Компьютерлік желі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 10:02, реферат

Краткое описание

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Компьютерлік желі.docx

— 23.06 Кб (Скачать файл)

Internet жүйесінде қолданылатын  негізгі хаттамалар – TCP/IP ( Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol ) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік деңгей, TCP – көліктік  деңгей хаттамалары. Арналық және  физикалық деңгейде мәліметтер  жеткізу орталарының бар көптеген  стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ауқымды желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар – қашықтан басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрылғыларды басқару хаттамасы SNMP.

 

Internet жүйесіне қосылған  әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес  – ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік  адрес. Ол екі бөліктен –  желі адресі және осы желідегі  хост адресінен тұрады. Хост (host -қожайын)  – желіге тікелей қосылған, өзіндік  адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға  ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге  символдық аттарды сәйкес қоятын  механизм қолданылады, оны домендік  аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп  атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:

<пайдаланушы идентификаторы>@<домен аты>

Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше бөліктерден  тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі  түпкі домен, әры қарай бірінші, екінші, үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші  деңгей әр мемлекет, келесі деңгей мекемелер  типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Казақстан, ru – Россия, su – постсовет  мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – АҚШ, ua – Украина, de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге сәйкестікті анықтайтын ішкі домендер үш символдан тұрады, мысалы: com – коммерциялық мекемелер, edu – білім беру және ғылыми мекемелер, gov – мемлекеттік мекемелер, mil —  әскери мекемелер, net – желілік мекемелер, org – басқа мекемелер үшін. Екінші деңгейдегі ішкі домен қала, аймақ  аттарын белгілейді.


Информация о работе Компьютерлік желі