Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 22:21, реферат
Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады.
30-шы жылдары Европадағы әлеуметтік жағдай ушыға түсті. 1933 жылы Германияда билік басына фашизм келді. Нацистер өртеген кітаптардың ішінде Фрейдтің кітаптары да бар еді. Мұны естіген Фрейд: «Біз қандай прогресске қол жеткіздік! Орта ғасырларда олар менің өзімді өртер еді, ал бүгін олар менеің кітаптарымды өртеуге қанағаттанды!» (цит. Ярошевский, 1989 ж., 27 бет). Ол бірнеше жылдан кейін Освенцим және Майданек пештерінде миллиондаған еврей мен өзге де нецизм құрбандары қаза табатынын білген жоқ. Солардың ішінде Фрейдтің 4 қарындасы бар. Оның өзін әлемге әйгілі Фрейдті де Австрияны жаулап алғаннан кейін осы жағдай күтетін еді. Алайда Франциядағы америка елшіснің көмегімен оның Англияға қоныс аударуына рұқсат алуға қол жеткізді. Кетер алдында ол гестапоның өзімен жақсы қарым-қатынас жасағаны жоқ екендігі туралы қолхат тастауы керек болды. Қол қойып жатып З.Фрейд былай деп сұрады: «Әр адамға гестапоның бар ниетімен үлгі етпеспе екен». Англияда Фрейдті ғалымдар жақсы қарсалды, бірақ оның күні санаулы еді. Бұрынғы дерті күшейіп, оның өз өтініші бойынша емдеуші дәрігер, екі ине (укол) салды. Сөйтіп 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Лондонда З.Фрейд қайтыс болды (Ярошевский, 1989, 28 бет). З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан