Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:47, реферат

Краткое описание

. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi.
2. Психиканың рефлекторлық сипаты.
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi.
4. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.
5. Психология салалары.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп

зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады" деп жазады. Психология зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр.

Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерiне əсер

етушi объекттiң  қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.

Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi зерттелушi құбылыстардың мəнмағынасын ашып

беру. Осыған байланысты əдiснамалық мəселелер туындайды.

Психикалық  құбылыстардың мəнiн тануда диалектикалық  материализм үлкен роль ойнайды. Б.Ф.Ломов

өзiнiң аталған  еңбегiнде психология ғылымының  тiрек категорияларын, олардың жүйелi өзара

байланысын, жалпылығын, сонымен бiрге бұл категориялардың  өзiндiк дербестiкте екенiн айқындап

берген. Ғалым  психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iсəрекет

категориясы, жеке адам категориясы, тiлқатынас категориясы, сондайақ жалпылық мағынасына орай

категория санына жататын түсiнiктер – "əлеуметтiк" жəне "биологиялық". Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк

себепсалдарлық (детерминант) қатынастарды айқындау ғылым  мiндеттерiнiң ең бiр қиыны.

Алғашқы он жылдықтарда  психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал

қазiргi кезеңде  оның қоғамдағы ролi көп өзгерiске  ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiстегi,

мемлекеттiк  басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып

барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму

жағдайлары  да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық  бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер  адамдық

фактор маңызының  жоғарылауынан қоғам өмiрiнiң барша  тарапында əр қилы формада пайда  болуда.

"Адамдық  фактор" дегенiмiз əрбiр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iсəрекетiнде көрiнiс

беретiн əлеуметтiкпсихологиялық, психологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.

Бiз бұл жерде  осы күнгi қоғамдық практиканың психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау

мiндетiн алмай (өйткенi, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына

байланысты  психологияның маңызын қысқа  атап өтпекпiз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша

бөлiктерiнде (мектепке дейiнгi, орта, жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен

сабақтас проблемалар  шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн  түгелiмен қарапайым түйсiктен

бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн оларды басқарушы объектив заңдылықтарды  ашу

үшiн зерттеу  оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру формаларын

анықтап белгiлеуде  орасан маңызға ие.

Психология  ғылымының қолданбалық (прикладной) мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм

беру мекемелерiнде  кең психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi

күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым  мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде

дəнекер жүйе болуы  кəмiл.

 

4. Психологияның  ғылымдар жүйесiндегi орны

Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын  тануға орай психологиялық деректердiң басқа

ғылымдарда  пайдалану мүмкiндiктерiн жəне, керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн  өзiне қалай

қолданатынын  жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы

психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сарап (классификация) схемасынан келiп

шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында  бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүесiндегi

өз орнын  психология құсап жиi өзгертiп тұрған емес. Қазiргi күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап

əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты

байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема шыңдарына  жаратылыстану, əлеуметтiк жəне

философиялық  ғылымдар қонақтаған үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай

орналасуы олардың  пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу

барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын  бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып

отырады.

Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi зерттеу объектi адам болған барша ғылым

салаларының жетiстiктерiн  бiрiктiрiп, байланыстыру.

Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай?

Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iсəрекет  заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар

арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай

реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның  психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны

айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер

ең алдымен  психикалық құбылыстардың адамның  объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн

тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iсəрекетi барлық уақытта адам өмiрiнiң

объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады.

Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама  күрделi болмасын) материалдық негiзi

бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына  арқа сүйей отырып, субъектив

жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын  шынайт заңдылықты дəлелге негiздеп бере

алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам

iсəрекетiне  ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн

тигiзедi.

Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң  объектив жағдайларына тəуелдiк

заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң  мидағы бейнелену механизмдерiн  де

айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi

физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.

Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ  ғ. басталған жаратылыстану ғылымдарымен

бiрлiкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың  нəтижесiнде психологияға

экспериментальдық əдiс ендi. (Г.Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И.М.Сеченов, И.П.Павлов).

Қазiргi заман  психология проблемаларының зерттелуiне Ч.Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен

ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың ролiн

анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым  түрлерден туындайтынын түсiнуге

мүмкiндiк бердi.

Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдiктер мен жануарлар  тiршiлiгiндегi ерекшелiктердi айыра бiлуi қажет.

Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмiр тұрпатынан қоршаған ортада

белсендi бағдарбағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк  иесi көп жасушалылардың күрделi өмiр

формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың

тiршiлiк принциптерi арасындағы айырмашылықтарды да бiлгеннiң  маңызы үлкен. Икемделудiң жалпы

биологиялық принциптерiн  бiлмей, жануарлар қылықəрекеттерiнiң  ерекше бiтiстерiн дəл түсiну мүмкiн

емес, ал онсыз  адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан

айырылады. Сонымен  бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндiк негiзiн  құрайтын

деректердi ешуақытта  биологиялық деректермен баламаластыруға  болмайды.

Психология  үшiн оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика,

этнография, социология, өнертану, заң жəне т.б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен

тiкелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттерiнiң механизмi, əрекет,

əдет, əлеуметтiк бағыт, тəртiпталап стереотиптерiнiң қалыптасу заңдылықтары жөнiндегi бiлiмдердi

пайдаланбай, кейiп, сезiм, психологиялық климатты танып  бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен

психологиялық қасиеттерiн, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк

процестер мен  құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi

зерттеуде психологиялық  факторды ескеру заңды қажеттiлiк. Психологиялық  факторлар өздiгiнен

əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау

арқылы түсiну мүмкiн. Адамның психикалық iсəрекеттерiнiң  негiзгi формалары қоғамдық тарих

шарттарына  орай туындап, дəстүрлi объектив iсəрекет  жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек

құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтiрiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық

ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылықəрекетiнiң

қалыптасуы  тiршiлiктiң биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қылығының

қалыптасуы  қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық

əрекетқылықтың  адамға тəн ерекшелiктерiн зерттейтiн  психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын

қорытушы əлеуметтiк  ғылымдар деректерiнсiз бiр қадам  да iлгерiлей алмайды. Адамның психикалық

əрекетiне арқау  болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлiкпен көре бiлу психологияның берiк ғылыми

тұғырға орнығуына  мүмкiндiк бередi.

Психологияның педагогикамен байланысына аса  назар аударған жөн. Əлбетте, бұл  сабақтастық

бұрыннан да белгiлi, кезiнде К.Д.Ушинский: "Адамды жанжақты тəрбиелеу үшiн оны жанжақты зерттеу

қажет", деген  едi. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрiнiп тұр. Егер педагогика

психологиялық құбылыстардың табиғаты жөнiндегi бiлiмдерге сүйенбесе, онда ол қарадүрсiн

педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мəнiнде ғылым болудан  қалып,

мұғалiмге ешқандай жəрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория,

дидактика, пəн  əдiстемесi, тəрбие теориясы) даму барысында  психологиялық зерттеулердi қажет  ететiн

проблемалар туындап  отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; бiлiм, ептiлiк жəне

дағдылардың қалыптасуын; адам қабiлеттерi мен мотивтерiн, оның психикалық дамуын тұтастай бiлу

оқудың əр сатысындағы  бiлiм мазмұнын анықтау, оқу мен  тəрбиенiң ең тиiмдi əдiстерiн нақтылау жəне

т.б. сияқты өзектi педагогикалық проблемаларды шешуде келелi мағынамаңызға ие.

Қазiргi кезеңде  нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтаған асқар тау  ақпарат қорынан

мектеп үшiн  нендей бiлiмдi жəне оны қалай алу  керек? дегендей мың сан проблема қордаланып тұр.

Бұлардың бəрiне шешiм табу, адамның əр жас деңгейiндегi психикалық даму мүмкiндiктерiн жəне

олардың шекөлшемдерiн  белгiлеу педагогикалық психологияның  мiндетi.

Психологияның аса қажеттiгi педагогиканың тəрбие проблемаларына орай байқалады. Тəрбиенiң

мақсаты даму жолындағы  қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету

жеке адамның  қалыптасу заңдылықтарын: бағытбағдар, қабiлет, қажеттiлiк, дүниетаным жəне т.б.

зерттеудi қажет  етедi. Айтылғандар қазiргi заман  психологиясының ғылымдар тоғысында  тұрғанының

дəлелi, яғни психология бiр жағында философия ғылымдары, екiншi тарапында жаратылыстану

ғылымдары, үшiншi жағында əлеуметтiк ғылымдар болған аралықта орналасқан.

Солай болса  да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пəнiне, өзiнiң теориялық  принциптерiне

жəне өзiнiң  зерттеу əдiстерiне иелiгiмен дербестенетiнiн ұмытпау керек. Дербес ғылым ретiнде

психология  аймағында өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтiн бiрқанша ерекше бiлiм салалары

ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен əлеуметтiк  психология. Бұлар, сырттай қарағанға

"сыйыспайтындай" болғанымен, бiр ғылым саласынан,  себебi олардың түпкi де түбегейлi мiндетi бiр

психикалық  құбылыстың мəнiн зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу

объектi жалғызақ: ол адам, оның психикалық процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi.

5. Психология салалары

Психологиялық бiлiмдердiң даму ерекшелiктерi психологияның  басқа ғылымдарға тəуелдi байланысынан

ғана емес. Көп u1099 _жағдайда олар қоғамдық практиканың  өрiстеп жатқан қажеттерiмен белгiленедi. Егер

психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пəн болса, ол қазiргi кезде

өзiнiң танымдық қызметiн сақтай отырып, өндiрiстегi, мемлекеттiк басқарудағы, бiлiм беру жүйесiндегi,

денсаулық, заң  мекемелерiндегi, мəдениеттегi, спорттағы  жəне т.б. кəсiби практикалық iсəрекеттiң бiр

саласына айналуда.

Сонымен, осы  заман психологиясы көп тармақты бiлiмдер жүйесi ретiнде танылып, əртүрлi еңбек

тəжiрибесiмен  байланысуда. Əдетте, психология салаларын  жiктеудiң негiзгi принципi психиканың

iсəрекетте даму принципi. Сондықтан, көбiнесе психология салаларын топтастыру негiзiне адамдардың

əртүрлi еңбектiк  əрекеттерi алынады. Осыған орай психология келесi салаларға бөлiнедi.

Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнiмге бағытталған əрекетiнiң психологиялық ерекшелiктерiн,

еңбектi ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бiрге психология ғылымының

дербес салаларына айналған бiлiмдерге жiктеледi. Олардың iшiнде: инженерлiк психология, авиация

психологиясы, ғарыштық психология жəне т.б. бар.

Педагогикалық психологияның қызметi адамды оқыту мен тəрбиелеудiң психологиялық

заңдылықтарын ашу. Оның бөлiмдерi: оқу психологиясы, тəрбие психологиясы, сондайақ мұғалiм

психологиясы, дамуы жетiмсiз балаларды оқытутəрбиелеу психологиясы.

Информация о работе Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны