“Астана медицина университеті”
АҚ
СӨЖ
Тақырыбы : Дәрігердің басшылық
қасиеттері және олардың кәсіптік қызметтегі
алатын орны
Орындаған : Макенова Д..
Топ : 102
Факультет : стоматология
Қабылдаған : Исимова А.Е.
Астана - 2015
Жоспар :
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2.1. Басшы
2.2. Дәрігердң қолбасшылық
қасиеті
2.3. Қоғамдағы дәрігердің
алатын орны
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
- Кіріспе
Дәрігер тұлға ретінде әлеуметтік
және психологиялық тұрғыдан қарастырғанда
тар емдік-профилактикалық қызметпен
шектеліп қана қоймайды , сонымен қатар
ол халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруде
және тәрбие берудің күрделі және аса
күрделі болып келетін мәселелерін шешуде
маңызды рөл атқарады.
Өмір бір орында тұрып қалған
емес. Өмір, әсіресе жаңа заман өмірі
медицина, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне
деген жаңа талаптар қоюда. Барлық әлемде
медицина ғылымы мен техниканың дамуы
үлкен дискуссиялыр тудырып, қоғамда сындар
айтылып жатыр. Бұндай алға жылжу тек қана
жетістіктер мен үміттерді емес, дәрігерлердің
жауапкершілігін және қолбасшылық қасиеттерін
танытуды қажет етеді.
Дәрігерлік тұлға, оның жинақталғандығы
және дамуы науқастың жазылып кетуінің
негізіне жататын маңызды факторлардың
бірі болуы мүмкін.
Науқасқа деген толықтай , яғни
біртұтас берілу принципі ең алдымен дәрігердің
жеке тұлғалық біртұтастығының сақталуымен
, сонымен қатар " жеке қасиетінің дамуларының
пропорционалдығы мен келістілігі, тұлғаның
біртұтастығы, оның ішкі қайшылықсыздығы
" .
2. Негізгі бөлім
2.1. Басшы
Басшы өз ұйымының ең маңызды
қозғаушы күші. Оның ұйымдастырудағы қабілеті
мекеменің барлық жұмыскерлеріне тікелей
әсер етіп жатады. Іскерлік – ұйымдастыру
мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің
белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды
белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне
айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің
мінез-құлқының белгісі, жеке басының
қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі,
өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен
қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана
білуі, қол астындағы қызметкерлердің
қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра
білуі. Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер
адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы
жақтарды, нышандарды, байланыстарды,
қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы
нәрсені ала біледі.
Басшыны сәтсіздікке
ұшырататын 10 ірі себеп:
Бірінші, жай-жапсарды қабыстыра алмау. Іскер
басшыларда белгілі бір істің жай-жапсарын
жақсы меңгеру, үйлестіру қабілеті болуы
керек. Әрқандай аты-затына сай басшы «жұмысбастылықтан»
өзіне жүктелген әрбір істі ақсатпайды.
Егер басшы немесе басшының көмекшісі
болған күннен бастап, өзін жұмысбастымын,
жоспарды өзгертуге, көз алдағы шұғыл
мәселелерді шешуге шарасызбын деп сезінсе,
онда бұл оның қабілетінің шамалы екенін
көрсетеді. Басшылар табысқа жету үшін
өзіне және атақ-шеніне қатысты барлық
шаруаларды егжей-тегжейлі меңгере білулері
тиіс. Бұл, әрине, оның іскер көмекшілерден
дұрыс пайдаланып, мәселелерді ойдағыдай
шешкенінен көрінеді.
Екінші, басқаларға қол ұшын бермеу. Әрқандай
бір ұлы басшы басқалардың өзіне тапсырған
шаруасын қалт жібермей, тыңғылықты орындайды.
Көптің қамын ойлау тек іскер адамның
ғана қолынан келеді. Міне, бұл басшы болған
кісінің жадында берік сақталуға тиісті
ақиқаты.
Үшінші, білгенін місе тұтып, шаруаға мойын бұрмау.
Жұрт бір адамды біліміне емес, қайта,
тындырған ісіне, басқалардың жұмыс белсенділігін
қозғауына бола қошаметтеп, алғыс жаудырады.
Төртінші, қол
астындағыларының бәсекеге түсуінен қорқу.
Басшы қол астындағыларының өз орнын басуынан
алаңдаса, онда күмәні, сөзсіз шындыққа
айналып, тағынан құлайды. Басшылар ізбасар
тәрбиелеулері, әрі оларға нақтылы басшылық
қызметтерін шын пейілімен тапсырып берулері
керек. Тек осылай болғанда ғана олар өздерінің
басшылық өнерін өсіріп, қызметтің жоғары
деңгейіне көтеріле алады. Басқаларды
істете білу мен өзі қол салып істеуді
салыстырғанда алдыңғысының өнімі соңғысынан
әлдеқайда жоғары. Іскер басшы өзінің
қызметі мен адамгершілігін жұрт көңіліне
ұялатып, олардың қызмет өнімділігін арттыруына,
қызметте анағұрлым мол табыстарға қол
жеткізуіне жебеуші болады.
Бесінші, ой
жүгірте білмеу. Ойсыз басшы шұғыл жағдайда
қол астындағыларына өнімді шара көрсетіп,
жол нұсқай алмайды.
Алтыншы,
өзімшілдік. Қызметті қол астындағыларына
итеріп, атақ-абыройға өзі кенелген басшы,
сөзсіз көптің наразылығына ұшырайды.
Аты-затына сай нағыз іскер басшы атақ-абыройды
қол астындағыларының еңбегіне жазады.
Өйткені, көптеген адамның жұмыс белсенділігі
ақшаға бола емес, қайта, маңызды жұмысқа
жауапты болғанына, сыйланып, мадақталғанына
бола арта түсетінін ол әбден біледі.
Жетінші, жүріс-тұрысына көңіл бөлмеу. Жүріс-тұрысына
көңіл бөлмеген басшыны қол астындағылар
құрметтемейді. Өз әрекетін тежей білмеген
адамда қоғамдық ықпал болмайды.
Сегізінші,
опасыздық. Бәлкім, мұны он ірі себептің
маңдайалды тармағы деуге болады. Егер
басшылар өзінің жұмыс атқаратын ұйымы
мен қызмет орынына, қол астындағылары
мен жоғары жаққа адал болмаса, мансап
орны баянды болмайды. Опасыздық – сол
басшының біліктілігінің өте төмен екенінен
дерек береді. Мұндай адамды ел де бойына
тоғыта бермейді. Опасыздық басшылардың
тұрмыстың әр қырында сәтсіздікке ұшырауындағы
басты себептерінің бірі.
Тоғызыншы, басшылық
беделді беталды пайдалану. Іскер басшылар
қол астындағыларын сеспен емес, шабыттандыру
арқылы тәрбиелейді. Қол астындағыларын
«биліктің» тегеурінімен басқалартын
басшының күні ұзаққа бармауы да мүмкін.
«Жігіттің сөзіне қарама, тындырған ісіне
қара» деген халық мақалы бар. Нағыз басшы
қол астындағыларының көңілін таба білетін,
әділетті жақтайтын, кәсіптің өресі жоғары
адамдардан шығады.
Оныншы, атақ-абыроймен санасу. Іскер басшы
атақ-абырой, бет-беделімен қол астындағыларының
қолдауына ие болуды қаламайды. Шен-шекпенге
бой ұрған жандарда қабілет болмайды.
Нағыз іскер лидер басқаларды қашан да
құшақ жая қарсы алады. Жоралғы-жосынымен
шектеліп, сән-салтанатқа берілмейді.
2.2. Дәрігердң
қолбасшылық қасиеті
Дәрігердің басшылық ролі -
бұл дәрігердің белсенді, бастаушы позицияда,
лидер ретінде, ал науқастың белсенділігі
шамалы, дәрігерге ілесетін жағдайда болуы.
Дәрігердің басқару ролін өзіне алуы,
беделді және билікті жағдайда болуы арқылы,
барлық емдеу кезіңде туатын мәселелерді
шешуін өз жауапкершілігіне алады. Мұндай
дәрігерді, аурудың көбі «дуагер, маг»
ретінде қабылдап, оның әрекетіне зәру
болады. Аурулар оның басымдылығьша бейімделіп,
оған толық бағынуға даяр. Олардың ойы
- «дәрігер барлығын біледі, науқас - ештеңе
білмейді». Кемеліне келмеген, ересеймеген,
мінез-құлқына қарай басқаруды қажет ететін
науқастарда, бұл қатынас қолайлы және
қажетті.
Қазіргі кезде дәрігердің аурумен
қарым-қатынас үлгісі ретінде, оның билік
жасау, авторитарлы ролі саналады. Бұлда
дәрігер белсенді, лидер позициясында
болып, арақатынаста доминант (басқарушы)
ролін атқарады. Яғни, ол емдеу және диагностикалық
үрдісінде барлық мәселелерді өзі шешіп,
толық жауапкершілікті өз мойнына алады
(моральдық, психологиялық, құқықтық).
Мұндай жағдайда науқас адам дәрігердің
бағынуында больш, тәуелді және пассивті
емдеу объектісі ретінде саналады. Дәрігер
мен науқас арасында тиісті дистанция
сақталып, оны бұзуға тосқауылдар қойылады.
Дәрігердің басқарушы, билеуші
болу үлгісі хирургия, акушерия мен гинекология,
стоматология және травматология салаларында
басым болады. Әрине, лидерлік рольді атқару,
дәрігерге жоғары талап қояды: беделді
болуы, білімі, біліктілігі және білгерлігі
ешқандай күмән келтірмеуі, т.б.
Бұл қарым-қатынас түрінің кемшілігі -
науқастың белсенді еместігі және үнемі,
емделгеннен кейін де дәрігерге тәуелді
болуы.
2.3 Қоғамдағы дәрігердің
алатын орны
Азаматтардың денсаулығы мен
өмірін сақтауды қамтамасыз ету - әр мемлекеттің,
қоғамның ерекше міндеті. Халықтың дсмсаулығын
сақтау және лайықты өмір сүру жағдайын
қамтамасыз ету - мемлекеттің адамгершілік
саясатының көрсеткіші. Бұл әлеуметтік
мәселені іске асыруда, дәрігердің кәсіби
әрекеті және адамгершілік қасиеті маңызды
болады.
Адам өмірін сақтау, аурулардың алдын
алу және денсаулығын қамтастыру, ем қонбайтын
дерттерде қиналуын азайту, дәрігердің
кәсіби әрекетінің басты мақсаты. Дәрігер
өз әрекеттерін ар-ұятына негіздеп, Гиппократ
антын және Қазақстан дәрігерлерінің
антын басшылық етіп, гуманизміне және
қайырымдылығына, әлемдік қоғамдастықтың
әтика құжаттарына сәйкес орындайды.
Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне
толық міндетті және науқастарға көрсетілген
жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады.
Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы
ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен
жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер
міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін
жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін
іске асыруда медицина ілімінің соңғы
жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби
шешім қабьшдауында, материалдық пайда
табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі
кажет.
Дәрі шығару фирмаларының препараттарын
тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын
алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған
кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын
сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық
етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында,
медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға,
олардың жасына, жынысына, ултына, дініне,
әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына,
азаматтылығына және басқадай медициналық
емес жағдайьша, сонымен қатар, материалдық
жағдайына байланьтссыз көмек беріледі.
Дәрігер қызметіне байланысты
мекемеге қатынасты алынған міндеттерін
тиянақты орындауы қажет.
Студенттерді және жас мамандарды оқытын
жүрген дәрігердің тәртібі және өз міндеттерін
орындауға қатынасы лайықтьт түрде және
олар үлгі түтатындай болуы қажет. Дәрігер
колы жететін құралдар (газет, радио, теледидар,
т.б.) арқылы салауатты өмір сүру салттарын
насихаттауға міндетгі және қоғами, кәсіби,
әтикалық нормаларды орындауда үлгілі
болуы керек.
Дәрігердің жекеше тәжірибелігі заң арқылы
реттеледі. Дәрігердің басқа дәрігерлерді,
жетім балаларды тегін емдеуі - оның парызы
және кәсіби адамгершілігі.
Гуманизм
мақсатында қызметін атқаруына байланысты,
дәрігер тұлғалық беделін заңды түрде
қорғауға, жеткілікті материалдық қамтамасыз
етуді, соғыс және бейбітшілік кезінде
кәсіби әрекетін атқаруға жағдай тудыруьш,
талап етуге мүмкіншілігі бар.
Дәрігердің ұйымдастырылған (заңцы түрде)
қарсылық білдіру қозғалыстарға қатынасуы,
оны өз міндетін атқарудан ауруларына
қажетті медициналық жәрдем беруден босатпайды.
Дәрігерлік ассоциялардың жұмысына қатысуға,
олардың тапсырмаларын орындауға, дәрігер
міндетті болады.
Дәрігерлік жұмысын атқаруда, дәрігер
аурулардың және медициналық қоғамдастықтың
алдында, ал заң бұзылуына байланысты
- сот алдында жауапты. Бірақ та, ең алдымен,
дәрігер өз ар-ұяты алдында міндетті болуы
керек.
Дәрігерлік
этиканың орындалуын кәсіби ассоциялар
қадағалайды.
Дәрігердің атқаратын алдын алу және емдеу
диагностикалық жұмысының әлеуметтік
маңыздылығы өте зор.
Адамның денсаулығын сақтау, өмірін қорғау
қоғамға талай экономикалық табыс келтіретіні
мәлім. Жоғары тәжірибелі, білімді бір
дәрігер ғана жүздеген - мықтаған адамдардың
өмірін сақтап қалуы нәтижесінде, қоғамдағы
әлеуметтік жағдайға маңызды үлесін қоса
алады.
Сондықтан, оқуға және дәрігер
болуға ынталы үнемі иермейтін студенттер,
институттан тез арада шығарылуы керек,
себебі ертеңінде олар нашар дәрігер болатынының
және олардың іскерлік әрекеті, қоғамға
айтарлықтай пайда әкеле алмайды. Яғни,
дәрігердің білімі мен коммуникативтің
білгерлігі, қазіргі кезде, «әкономикалық
ұғым» екені анық, себебі дәрігердің қоғамы
орны және жекеменшік жағдайы осы мағынасы
негізделеді.
Жұқпалы ауруларға
шалдыққан науқастар (туберкулез, сифилис)
қоғамға үлкен қауіп келтіретіні анық.
Дәрігерлердің оларды емдеуі және оқшаулауы
арқылы, басқа адамда дені денсаулығын,
өмірін сақтап қалатыны өте маңызды. Мысалы,
ертеректе, бұл эпидемиялар мыңдаған адамдарды
мүгедектікке, өлім-жітімге әкеліп, қоғамға
үлкен шығын келтіргені белгілі.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында, дәрігерлер
жүргізетін санитарлық-оқыту жұмыстары,
қауіпті жұқпалы дерттердің алдын алуға,
олардың адамдар арасында жайылып-тарамауына
бағытталады.
Тәжірибелі дәрігер жұмысы - қызметтің
ерекше түрі, ол медициналық аймақта арнайы
білімді және дағдылануды, маманнан науқаспен
арнайы қарым-қатынасты қажет етеді.
Сөйтіп дәрігердің коммуникативтік компетенциясының
қалыптасуы - қазіргі заман медицинасының
негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Коммуникативтік компетенттілік, дәрігер
мен науқастың қажетті және нәтижелі коммуникациясын
құру үшін, ішкі ресурстар жүйесі ретінде
қарастырылады.
Қорытынды
Соңғы он жылда медициналық
тәжірбиеде дәрігер ісінің сипаты мен
мазмұнына қатысты өзгерістер орын алуда.
Бұл іс науқастың еңбекке жарамдылығы
мен оның өмірін сақтаудағы дәстүрлі кәсіби
міндеттерінен шектен шығып отыр. Соның
ішінде пациенттің сапалы өмірін қамтамасыз
ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Бұл, өз алдына, халықты сапалы медициналық
көмек көрсетумен қанағаттандыруды бірінші
орынға шығарады.
Дәрігерлердің коммуникативті дағдыларды
қолдануы олардың кәсіби қызметіне оң
ықпалын тигізеді. Бұл науқас жағдайын
толық және нақты дәрігерлік бағалауда
білінеді. Сапалы медициналық көмек көрсету
аясында науқастың қанағаттанушылығы
өседі. Олар толық мәнінде бар проблемаларды
ұғынады, тексерілудің керектігін, емдік
және диагностикалық шаралардың мән-мағанасын
түсінеді. Дамыған коммуникативті дағдылары
бар дәрігерлердің жетекшілігіндегі пациенттер
көп жағдайда терапияға берілген болып
келеді және өзінің мінез-құлығын өзгерту
жөніндегі кеңестерге сүйенеді, сонымен
қатар, өздерінің ауруын алып жүруге саналы
және белсенді түрде қатысады.Оларда ауруы
себепші болатын үрейге және депрессияға
әуестіктері азаяды. Сонымен қатар, коммуникативті
дағдыларды қолдану дәрігерлердің де
өмірін жақсартады, кәсіби стрессті сезінушілігін
төмендетеді, кәсіби «күйіп кетуді» азайтады
және кәсіби өзін-өзі сыйлаушылықты жоғарлатады.
Медициналық қызметкерлерде коммуникативті
дағдыларды жетілдіру кәсіби білім берудің
өзіндік мәселесін тудырады. Мұндай дайындық
дәрігерлердің пациентпен психологиялық
қарым –қатынасын жақсартуға бағытталған
және олардың арасында конструктивті
ынтымақтастықты тереңдетеді. Бұл өз алдына
клиникалық мәліметтерді жинау мен анализ
жасау жағдайын жеңілдетеді және емдік-профилактикалық
шаралардың тиімділігіне тікелей ықпал
етеді. Дәрігерге қажетті коммуникативті
дағдылар тізімі көлемді болып келеді.
Ол өзіне вербальді, сондай-ақ вербальсіз
коммуникация әдістерін, өзін өзі ұғуын
және өзін өзі ұстауын тереңдету мен тұлғааралық
қарым қатынасты жақсарту әдістерін қосады.
Бұған белсенді тыңдау, сараланған сұрақтарды
қою, білікті ақпарат беру және науқасқа
потенциалды зақым келтіреін мәліметтерді
сақтықпен жеткізу сияқты психологиялық
техникалар жатады. Сонымен қатар, психологиялық
негізделген тәсілдердің де маңызы зор.
Бұлар пациенттің активациясына , конструктивті
диалог құру , серіктестік позиция жасауға,
біріккен терапевтік шешімдер қабылдауға
, бағалауға қарсы әрекетке, психологиялық
тойтарысы бар жұмыстарға бағытталған.
Көптеген дәрігерлер кәсіби жүріс-тұрыс
ережелері туралы тек жалпы түсінікке
ие және тәжірбие жүзінде оларды жеткіліксіз
пайдаланады. Бұл әсіресе пациентпен психологиялық
қатынасты жақсарту қабілеттілігіне,
науқасты сұрастыру стиліне, науқастан
алынған ақпаратты ұйымдастыруға, сондай-ақ,
емдік-диагностикалық үрдістегі ынтымақтастыққа
пациентті қызықтыруға байланысты.
Айтылғандарды есепке ала отырып, медициналық
көмек көрсетудің біріншілік буын дәрігерлердің
психологиялық біліктігін жоғарлату кәсіби
және жеке дамудың маңызды құралы ретінде
қарастырылу керек, сонымен қатар, емдік-профилактикалық
ұжымдарда психологиялық ахуалды сауықтыру
әдісі ретінде, ең соңында медициналық
көмек сапасын көтеру құралы ретінде қарастыру.