Android операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 20:55, доклад

Краткое описание

Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді.

Вложенные файлы: 1 файл

Android.docx

— 795.30 Кб (Скачать файл)

Android

 

 

Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Платформа базасындағы смартфондар, солдан оңға қарай: HTC Dream (G1), Nexus One, Nexus S, Galaxy Nexus

Жаңалану тарихы

 

2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.

Қазіргі таңда операциялық  жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді  және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы — 4.0 Ice Cream Sandwich («Брикеттегі балмұздақ»).

 

Google TV скриншоты

 

 

 Даму тарихы

 

2005 жыл

  шілде — Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды.

 

2007 жыл

5 қыркүйек — мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.

   12 қараша — Android «Early Look» SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.

 

2008 жыл

18 тамыз — OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.

23 қыркүйек — Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.

 

2009 жыл

30 сәуір — жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты.

   15 қыркүйек — Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.

   26 қазан — Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.

   3 желтоқсан — Android 2.0.1 нұсқасы шықты.

 

2010 жыл

 12 қаңтар — Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны «Flan» деп атаған, бірақта бұл «Eclair» релизінің бір бөлігі болған.

мамыр — Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.

жетоқсан — Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.

 

2011 жыл

22 ақпан — Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.

15 тамыз — Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.

9 қыркүйек — Android 5.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.

19 қазан — Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.


Информация о работе Android операциялық жүйесі