Интеллект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 19:49, творческая работа

Краткое описание

І. Кіріспе бөлім
А) Интелект түсінігі
ІІ. Негізгі бөлім
А) Интеллект түрлері
Б)Интеллектік белсенділігін арттырудың деңгейлері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Интеллект.ppt

— 1.96 Мб (Скачать файл)

 

  Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Психология негіздері және коммуникативті дағдылар кафедрасы.

Интеллект

 

Орындаған: Сәрсенбай Г.Н   Сейдалы А.Ш

Тобы: ОМ  1-044

Қабылдаған:  Абдукаримова Г.Б

 

Қарағанды  2014ж

  • І. Кіріспе бөлім
  •              А) Интелект түсінігі
  • ІІ. Негізгі бөлім
  •             А) Интеллект түрлері
  •             Б)Интеллектік белсенділігін арттырудың деңгейлері.
  • ІІІ. Қорытынды бөлім
  • Пайдаланылған әдебиеттер.

 Интеллект (латын тілінен аударғанда - intelleсtus) кең мағынада индивидттің барлық таным функцияларының жиынтығы: түрткі мен қабылдаудан ойлау мен қиялға дейін; қысқа мағынада – бұл ойлау. Интеллект таным іс-әрекеттерінің негізгі формасы болып табылады.

Психология тарихында  интеллект түсінігінен интеллектуализмнің  бүкіл бағыттылығы сәйкестендіріледі. Оның көшбасшысына И. Гербарт (1976-1841) жатқызылады. Ол интеллект психиканың  негізгі функциясы деп таниды

Интеллект болмысқа  қатысты идеалды – заттық қатынастардың  негізгі тәсілінде жүзеге асырылады  және ойлаудың, іс-әрекеттің практикалық  көптеген формаларын жасау мен  түсіну мүмкіндіктерін анықтайтын  ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы  болып табылады.

 

       Егер интеллектінің дара  ерекшеліктеріне келетін болсақ, көбіне психологиялық моделдер сондай-ақ, өзіне көрнекі болатын сол ауыспалылықты қосады, егер оларды өлшеу үшін сәйкес келетін құралдар болса, онда ол теориялар факторлы деп аталады. Олардың ең біріншісі 1927 жылы екі факторға бөлген Ч. Спирмен болды . Спирмен әрбір интеллектуалды іс-әрекетте жалпы фактор «g» (general)  және өзгешеліктің көптігі «s» (specific), сондай-ақ, тек берілген іс-әрекеттің түріне тән мазмұндалады деп белгілейді. Фактор g жеке тесттердің арасындағы жоғары корреляцияларда пайда болады және осы үлгімен адамды тұрақты сипаттарымен бейнелейді (егер оқушы математика және тарих пәні бойынша үлгерімі жақсы болса, онда бұл жалпы интеллектке фактордың әсерінен шақырылады).

 

  • Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу- адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады.

 

 
МЕЛАНХОЛИК

 

 
Интеллекттік белсенділікті түсіндіретін көптеген зерттеулер бар. Оның негізін ерте философиялық ой-пікірлерді ұсынушылардың еңбектерінен табуға болады. Осы орайда, біз белгілі ойшыл әл-Фарабидің көзқарасынан бастау алатын интеллект туралы ой пікірлерді талдаймыз. Белгілі ойшыл интеллект ұғымын адам, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданған. Әрине, сол кездегі интеллект туралы әл –Фарабидің пікірі қазіргі таңдағы зерттеулерден әлдеқайда алыста. Дегенмен, әл-Фараби интеллект табиғатында адамның парасаттылығы туралы оймен тұжырымдағандығы тұлға іс-әрекетіндегі рөлін ашып көрсеткенін байқауға болады. 

 

Интеллект  түрлері

 

Әлеуетті интеллект 

 

Өзекті  интеллект

 

Әрекетшіл интеллект 

       Жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың болмысы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе деп есептейді. Интеллект болмысында бар нәрселер арқылы формалардың жүзеге асқандығын түсіндіреді: дүниеде бар нәрселердің формасына әлі ие болмай тұрған кезде, ол әлеуетті интеллект болып табылады, ал формалар жүзеге асты дегенше ол өзекті интеллектіге айналады.

 

         Интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалған объектіге бағдарланып, бұған дейін өзекті  саналып келген интеллект бара-бара дарыған интеллектіге айналады.

 

 

 

 

 

            Ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда өзекті  интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын болып келеді. Ойшыл өз ой-пікірлерінде интеллектінің табиғатын және оның түрлерін атап көрсетуде құнды мәселелерді алға тартады. Философ-ойшыл интеллект ұғымын оның түрлерін ажырата отырып түсіндіруге тырысты. Және де әрбір түрі әрекет еткен сайын екінші түрге өтіп отыратындығын дәлелдеуге тырысты.

 

Әрекетшіл интеллект 

  • Психология ғылымында интеллекттік белсенділікті түсіндіруде көптеген зерттеулер түрліше сипаттауға тырысты. Себебі, интеллект өте күрделі құрылым болып табылады. Олардың ішінде, Р.Б. Кеттелл еңбектерін ерекше атауға болады. Автор тесттер жинағын және факторлық анализді қолдана отырып,  5 дәлелді анықтады. gc -  «кристалданған» (таза) интеллект – сөздік қоры, әлеуметтік нормативті ескеру; gf -  «ағымдағы» – тестер арқылы кескіндер мен сандар қатарынан заңдылықтарды анықтау, оперативті ес көлемі, кеңістікті операциялар; gy - «визуалдылық» - дивергентті тапсырмаларды орындауда бейнелерді манипуляциялау қабілетіgm -      «ес» - мәліметтерді есте сақтау және қайта жаңғырту; gr -  «жылдамдық»- интеллектік әрекеттің жоғары жылдамдығы.
  • Шетелдік ғалым Р.Б. Кеттелл өз зерттеулерінің негізінде «қосарлану» сипатында интеллектке сипаттама бере отырып, оны тұқымқуалаушылық және ортадан тәуелді деген тұжырым жасады. Шын мәнісінде, Кеттелл бойынша, бұл қосарлану сыртқы сипаты ғана болып табылады. Кристалданған интеллектіні негізінен әлеуметтік деуге болмайды. Дж. Кеттелл  gc-тің де gf секілді генетикалығы басым деп есептейді, тек біріншісі 70 % , ал екіншісі 90 % көрсетеді.

 

  • Белгілі ғалым Ж. Пиаженің пікірінше, интеллект –бұл ассимиляция және аккомадация процесінің бірлігін білдіретін ағзаның ортаға адаптациялануының формасы болып табылады. Сондықтан, интеллект мәні физикалық және әлеуметтік шындыққа икемді және бір мезгілде тұрақты адаптацияланудың жүзеге асу мүмкіндігінде қорытылады, оның негізгі міндеті - орта мен адамның өзара әрекеттесуін құрылымдау және ұйымдастыру.

 

  • Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді теориялық зерделеу мен тәжірибелік жұмысымызда студенттердің интеллектік белсенділігін арттырудың үш деңгейі анықталды: жоғары, орташа, төмен.

 

  • Жоғары деңгей: шығармашылық іс-әрекетте танымдық қажетсінуі қалыптасқан, ізденімпаздықпен дербес жұмыс істеуге, жаңаны табуға талаптанады. Жаңашылдыққа жаны құмар, білімді   құндылық   бағдар  ретінде тани алады, білімін қажетті жағдайда еркін және оңтайлы пайдалана біледі. Болашақ кәсіби іс-әрекетін жоспарлап, кәсіптік бағдары анықталған, инновациялық процестерді ынтасымен қабылдайды.
  • Орташа деңгей: оқу-танымдық материал мазмұнын тапсырма мақсатына байланысты интеллектік белсенділік таныта алады, бірақ үлгіні және тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді. интеллектік белсенділіктің құндылық ықпалын түсінгенімен, тұрақты қызығушылығы қалыптаспаған.      Ұжымдық        шығармашылық        жұмыстарға    белсене араласқанымен, дербес жұмыстарға тәуекел етпейді. Өзін-өзі дамытуда рефлексиялық бағыттың толымсыздығы байқалады.
  • Төмен деңгей – интеллектік белсенділік танытуда белгілі бір жағдайларда ғана қызығушылық танытқанымен, оны тұрақты қажетсінбейді. Шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің дамуына әсерін талдай алмайды. Өз сәтсіздіктері мен жетістіктерін сыртқы жағдайлардың нәтижесі ретінде   қарастырады

 

  • 1. Қ.Жарықбаев – Жантану
  • 2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006.
  • 3. Интернет парақшалары.

Информация о работе Интеллект