Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2014 в 21:01, реферат
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен, яғни арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Ол өзінің «Арифметикалық трактат"деген еңбегінде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін ұсынған. Сөйтіп, амалдарды орындау ережесі, геометриялық фигураларды салу ережесі, сөздердің жазылуының грамматикалық ережесі т.с.с. алгоритм деп аталып кеткен.