Құқық жүйесінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 18:06, реферат

Краткое описание

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдің тарихи даму барысымен, оның ұлттық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді.

Вложенные файлы: 1 файл

Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен.docx

— 47.95 Кб (Скачать файл)

Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап құқық жүйелерін, салаларын жаңартып елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.

Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі, осы салалар қоғамның экономикалыұ0 саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан, бұл салалар құқық жүйесінің деңгейі, ұйтқысы, басқа салалрға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.

Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы, теңіздік құқықтың нормалары әкімшілік, азаматтық, жер, процесссуалдық жүйелерден тұрады және олармен бірлестігі. Бұл процесс құқық жүйесінің 2-3 қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.

Құқықты жүйеге, салаға бөлудің екі себеп – мақсаты бар: біріншісі – жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екіншісі – сол жүйелік, салалық қатыастарды реттеудегі, бақарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері мен әдістерін анықтау.

Бұл әдіс – тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен біре дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдістері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап мүдде – мақсаттарына жетуге мүмкіншілік береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар шектеулі,нақты тиым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінін тәсілдері мен әдістері құқықтың барлық салаларында бар.

Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық және процессуалдық құқық пен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындауында мағызы өте зор.

Материалдық құқық – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар, т.б.

Процессуалдық құқық – материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық – процессуалдық және азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетулген нормалар.

Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде – мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде – мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде – мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Сонымен, бұқаралық құқық – мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы – жеке адамдардың арасындағы қатынастарды реттеп – басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланысты дамиды.

Бұқаралық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп-басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені, олар қоғамдық мүдде – мақсаттарды іс жүзінде асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл топқа көбіне конститутциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалардың мүдде – мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Сонымен, бұқаралық құқық – мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы – жекелік істермен щұғылданады. Жеке тұлғалар жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды. Жеке меншік болмаса жеке меншік құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

 

 

II БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ  ЖҮЙЕСІ МЕН ЗАҢ ЖҮЙЕСІ

2.1.Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы.

 

Құқық жүйесі объективті құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып, елдегі әлеуметтік өарым-қатынастарды реттеп-басқарып жатады. Сондықтан, мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарлы реттеп-басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті, дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Міне, бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз – Парламент арқылы құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:

1) Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы; азаматтық құқық, әкімшілік құқық.

2) Саланың өз іщіндегі қатынастарды реттейтін заңдар. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.

3) Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4) Қорғаныс – әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекетік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанымен қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Сонымен, заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп дамытып отырады. Құқықтың дамып қалыптасу кезеңдері:

1) Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2) Қатынастарды реттеп-басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

3) Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.

 

2.2. Құқық және  заң жүйелерінің даму бағыттары

 

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары – құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары: 1) Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамуы; 2) Құқық жүйесінің дамуы; 3) Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара байланысты жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің негізі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы бірте-бірте теңесуі тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа айналады.

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті түрде заң щығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің

әкімшілік территорриясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға көшуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп-басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп-басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.

Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері болады:

Бірінші — құқық, қоғамның объективтік — диалектикалық даму процесіне сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субьективтік жолмен қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды.

Екінші — құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нор-малар.

Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған ( өзгертулер және толықтырулармен );

2. Булгакова Д.А. « Мемлекет және құқық теориясы »;

3. Жоламан Қ.Д. « Мемлекет және құқық теориясы »;

4. Интернет желісі: «Bigox.kz»  сайты;

5. Алауханов « Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімдері »;

6. Жайлин « Азаматтық құқық. Ерекше бөлімдері. Оқулық. 1 том »;

7. Жүрсімбаев С.К. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары»;

8. Сырымбетұлы Б. «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы».

 

 


Информация о работе Құқық жүйесінің түсінігі