Аурулардың ішкі бейнесі,түзету шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 15:53, реферат

Краткое описание

Әйел үшін бала туу - өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда деңі сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Әдетте, үлкен балалары анасының өздеріне назар аударуын қажет етеді, сондықтан көпжағдайда оның өзінің күйін қарауға, болашақ нәрестені ойлауға уақыты қалмайды

Содержание

Жүктілік кезеңі
Күтімі
Психикалық күй
Қарым қатынас
Психоэмоционалдық жағдай
Сенім

Вложенные файлы: 1 файл

жүктілік.pptx

— 690.51 Кб (Скачать файл)

Астана Медицина Университеті 
Кафедра:  
Тақырыбы:Аурулардың ішкі бейнесі,түзету шаралары

 

Орындаған:Нарымбетова  Жадыра

Тексерген:

Жоспар

 

    • Жүктілік кезеңі
    • Күтімі
    • Психикалық күй
    • Қарым қатынас
    • Психоэмоционалдық жағдай
    • Сенім

Жүктілік кезеңі

 

    •   Әйел үшін бала туу - өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда деңі сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.

 

Күтімі

 

    • Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Әдетте, үлкен балалары анасының өздеріне назар аударуын қажет етеді, сондықтан көпжағдайда оның өзінің күйін қарауға, болашақ нәрестені ойлауға уақыты қалмайды

Психикалық күй

 

    •  Барлық айтылған жайттарға қарамай, жүкті әйел өзін рухани және тәні жағынан өмірінің маңызды оқиғасына дайындау қажеттілігін түсіну керек. Ол үшін дәрігерлер босану процесіне қатысты бұлшық еттерінің икемділігін дамыту мен жаттықтыруға бағытталған арнайы гимнастикалық жаттығулар кешенін орындауды ұсынады. Бұл жағдайда бассейндегі жаттығулар маңызды, олар әйелге дұрыс тыныс алуды үйренуге, босануға қатысатын бұлшық еттерінің созылуына және босаңсынуына арналған жаттығуларды орындауға көмектеседі

Қарым-қатынас

 

    • Жүкті әйелге дұрыс тамақтану, сусын ішу, көп серуендеу, салауатты өмір салтын ұстау өте пайдалы. Бақытты ана болу үшін әйелге тәнінің дайындығынан басқа, психологиялық көңіл керек. Бұл кезде жүкті әйелге үй ішінің қарым-қатынасы өте маңызды, бәрінен бұрын жұбайы мен үлкен балаларының дұрыс көңілі. Қаншалықты адамдардың қатынасы сыпайы және жылы болса, соншалықты жүкті әйел өзін қолайлы сезінеді, жатыр да босансып, қанмен жақсы қамсызданады, сондықтан іштегі нәресте жақсы дамиды.

Психоэмоционалдық жағдай

 

 

    • . Жүкті әйелдермен сабақ өткізу алдында тұлғаның психоэмоционалдық қалпын анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Дайындықтан өтпеген әйелдердің мазасыздығы жоғары деңгейде болады, кейде олардың арасында депрессивтік жағдайлар да кездеседі. Тестілеу нәтижелері сабақ кездерінде жеке психологиялық коррекциялау үшін пайдаланады. Босануға психологиялық жағынан дұрыс дайындалған әйелге медикаментоздық басу қажеттілігі туындамайды, өйткені ауырсынуы бақытты сезімге ауысады.  
    •  

 

Қолдау көрсету

 

    • Босану кезеңі сияқты сынаққа қатысу әркімнің қолынан келмейді. Әсіресе бұл сынақ ер адамдарға қиын. Босануға бірге баратын жас жұбайлар көбінесе босанудын қиындығын біле бермейді. Босануға дайындық болмаған жағдайда кейде өкініштерге апарып соқтырады: күйеуі әйелінің күйзелісін көріп, ешқандай көмек бере алмайды. Бұл өзін жауапты санайтын еркек үшін өте қиын жағдай. Босану әйел үшін өте күрделі іс. Бірақ оның ерекшеліктерін және өзінің басты ролін дұрыс түсінген ер адам әйелінің қасында болып, сәбиінің туу процесін жеңілдете алады.

Сенімділік

 

    • Серіктестің дайындығы болашақ ананың дайындығы сияқты босану процесінің негізгі бөлшегі болып табылады. Босануға дайындау курстарында осы жағдайлары толық қарастырылады. Күйеуінің босану процесіне қатысу деңгейін әрбір отбасы өздері шешу керек. Босану барысында серіктеске қойылатын талаптар: өзіне сенімді болу, босану процесін білу және көмек көрсете білу (бұл арнайы дайындық арқылы іске асырылады). Серіктес үрейленуге, медқызметкерлерімен шиеленісуге, оларға өктемдік жасауға, босанушы әйелге қарсылық көрсетуге болмайтындығын түсінуі керек. Әйелдің көңіл-күйімен жағдайына қарайласып, оның эмоцияларын, тіпті ашуында түсінуі керек.

Қолданылған әдебиет

 

 

 

 

   Илешова Р.Г «Медициналық психология»

    • Журнал «Денсаулық”
    • Ғаламтор

Назарларыңызға  рахмет


Информация о работе Аурулардың ішкі бейнесі,түзету шаралары