Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:59, курсовая работа
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Кіріспе
3
1
Кәсіпкерлік және бәсекелестік теориясы
5
1.1
Кәсіпкерліктің мәні, сипаты, түрлері, міндеттері мен қызметтері
5
1.2
Кәсіпкерліктің формалары, кәсіпорынның ішкі және сыртқы орталары
8
1.3
Фирманың бәсекелестік қабілеті
11
2
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік фирмалар және бәсеке
13
2.1
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік және бәсекелестікпен байланысты заңдары
13
2.2
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
21
2.3
Қазақстан Республикасындағы франчайзинг формаларының даму жағдайы
26
3
Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті жетілдіру жолдары
30
3.1
Кәсіпкерлікті жетілдіру
30
3.2
Бәсекелестікті жетілдіру
31
Қорытынды
37
Қолдынылған әдебиеттер тізімі
39
Егер нарық субъектілерін
монополияға қарсы орган
Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған нарық субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.
Нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық жасаған кезде.
Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .
Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге қолданыстағы бағаларды өзгерту, қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың қолданылуының белгіленген мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту) өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.
Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқару органына және оған бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153 –НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді. Нарықтық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.
Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының Парламенті «Табиғи монополиялар туралы» және «Жосықсыз бесекелестік туралы» Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңды қабылдады.
Монополияға қарсы реттеу– комплекс мемлекет жүзеге асыратын және нарықтық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және нарықтық тетіктің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың кешені.
Монополияға қарсы реттеуге:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерін табу мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығын талдауды жүргізеді.
Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің)
тиісті рыногтарын талдау «Бәсе
Талдау жүргізу барысында нарықты талдайтын субъектілерден ақпарат тікелей, сондай-ақ мемлекеттік органдардан сұратылады (Қазақстан Республикасының статистика, құзіретті мемлекеттік органдар жөніндегі агенттік). Талданатын нарық субъектілерінің басымдық үлесін есептеуде ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі табиғи және құндық көріністе беріледі. Біртекті тауарлардың басымдық үлесін есептеу кезінде (жұмыстар, қызметтер) негізге табиғы көріністегі көлем алынады (мысалы, ұялы телефонның бір минуттағы қызметі).
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже, монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже бекітілген.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1 Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2 Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
1 Таза монополия - өнім
шығаратын бір фирма
2 Монополиялық бәсеке
– нарық жағдайында көп
3 Олигополия – мұның
ерекшелігі бәсекелестіктер
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық
тілге айналдырғанда: жұмыссыздық
жойылса халықта табыс
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.
1 Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
2 Елде қажетті құқықтық
тәртіпті және мемлекеттік қауі
3 Экономиканы тұрақтандыру,
яғни экономиканы тұрақты
Информация о работе Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке