үлгермеген сол кездегі дербес саясатшылар: публицист – Жасарал Қуанышәлин, дәрігер – Орал Сәулебаев, қоғамшыл – Дәурен Сатыбалдиев және «Невада-Семей» қозғалысының батыс аймақ бойынша үйлестірушісі – Бақытжан Әділов те, оралдық ақын, сол кездегі облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Айсұлу Қадырбаевалар да ауыртпалықты бірге тартатындықтары айқын еді.

Бір қызығы, жоғарыда аталғандары бар, басқасы бар, оралдық көтерілісті бастан аяқ басқарған 13 адам сол кезде бастарын неге тігуге де даяр болды. Бұл – көтеріліске тән басқарымның болғандығын көрсететін нақты дерек. Ал, бір өкініштісі, Алматыдағы кеудесін ұрғылаған «Азаттың» басшылары да, элита өкілдері де алдын ала шақырылғандарына қарамастан, Оралға тұяқ серіппеді. Тек қана оқиға бітіп, апа-сапа болғасын, жеңіс туы желбірегесін, дәл оқиға қарсаңында «Өскемен жақта бір жұмысы болып қалған» басшымыз жеңіс байрағын бірге көтерісуге Оралға жеткен еді…

Орал көтерілісінің әңгімеге тиек болуы мынада – «Азат» қозғалысының 1991 жылғы қыркүйек оқиғасына дейінгі тағдыры мен одан кейінгі ғұмыры екі басқа болып шыға келгендігін білдірту еді. Көтеріліс кімнің кім екенін білдіріп қойған жоқ, оқиғадан соң «Азаттың» беделі мен абыройы шарықтап, оған мүше болуға ойланып-толғанушылар мен мансаптан дәмесі барлар мүшелікке шүпірлеген кез туды. Тіпті, сол кездегі Қазақ КСР-нің президенті лауазымындағы Н.Назарбаевтың өзі Орал көтерілісіне қатысты «Азатқа» аса ризалық сезімі халық атынан білдірілген тарихи алғыс болып қалды.

Жалпы, Орал оқиғасы «Азаттың» миссиясын онан сайын жарқыратып аша түсті: ұлттың саяси белсенімі артып, рухани еңсесі көтеріліп, халықтың өзіне деген сенімі пайда болды. Ең бастысы – солтұстан төнген шекара қаупы сейілді. Горбачевтан бастап ресейлік талай шовинистердің сөзіне талғажау болған солтұстық аумағымыз моральдық және саяси бекініске айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапырылыстың басы

«Азат» жайында қазіргі жарияланымдар оны біресе партия, біресе қозғалыс деп былықтырумен келе жатқаны рас. Шын мәнінде құжат жағынан да, мазмұн жағынан да «Азаттың» қозғалыс екені белгілі. Алайда, жұрттың назарынан тыс қалып, келе жатқан тағы бір жайт бар. 1991 жылы тамыздың соңында бір топ «азатшылдар» Семейде полигон жабу шарасымен, митингілетіп бір апта бойы жүргенде, Сәбеңнен (Ақатаев) ойда-жоқта партия құру туралы ұсыныс тасталды. Абыройы мен беделі енді нығая бастаған қозғалысты партияға айналдыру сан сауалды қоздырды. Ойланып-толғанып жүргенімізде, Алматының партия құруға дайындалып жатқанынан хабар келді. Бірақ сол кезде бізбен бірге Семейде жүрген марқұм Есенәлиев ағамыздың бұл «жеңілтектікке» жаратпай қарағаны бар.Өйткені, қозғалыс партияға айналуға даяр емес еді. Әлі саяси кадр да, ішкі ұйымдық қуат та болмады. Бірақ, Сәбең қояр да қоймай жүріп, О.Сүлейменов пен М.Шахановтар құрған Халық конгресс партиясының құрылтайымен қабаттасып, құрылтай шақыруға мәжбүр етті. Сөйтіп, ақыры өзі Қазақстанның республикашыл партиясының төрағасы болып, бірқатарымызды орынбасар етті де, қозғалысты М.Есенәлиевке қалдырды. Осылайша, қозғалыстың ҚРП «авангарды» болып шыға келді.Ақыры, бұл партия қалыптасып қарық болмады. Жергілікті жерлерде тым жақсы жұмыс істеп жатқан қозғалыстың кадрлары партия мен қозғалысты қатар алып жүру үшін екіге бөлініп, облыстағы бөлімдердің шырқы бұзылып, қозғалыс пен партияның жақ-жақ болып жіктеліп, бір бірімен айтысып, тұрымтай тұсына, балапан басына пышырау көрер көзге жүрді.

«Азатқа» келген сапырылысты әңгіме ету үшін уақыт бойынша кейін шегінуге тура келеді. Қозғалыстың партия құрылған соң қосарлы ұйымға айналуы жұмысқа жұмыс қосып, «Азаттың» бағдарлы жұмыс атқаруының орнына, жаңа құрылған ҚРП-сын тіркеумен және жаңа заң бойынша қозғалыстың өзін де қайта тіркеумен жүріп, 1991 жылдың күзін бюрократтық сүргінмен аяқтадық. Сол кездері М.Есенәлиев «Азатқа» жаңа серпін бергісі келгесін, бәріміз Жасарал Қуанышәлин, Дос Көшімовті, Хасен Қожахметті қозғалысқа мүше етуге келістірдік. Жасарал Есенәлиевке 1-орынбасар сайланып, оған қозғалысты мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелді. Алайда, «Азаттың» қозғалысы да, партиясы да ұзаққа созылып, жергілікті жерлердегі бөлімдер ісі кері кеткен тұс осыдан басталып, «Азаттың» басшылығы бірінен соң бірі алмасқан аласапыран мен «Азат» арқылы азды-көпті саяси сахнаға шығудың талай адамға сәті түскен сапырылысқан қым-қуыт мезгілі осылайша басталып кетті.

Бұған дейін нақты жұмысқа бағытталған 10 тармақтан тұратын ұсынысым қабылданбағандықтан, одан арғы пышыраудан қозғалысты да, партияны да құтқару мүмкін емесіне көз жеткізген өз басым, 1992 жылғы сәуірдегі құрылтайда барлық «азаттық» лауазымнан бас тартып, журналистикаға кетуге мәжбүр болдым. «Азаттың» қауқарлы қозғалысқа одан әрі болатынынан күдер үздім де, провинциялық үш басшысының (бірі – Көкшетаудағы солтүстік аймақ бойынша үйлестіруші Қ.Қабылов ағамыз) бірі ретінде, дүниеден өткен Сайын ағамыздан соң, «Азаттың» орталық басшылығынан жылыстаған Марат ағамыздан кейін, екінші болып мен кеттім. Бұл – менің ғана басымдағы емес, сол кездегі болашағынан үміт күттірер барлық қайраткерлерді тұйыққа тіреген кез еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азаттың» жаңа баскерлері

Михаил ағамыздың денсаулығы болыңқырамай, ақыры «Азатқа» басшы болып Жасарал ағамыз келді, онан соң Хасен Қожахмет пен Дос Көшім де ат басын байлаған уақыт 1992 жылдың күзі еді.

Әншейінде публицистикалық саясаттың көрігін қыздырып жүрген Жәкеңе (Жасарал) «Азаттың» қиюы қашқан жұмысын ұйымдастыру оңайға соқпады. Ж.Қуанышәлин ең алдымен жарияшыл (публичный) саясатшы еді. Оны 1991 жылғы қызыл одақтың Тамыз ыдырауынан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясына барып сөйлеген сөзінің мәйегін, Мәскеуге барып, Қазақ КСР президенті Н.Назарбаевтың сөзіне арқау етуі, қаусаған Одақ халықтарының алдында ұлттың абыройын үстемелегені бар. Мұндай әрекет, ұлт мүддесін шынайы жақтаған саясатшыларға жарасатын, әрі бұл ұлттың азаттығы жолындағы саяси сыбайласу әрекетінің сол кездегі жағымды көрінісі еді.

Жалпы алғанда, саяси ұйымдастырушылық сол кезде қазақ саясатшыларының ішінде тек қана марқұм С.Шапағатовтың бойында мол еді. Басқалары не жазғыш, не шешен болып келетін. «Азатқа» кейінірек келген Хасекеңнің (Қожахметов) де, оның алдында өзінің «Желтоқсан» партиясының ыдырауын бастан кешкені бар. Хасен ағамыз – Қазақстанның жаңаша тарихында ХХ ғасырдың соңындағы қазақтан шыққан алғашқы саяси диссидент екендігімен орны бар тұлға. Әйтпесе, «Азат» қозғалысына оның, қозғалыстың оған бергені жөнінде зерттеушілер айта жатар.

Жақсы саясатшылар аймақтан шықса да, ол кезде мегополистің итін де дұрыс үретіндей көретінбіз де, қанша алғыр болса да, провинциялық баскерлер көзге түсе алатындай жағдай жасалмады. Ақыры, «Азаттың» ісі де, деңгейі де санаулы азаматтардың қылығымен өлшеніп қалды, тіпті, әлі күнге сондай ауқымдағы баға берілумен келеді.

Сол кездегі «Азаттық» саясатшылардың басты кемшілігі – сөз бен іске және ұйымдастыруға қатар жосылған қасиеттің зәрулігі және біз сияқты жастардың алдыңғы буын соңында иба сақтаумен уақыт ұттырғанымыз еді.

Әйтсе де, аға толқын мен жас буынның ортасын ала келген Дос Көшімнің жөні саясатта басқа. Ол қандай іске де қисынмен жүретін іс жүзіндегі тәсілқой (тактикалық) саясатшы. Бірақ, «Азат» сияқты ұйымға баскер болып кетуге оның өзінің құнты мен харизмасы аздық еткен секілді. «Азатты» сақтауға талпынған аймақтық белсенділер Дос секілді саясатшыны бағалап, басшы болуға қолқаласа да, Досекең басшылыққа баспады. Жалпы алғанда, Қазақстан егемен болғалы саясатта біркелкі аяңмен нық қадам басып ұлтқа іңкәр пиғылымен қызмет етіп келе жатқан Дос екенін атап өткен жөн.

Сөйтіп, «Азат» қозғалысы өзінің тұяқ серпуін біртұтас саяси ұйым ретінде 1993 жылдың күзінде жасады деуге болады. Бірақ бала-бажыр болып өткен құрылтай дәйекті шешім қабылдап,, қозғалысты даңғыл жолға сала алмады. Осылайша, бір жылға созылған «азаттық» сергелдең, оны мөрін Хасен Қожахметке тапсырып тынды. Мөрге талас та ұзаққа созылғаны белгілі.

Азаттың» мына облыстарда бөлімшелері болды: Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе (06.04.1991), Қызылорда (24.11.1990), Батыс Қазақстан (08.12.1990), Жамбыл (12.01.1991), Семей (29.06.1991), Маңғыстау (09.12.1990), Алматы қалалық, Алматы облыстық және мына қалаларда: Көкшетау (19.01.1991), Павлодар (30.03.1991), Солтүстік Қазақстан, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстандағы бұқаралық қозғалыстар мен әртүрлі әлеуметтік топтарды біріктірген, қоғамдық бірлестіктердің белсенді қызметтері Республикадағы саяси ахуалдың өзгергенін яғни, демократиялық қатынастардың кеңейгенінің айғағы екенін ешкім жоққа шығара алмайтын кезге жеткенін көреміз. Ал мұндай әртүрлі пікірдегі азаматтардың өз мүдделерін жүзеге асыруы үшін, мемлекеттік емес ұйымдарға бірігулері азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі болып табылады.

Айтылған жайттар, әсіресе, «азатшылдар» үшін оңай тимесі анық. Өйткені, «Азаттың» дүниеден озғанын мойындамастан, оның атын саясатқа әлі де қолдануға болады деушілер бар. Алайда, одан нақты пайда болмаса, қолбасшының өлгенін майдандағы сарбаздың бәрібір еститіні секілді, әйтеуір, бір кезде өлген мүрдені жерлеу деген болмайтын ба еді? Бұрынғы «Азат» қозғалысы дәурендеген кезең келмеске кетіп, уақыттың басқа тарпаңын ерттейтін, бәлкім, шақ туған болар.

Тарихты қадірлеу саясатқа да жат емес, әйтпесе, ардақты атау «Алаштың» сілікпесін шығарардай, кәзіргі кезде сол атаулас партия құруға не қажеттілік болар еді? Егер сол деңгейлі партия болып шықса – бір сәрі, ал олай болмағанда, оны пародия еткендей әрекет жүріп жатқанын көресің де, қайран Рухтың қор болғанына қынжылудан басқа амал қалмайды. Бар айтарымыз да сол болатын – қасиетті Рухты көтере алмасақ, оны қор қылудан қашқанға не жетсін!

Ал, Рух болса қашан да тек Шындық мекендеген көкіректе ұялап, балапан өргізетінін ескерсек, сол шындықтың шыңғырмауына аз да болса, қол ұшын бергіміз келген еді. Бәлкім, келесі буын «Азаттың» мақтаныш етер тұсын талғажау етіп, үркітер қылығынан алшақ жүріп, ұлттың рухын жалауша желбіретер… Қайткенде де, ақиқаттың Алланың тынысы екенін ұмытпағанымыз абзал ғой.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Рахымбаева А. Саясаттану: Дәрістер жинағы. 2 басылым. – Астана: Фолиант, 2010. – 216 бет.

2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. – Алматы : «Дәуір», 2005. – 225 бет.

3. Ахметов Қ.Ғ. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. – Алматы: АЭИ. 1994. – 80 бет.

4. Рахметов Қ.Ж, Болатова  А.Н, Исмағамбетова З.Н. Саясаттану. Оқұ құралы. Алматы: «Өлке», 2005. – 176 бет.

Информация о работе Қоғамдық қозғалыс. «Азат» азаматтық қозғалысы