Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 15:57, реферат
Мектептердегі зерттеулерде жоғары сынып оқушылары балалықтан ересекке өту шағы жеткіншектік кезең алады. Жеткіншектік кезең өтпелі, сыни және көп жағдайда жыныстық жетілу кезеңі болып сипатталады. Л.С. Выготский пісіп жетілудің органикалық, жыныстық және әлеуметтік үш нүктесін көрсеткен. шимпанзеде органикалық және жыныстық жетілу нүктелері сәйкес келеді де, бес жаста яғни, балалық шақтың аяқталған уақытында жүзеге асады. Адамдарда қоғамның даму тарихында жыныстық және әлеуметтік жетілулер сәйкес келіп, ол инициация тәсілдерімен көрінсе, ал органикалық жетілу тағы бірнеше жылдан кейін ғана жүреді. Қазіргі балаларда дамудың барлық линиялары әр тарапқа кетті
Жеткіншектік кезең өзінің өмірлік әрекетіндегі қарама-қайшылық мәселе сипаттамаларын ұғыну, өзінің өміріндегі мәселелік сапаны бойына сіңіру үшін өте синсетивті кезең болып келеді. Осының арқасында адамның рефлекция қабілеттері дамиды. Рефлекция бұл өзін-өзі терең танудың үздіксіз жолы, жеке адамның өз өмірінің белсенді субъектісі ретінде тану. Бұндай тану адамның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруге алып келеді. Неғұрлым әр түрлі позицияларды бағаласа соғұрлым қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс белсенділік жолына түседі.
Әдебиеттер:
1. Аманова И.Қ. Жас ерекшелік психологиясы. – Алматы, 2011. – 136 б.
2. Абрамова А.А. Агрессивность при депрессивных расстройствах: Дис. ... канд. психол. наук. - М., 2005. - 152 c.