Адамның психикалық іс-әрекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 16:43, реферат

Краткое описание

Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың он, және сол жарты шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық механизмдері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар процестер.

Вложенные файлы: 1 файл

Адамның психикалық іс әрекеті.docx

— 39.81 Кб (Скачать файл)

Адамның психикалық іс-әрекеті

Адамның психикалық іс-әрекеті

Осы күнгі физиология ғылымының  өзекті мәселелерінің бірі - адамның  психикалық (психо—жан) , іс - әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде  үлкен мидың он, және сол жарты  шарларының Әрекеттік айырмашылыгы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана процестерінің, ұйқы, сезініс, мотивация  іспетті психикалық әсерленістердің  физиологиялық механизмдері кеңінен  зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды

Адамның психикалық әсерленісінің  физиологиялық негіздері мен  заңдылықтары И. M. Сеченов пен И. П., Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық әсерленістер физиологиялык құбылыстармен тығыз  байланысты дербестігі бар процестер.

Психикалық және физиологиялық  кұбылыстардың ара салмағы

(психо - физиология сауалы) бейнелеу  теориясының маңызды саласы. Ол  материя мен санаға байланысты  философияның негізгі мәселесі.

Психикалық әрекеттің қалыптасу  заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеу ретінде қарайды.

Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан, күйлерден және кісілік  қасиеттерден тұрады. Психикалық әрекеттерге  ықылас түйсік, зерде, эмоция (сезініс) , ойлау, тіл, сана жатады. Эволюциялық  даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі  арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне  алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп  бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін  иеленді.

Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.

Психикалық әрекеттің негізі —  қоршаған ортамен организмнің объективті ара қатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген субъективтік бейне  құрайды (А. А. Ухтомский). П. К. Анохиннің  әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды  байланысты ашты.

Психикалық әрекетті бірнеше әдістер  арқылы зерттейді. Олар

физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық,

электрофизиологиялық әдістер. Сонымен  бірге пікірлесу, ауызша

жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық  сынамалар жиі қолданылады. Адамның  психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері  алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан  ықылас, ой, тіл сана іспетті психикалық процестердің әрекеттік негізін  анықтаған дұрыс.

Ықылас

Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің  тітіркенуге жауап беру даярлығын  көрсететін оның сергектік белсенді күйі.

Ықылас ерікті және еріксіз болып  екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері  арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын  және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның  іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.

Ықыластың әртүрлі көріністері  бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім  мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық  механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың  шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен қатар, A. A. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс - индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.

Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің, шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы  таламус жүйесі, оның ми қыртысы  проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін  арнамалы серпілістерді ми қыртысына  тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді.

Торлы құрылымның белсендіруші әрекеті  әртүрлі сезім мүшелері қозғанда немесе ми қыртысының (ұласқан) аймақтарының құлдыраушы ықпалдарынан пайда болады.

Таламустың бейарнамалы жүйесі ми қыртысына берілетін мәліметті  іріктеп, ықыласты бір тітіркенуден басқасына ауыстырады

Торлы кұрылым ұзақ және жалпылама  сергектікті, ал таламустың арнамалы Жүйесі ықылас пен сергектіктің қысқа мерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді.

Ми қыртысы және оның ұласқан  зоналары ықылас механизмінің негізгі  орталық бөлімі болып саналады. Мұнда  ақпаратты іріктеп алу арқылы түйсік, ықылас және сананың талғамыс түрлері жүзеге асырылады. Ми қыртысы - торлы құрылым механизмдері ерікті ықыласты, оның шоғырлануын жіті қадағалайды. Еріксіз ықылас механизмдер қыртысасты құрылымдарда қалыптасады.

Соңғы жылдары ерікті ықыластың  ерекше «парасатты ықылас» деп аталатын түрі айтылып жүр. Ықыластың бұл  түрі ми қыртысының маңдай бөлігінің  арнамалы нейрондары мен олардың  өзара байланыстары арқылы іске қосылады. Сөйтіп ықыластың әркелкі құбылыстарына  жауапты құрылымдардың иерархиялық (көп сатылы) құрылысы байқалады (торлы  құрылым-таламус-гипоталамус-лимбия жүйесіми қыртысы).

Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық  көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аудара қосушылығы болады. Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным - тіршілігі, ақыл - ойы және іс-әрекеті үшін жетекші  роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ  төтенше тітіркендірістерге шартсыз  бағдарлау рефлексі ретінде пайда  болады.

Орнықтылығы деп ықыластың белгілі  нәрсеге (объектіге) шо-ғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып  бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы  келеді.

Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің  саны сипаттайды. Мұнда ыкыластың  шашырауы немесе шоғырлануы маңызды  орын алады

Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке  бағытталады. Ықылас басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың  қарқындылығы жоғары немесе төмен болады.

Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін  шашырауда, қажудан кейін білінеді. Бұл кебінесе мектеп жасына дейінгі

балаларда, торыққыш адамдарда кездеседі. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын  және иіке бағытталған болады. Мұны өз ойына терең берілетін «оқымыстының ықылассыздығы» деп те атайды. Ыкылас сыздықтың үшінші түрінде әлсіз  қарқын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.

Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді.

Эмоция

Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді  бағыттау және жүзеге асыру амалдарын  жасайтың мотивацияның құрамында маңызды  орын алады.

Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологияльщ  эмоция — әртүрлі Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен  байланысты болады. Жоғары эмоция —  әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Қідірген эмоция — жёке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде  байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде  кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық  қанағатта.ндырылған кезде болатын  сүйкімді әсерленушілік.

Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс) , нағыз эмоция және сезім түрінде  кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті  және біршама қысқа мерзімді эмоциялық  күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз  түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның  үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат) , отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда  болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық  күйзеліс және эмоциялық көрініс  іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің  өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін  субъективтік сезінісін айтады. Организмнің  дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс  деп атайды. Эмоциялық көрініс  әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты  қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны  артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері  көбейеді.

Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің  бүкіл қосалқы мүмкіндіктері  жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар  түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері  сақталады. Бұлар тек төтенше  жағдайларда, эмоциялық зорлану  кезінде тұтынылады.

Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін  жіті қабылдайды.

Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға  өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны  толық қанағаттандыруға мүмкіндік  жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.

Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің  жағымды немесе жағымсыз жактарын тез  анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.

Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен  ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші  және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс —  мұқтаждықты қанағаттандыратын  мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық  эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді  не жалғастырады не өзгертеді.

Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын  маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы  жалпылама сатысын — эмоциялық  сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің  вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді  әсерлену тиімді келеді.

Эмоцияның реттеуші немесе аударақосушы әрекеті үстемді мұқтаждықты  анықтайтын себептердің бәсекесінде  айқын көрінеді. Ол үрей мен міндет, үрей мен үяттың сезімдер таласында  байқалады. Мұның ақыры ңиеттің  күшіне адамның тілегіне және еркіне байланысты болады.

Эмоцияның байланыстырушы әрекеті  ымдау, қол сермеу, дене қимылы, кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын  өзгерту арқылы, серіктеріне сезініс  түрін білдіреді. Мұның айғағын  эмоциялық күйлердің арасындағы қарама - қарсылықтан байқауға болады. Мәселен, куаныш пен қайғы, ашу мен  үрей, ынта мен жеркену, ұят пен  жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері  белгілі сипаттармен айқындалады.

Эмоцияның пайда болу механизімін  теориялар арқылы ұғынуға болады. Эмбпияның алғашқы теориясы Ч. Дарвин ұсынған биологиялық қағида болатын. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір  биологиялық сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар (ашу, үрей, қуаныш т. с с.) және ымдау  әсерленістері эмоциялық туа  біткен көріністерге жатады.

П. K. Анохиннің айтуынша, эмоция тарихи даму сатысында сыртқы жайларға сәйкес мүқтаждықты тез бағалау және қанағаттандыру амалы ретінде қалыптасты. Әдетте, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан  ол адам мен жануарларды белсеңді іс - әрекетке демеп отырады. Ал әрбір  мұқтаждық мақсат орындалса қанағаттық сезімі туады. Содан нәтижелі қимыл - әрекетпен ұласқан жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.

В. В. Симонов ұсынған ақпараттық қағида эмоцияны адам мен жануарлар  миының пайда болған мұқтаждықтың сапасын  және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп  санайды. Мұны олардың әрқайсысы  ырықсыз генетикалық және жеке жүре пайда болған тәжірибе негізінде бағалайды. Яғни, эмоция мұқтаждық мотивациялық және ақпараттық түрткілерден туады. Оның пайда болу ережесі ретінде төмендегі теңдеуді қолданады:

Э=М- (An-A11) ,

мұнда Э — эмоция, оның дәрежесі, сапасы және белгісі; M — маңызды  мұқтаждықтың сапасы мен күші; (Ак—A1, )—туа бітін және жүре болған тәжірибе негізінде бағалау; Ак — мұқтаждықты  қанағаттандыру үшін қажетті амалдар  тұралы ақпарат, A1, субъект қолданып отырған нақтылы амалдар туралы ақпарат.

Келтірілген көрсеткіштер кейбір эмоция пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті түрткілер болып есептеледі. Алайда бұлармен қатар субъектің  дара типологиялық ерекшеліктері, эмоция тудыратын уақыт түрткісі және мұқтаждықтың сапасы ескерілуі тиіс. Осыған орай әлеуметтік және рухани мұқтждықтан  шыққан эмоцияны сезімдер деп атайды.

Осы «эмоция теңдеуі» бойынша, амалы  ықтималдылық

(Ақ—Ah) жағымсыз эмоциялар тудырады. Ал болжамды мақа жету ықтималдылығы  (Ан—Ақ) артқа жағдайда жағымды  сезініс пайда болады.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция — арнайы ми құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге  мәжбүр етеді.

Информация о работе Адамның психикалық іс-әрекеті