Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 21:50, реферат
аяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен.
”Каспий“педагогика және салалық технологиялар колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Cаясы инситуттар
Орындаған: Cахиева Асия
Тексерген:Тугайбаева Д
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен.Саяси партия ұғымы құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі түскендігінің белгісі. Партиялық басталды. Мұның. Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың нығая мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірбиелерді қарастырып көрелік.Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия – мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.
Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады.
Сонда
халыққа жасалатын игіліке
Сонымен
қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден
(кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар,
экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер
одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік
қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар
және т.б.) партияның айырмашылығы ол
мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік
беретін парламенттегі және өкіметтегі
орындар үшін ашықтан-ашық күреседі.
Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік
маңызды шешімдер қабылдауға және оларды
іс жүзінде асыруға белсене
Қоғамдық
бірлестіктердің көншілігі
Сондай-ақ
саяси партияларды қысымшы
Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор.
1)
Бұл ең алдымен партияның
2)
Саяси партиялардың мәні оның
қызметінде таңбаланады: а)
Мемлекеттік өкімет органдарына сайлауға ұсынылған кандидаттарға дауыс беруші партия жақтастары оның электоратын құрайды.
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар.
Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар: ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататын партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен емес.
Мұндай
партия мен мүшелері арасында ұйымдық
байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен
және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның
әрбір мүшесі партия билетіне ие болып,
мүшелік жараналарын уақыттында
төлейді, партия жарғысында қарастырылған
барлық тәртіп талаптарына қатаң
түрде бағынады. Мұнай партияларды
«кадрлық партиялар» деп те атайды.
Олардың кәсіби орталық аппараты
бар. Бұл партияның жекелей де
ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық
қалыптасқан партияларға
бірлестігі қосылса, Британ лейбористік партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді.
Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы. Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және басқалар кіреді.
Ұйымдық қалыпсатпаған партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады.
Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға бағытталады.
Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан.
Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т.б. ұйымдар құрылған.
Шетелдердегі саяси партиялардың әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-
құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгішетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.
Шетелдерде саяси партяларды заңды инстиуализациялау әдетте саяси партиялар мәртебесіне төмендегі маңызды элементтерді қамтиды:
1)
Саяси партиялар түсінігі, саяси
жүйе мен мемлекеттік
2)
Партия қызметін құру мен
3)
Партия идеологиясы мен
4)
Партияның ұйымдық құрылымы
6) Бұқаралық өкіметпен қарым – қатынастары;
7) Сайлауға қатынасуы;
8) Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудағы өкілетті органдар қызметіне қатынасуы.
Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндеттітүрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған.
Қызмет бағдарламасына принциптерді жүзеге асыру және көздеген нысанаға жету, ұлттық проблемаларды шешудегі саяси ұсыныстар, сондай-ақ партия мүшелеріне идеологиялық басшылық жасау әдістері
оларға саяси білім беру, сайлауға қатынасуға жұмылдыру енеді.
Жарғыда бірқатар міндетті реквизиттерді, соның ішінде кандидаттарды сайланбалы мемлекеттік органдарға ашық ұсынуды қарастыруы керек. Заң сондай-ақ жарғыда партия органдарының жүйесін ашық көрсетуді көздейді.
Заңға сәйкес саяси партия Федеральдық сайлау комиссиясында тіркеледі. Партиялардың айталық: радио мен теледидарға тұрақты шығуы, басылымдарға жариялануы үшін қаржысы, сайлау науқанына қаржысы, алым-салықтардан босатылуы, байланыс-телеграфқа жеңілдіктері сияқты құқықтар мен міндеттерді заңда айқын белгіленеді. Ұлттық саяси қауымдастықтар идеялары талқыланып, идеологияны таратуға лайықталған азаматтық бірлестіктер болып табылады. Алайда, олар сайлауларға тек партиялармен блок құру арқылы ғана қатынаса алады.
Шетелдерде партиялар аумақтық принцип бойынша құрылады, партия ұйымдарының құрылымдары сайлау округтерімен және елдің саяси-аумақтық бөлінуімен белгіленеді. Сонымен қатар аумақты-өндірістік үрдістің де кездесіп қалатыны бар. Әдетте, бұл коммунистік партияларға тән.
Бірқатар елдерде сайлау науқанында тең жағдайды қамтамасыз ету үшін партиялардың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны да болады. Мысалы, Дания, Германия, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия және т.б. елдерде сондай.
Бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Германия, Франция, Үндістан) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға зор құқық белгіленген.Қарастырылып отырған проблеманың аса күрделі, сан қырлы екенін әлемдік іс-тәжірибелер көсетіп отыр. Сөйтсе де Қазақстан Республикасындағы сан түрлі саяси партияларға конституциялық-құқылық мәртебелерін дамытуға байланысты мәселелерді шешуге шетелдік әріптестердің іс-тәжірибелерінен сабақ алғандары, үйренгені артық болмаса керек.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады
Саяси институттар - тұрақты құрылымымен, өз ішінде тығыз ықпалдасқан, көп қырлы, қызметінің икемді әрі әсерлілігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік құрылымдар.
Саяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп, бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті етеді. Әлеуметтік және саяси институттар - ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар. Әлеуметтік және саяси институттар үшін іс-әрекеттің әр субъектісінің қызметі мен өкілетін нақтылау, олардың әрекеттерінің келісімділігіне тән, қатаң бақылау мен реттеу деңгейі өте жоғары. Әлеуметтік және саяси институттар негізінде жатқан әлеуметтік және саяси байланыстар - институционалды деп, ал, Әлеуметтік және саяси институттарды құру процесі - институионализаңия деп аталады. [1].