Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:37, реферат
1. Даму психологиясының пәні.
2. Даму психологиясының салалары.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысты.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.
Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.
Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз («сынақ») деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.
Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.
Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
– бір жасушадан жаралған;
– екі жасушадан жаралған.
Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
1) лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;
2) табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді.
4-тақырып. Психиканың дамуын жас кезеңдерге топтастыру
Жоспар
1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
2. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы.
3. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
4.Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын.
Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н. Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болады. Әлеуметтік жас дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.
Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңдерін топтастырып көрейік: туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.
Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
– бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін);
– еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
– 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі;
– 3- тен 7-ге дейінгі кезең – сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар көбіне аналарына көмектесіп, ұлдар болса әкелеріне көмектеседі;
– 8-ден 11 жасқа дейінгі жас – періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда (1-1,5) жыл алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді;
– 12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең – бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың дәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкендермен табақтас ететін;
– 15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнап отырған.
Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.
Осы келтірілген жас
кезеңдері психологиялық
Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Сензитивтік кезді, әдетте, метафора ретінде егіннің жақсы, не нашар шығуымен ұқсастырады. Әр жылдары егіннің жақсы не нашар шығатын мезгілдері сияқты, адамның, соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы, сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы
Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л. С. Выготский, Н. С. Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер таратты.
Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді, осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбие мен оқыту тәсілдері қолданылуы керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлұматтар айқын қалмаған деп сұраса, ол 20-25-ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді. Әсіресе жастық кезеңде адам өте сезімтал болып келеді. Бастауыш мектеп жасындағыларда (7-10) мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін. Осы жастағы балалар келесі кезеңге өткенде (11-16) бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан балалар үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды, оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас (16-18) кезеңіне келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді. Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. АҚШ-тың тілшісі Э. Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп кетеді. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кезеңі түрлі уақытта кездеседі.
Осы айтылғандардың барлығы музыка, сурет өнерлеріне де тікелей қатысты. Ірі суретшілер мен композитерлер өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған. Әрбір нәрсенің өзіндік және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.
Кеңестік даму психологиясының
негізгі теориялық бағыттары.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы.
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің
кезеңмен
қалыптасу теориясы.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы.
______________________________
1. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы.
20-30 жылдары Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту
теориясы қалыптасты. Выготский Энгельстің
адамның табиғатқа икемделудегі және
өндіріс процесінде құралдардың көмегімен
табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің
рөлі жөніндегі идеяларына сүйене оытрып,
еңбек- адамның құралмен істейтін әс-әрекеті,
ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге,
адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді
деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі
оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан
білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық
іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты,
өзінің ішкі психикалық әрекетінде белгілерді
( сөзді, цифрды т.б. ) пайдалануы негізінде
мүмкін болған.
Адамның дамуы оқыту арқылы барлығын игеру
процесін де жүзеге асады. Оқыту баланың
психикалық дамуын анықтай отырып, оның
өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде
негізгі орын алады. Психика дамуының
бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер
белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік
ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз
түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Л. С.
Выготскийдің психологиялық теориясында
адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік
идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы
генетикалық заңын Выготский былайынша
тұжырымдады: “... баланың мәдени дамуындағы
қандай да болмасын іс-әрекет сахнада
екі рет, екі бағдарда: әуелі- әлеуметтік,
кейін- психологиялық, алдымен интерпсихикалық
категория ретінде, баланың ішінде көрініс
береді”. “Қандай да жоғары психикалық
функция бастапқы әлеуметтік функция
болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты
арқылы өтуі қажет”.
Бала тілінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Л.С.Выготскийдің пікірінше, мінез-құлықтың
барлық жоғары формаларының ең көне негізі
болып саналатын көрсеткіш ым-ишарат тарихы.
Сонымен, барлық жоғары психикалық функциялардан
адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары
көрініп жатады. Л.С.Выготскийдің адамның
психологиялық табиғаты дегеніміз ішке
енгізілген және жеке адам функциясы мен
оның құрылымының формлары болған қоғамдық
қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды.
Әлеуметтік мінез-құлықтың генетикалық
түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған
дәстүрлі психологияға қарама-қарсы. Л.С.Выготский
жоғары псизикалық функциялар алдымен
қарым-қатынастар ретінде қалыптасады
да, тек содан кейін ғана жеке адамның
психикалық функциясына айналады деп
көрсетті. Л.С.Выготскийдің теориясына
сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады.
Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз
жеке адамның кім болып шығуы оның басқа
адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы
болады деген сөз.
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің
кезеңмен қалыптасу теориясы. Даму
психологиясының концепцияларының бірі
– ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу
теориясы болып табылады. 50 жылдарда бұл
теория П.Я.Гальпериннің еңбектерінде
кездес ті. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен
қалыптасу теориясының негізгі идеясы
мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың
іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі
бір жүйесін орындауы жағдайында және
соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам
ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды,
ол ойлауды үйренеді, ойлай операцияларын
игереді.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық
қағидасы. Даму психологиясының аса
маңызды қағидасы- сана мен іс-әрекеттің
біртұтастылығы. Бұл қағидаға сүйене отырып,
білім игеруді белгілі бір әрекеттерді
орындау және игеру нәтижесінде болатын
процесс ретінде қарастырады. Осы көзұарас
тұрғысынан алғанда психикалық іс-әрекеттің
бастапқы формасы- қоршаған дүниенің объектілері,
өзгеретін, материалдық, сыртқы, нақты
іс-әрекеті. Ішкі психикалық, ойлай іс-әрекетінің
игерілуі сыртқы, материалдық кезеңін
немесе материалданған іс-әрекеттер кезеңі
арқылы өтпейінше еш мүмкін емес. Іс-әрекеттің
материалдық формасының мысалы болып
табылатын таяқшамен есептеу табылады.
Іс-әрекеттің нақты заттармен немесе схемалармен
жүргізілуі оқушыларға іс-әрекет құрамына
кіретін әрбәр операцияны айқын қадағалап
отыруға мүмкіндік береді.
Информация о работе Даму психологиясының пәні мен міндеттері