Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2015 в 16:15, реферат
Қазіргі уақытта стрессті зерттеу өзектілігі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік, психологиялық, экологиялық, яғни стрессогендік факторлардың әсер етуімен анықталады. Ал, бұл адамның бейімделу функцияларын төмендете отырып, психикалық, психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеледі. Адамның күнделікті іс-әрекеті әр түрлі жағымсыз эмоциялармен, психикалық және физикалық функциялардың шектен тыс қысымда болуымен сипатталады. Аталған факторлардың әсер етуінен пайда болатын психикалық қалыпты психологиялық стресс ретінде анықтауға болады.
Қазіргі уақытта стрессті зерттеу өзектілігі қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік, психологиялық, экологиялық, яғни стрессогендік факторлардың әсер етуімен анықталады. Ал, бұл адамның бейімделу функцияларын төмендете отырып, психикалық, психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеледі. Адамның күнделікті іс-әрекеті әр түрлі жағымсыз эмоциялармен, психикалық және физикалық функциялардың шектен тыс қысымда болуымен сипатталады. Аталған факторлардың әсер етуінен пайда болатын психикалық қалыпты психологиялық стресс ретінде анықтауға болады.
Психосоматикалық бұзылыстар – психикалық травманың нәтижесінен психогенді этиологиялық фактормен негізделіп пайда болады. Психология ғылымында стрессорлардың 2 түрі бар – физиологиялық, психологиялық. Физиологиялық стрессорлар – ауырғандық, қарын ашқандық, шектен тыс тәндік күш жұмсау, төмен және жоғары температура жатады. Психологиялық стрессорлар – қауіптілік, қорқыныш, өкпе-реніш, алдап кету, мәліметтің шектен тыс жүктелуі. Психологиялық стрессорлар 2 ге бөлінеді – эмоционалды, информациялы. Стресс концепциясының негізін салған 1936 жылы Ганс Селье. Стресс травмалық тұрғыда болса – стрестің әсерінің нәтижесі адам психологиясының сферасына және тәндік сферасына кері әсер етеді немесе бұзады.
ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткен оқиғаны саналы түрде ұғынады, яғни адам өзіне не болғанын біледі, өзінің психологиялық күйінің не себептен бұзылғандығын түсінеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – сыртқы себептермен шарттасады. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізген оқиға, адам өміріндегі әдетті жағдайды өзгертеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізілген оқиға «ужас» болып көрінеді, көмексіздік сезімін басынан кешеді, қандай да бір нәрсені істеуге немесе шешім қабылдауға қауқарсыз.
Травмалық стресс – жан күйзелісінің ерекше түрі, адам мен оның сыртқы әлемінің өзара әрекеттесуінің ерекше формасы, адамның қалыпты емес жағдайға қалыпты реакциясы. Травмаға психологиялық реакцияның 1-ші фазасы – психологиялық шок. Психологиялық шоктың компоненттері – белсенділіктің өшуі, сыртқы ортаға бағдарының бұзылуы,іс-әрекетінің дезорганизациясы, болған оқиғаны жоққа шығару. Травмаға психологиялық реакцияның 2-ші фазасы – әсер ету. Әсер ету фазасы – нақты эмоциялық реакциядан көрінеді, яғни, болған оқиға және оның салдарына қатты қорқыныш, жылау, қайғыру, мазасыздану. Травмаға психологиялық реакцияның 3-ші фазасы – қалыпты реакция. Қалыпты реакция фазасы – екінші сыни фазаның негізінде сауығу, реакция білдіру, шындықты қабылдау, қайта пайда болған жағдайларға бейімделу.Бақылау локус ы – адамның сыртқы орта жағдайына қаншалықты әсер ете алатындығын білдіреді.Өзін-өзі бақылау нақты әрекеттік жоспарлар құру, когнитивтік жүйені дұрыс реттеу – стресстік ситуацияны едәуір басқаруға мүмкіншілік береді. Бақылаудың типтері – әрекеттік, когнитивті, шешімдік. Бақылаудың әрекеттік типі – бірқатар әрекеттік бағыттарды өзгерту. Бақылаудың когнитивті типі – тұлғаның жағдайды интерпретациялауы. Бақылаудың шешімдік типі – әрекеттік тәсілін таңдау процедурасы.
Стресстік адаптация – сыртқы ортаның өзгерістеріне өзіндік реттелуінің бейімдеулік процесі.Адаптациялық мүмкіншіліктерінің таусылуы - адамдағы психикалық күйдің негативті өзгерістерінің көрінісі. Психоз – шындық өмірді адекватты бейнелеуінің бұзылуында көрінетін психиканың терең ауытқушылығы. Психопатия – адамның психикалық қорының дисгармониялылығымен сипатталатын тұлғаның аномалиясы. Дезадаптациялық күй – адаптацияның бұзылуы, тұлғаның бейімдеушілік механизмдерінің болмауы, әлсіз көрінуі немесе аномальді көрінуі. Холмс пен Райх «адам өміріндегі едәуір өзгерістер олардың психикалық және тәндік ауруларына тікелей әсер етеді» деген қорытындыға келді. Г.Сельенің көрсеткен кезеңдері – үрейлену кезеңі, бейімделудің жоғары деңгейі, қорғаныс механизмдерінің азаюы. Р.Т.Уейндждің көрсеткен өмірлік стресс түрлері – ішкі тұлғалық, тұлғааралық, жанұялық, еңбек әрекеттік, экологиялық, қаржылық, қоғамдық.. Собчик MMPI сұрақнамасының барлық тұжырымдарын орыс тіліне аударып, ер мен әйел адамдарға арналған жеке формаларын бөлген.
Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды… Біраз уақыт өткен соң ата-анасы оның ӨЗГЕШЕ екенін түсінеді! Көңілдері қалады, күйінеді, ренжиді. Осының барлығы баланың, өзінің, атасы мен апасының, жұбайының, мұғалімдерінің … және басқаларының басына төгіледі. Жағымсыз сезімдер шығу жолын іздейді… бұрынғы көзқарас қатырма қағаздан жасалған үй сияқты қирай бастайды… Көбінесе осындай жағдайдағы ата-аналар психологтарға келеді. Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы «көрініс» қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы шынайы адамдар туралы түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады, Герда мен Гай туралы аңыздағы айнаның сынығы Кайдың көзі мен жүрегіне түсіп кетіп, оның өмір туралы, жақсылық пен жамандық туралы көзқарасын бұрмалағаны сияқты, көңілдің «қисық айнасы» жұмыс істей бастайды. Осыған сәйкес, өзіне және өзгелерге деген талап күшейеді, сәйкессіздік пайда болады. Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез келген бала өзінің «жақсы» бейнесіне қолдау көрсеткенін қалайды. Бұл қолдау жақсы көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым-қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке орай, ақыл-ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол ересектермен клиникалық психологияда «белгілер» деп аталатын түрлі аурушаңдықтың көріністері бар түсініксіз «тілмен» сөйлеседі. Бұл белгілер тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Мысалы, асқазан жарасы, гастрит, демікпе, суық тию сияқты психосоматикалық аурулар немесе тұтығу, энурез, сезім тұрақсыздығы, есінен тану, ұстама сияқты невротикалық бұзылыстар түрінде болуы мүмкін. Кез келген тұмау суық тигеннің белгісі емес, баланың «жылап таусылмаған» көз жасының куәсі болуы мүмкін!
Науқастың психикалық соматикалық жағдайы.
Мазасыздық дегеніміз өмірде де психопатологияда да зерттеуді қажет ететін проблема. Бұл ішкі шиеленістің болатының ескертетін қауіп-қатер тудыратын сәтсіз жағдай. Физиологиялық тұрғыдан алып қарасақ мазасыздық реактивті күй. Себебі: ол ағзаны қарсыласуға дайындайтын физиологиялық өзгерістер туындатады. Сонын салдарынан жүрек қан тамырлар жүйесі зардап шегеді. Мазасыздық үш деңгейде жіктеледі.
Мазасыздықтан
кейінгі физиологиялық
Адамның өз бойындағы қабылдағысы келмейтін ойлары мен сезімдері санадан тыс басқа адамға көшірілуі. Мысалы: көпшілігіміз өз кемшіліктерімізді басқалардан оңай көреміз. Бұл механизм көбінесе көңілді, есейген адамдарда көп байқалады. Ал патология жағынан галлюцинация мен сандыраққа әкеледі.
Бұл белгілі бір объектіні адамдардан интернализациялау (өзінен байқау). Бұл механизм проекцияға кері процесс.
Бұл қорғаныс механизмі арқылы тілегінді қанағаттандыруға болатын біршама өткен уақытқа оралу жүзеге асады. Бірақ, әрине саналы түрде емес. Қалыпты жағдайда регрессия ойындарда, жауапкершілігі жоғары жағдайда, ауырғанда, жағымсыз жағдайда байқалады. Ал патологиялық жағдайда, көбінесе, шизофрениктерде кездеседі.
Бұл шынайы немесе ойдан шығарылған кемшіліктерді санадан тыс жою, жеңу. Сонымен қатар компенсацияның тура және жанама түрі кездеседі.Тура жеңілген тұста жеңіске жетуге ұмтылу. Ал жанама бір салада немесе басқа ортада жетістікке ұмтылу.
Бұл механизм қабылданбайтын жағдайда оған қарама қарсы нәрсемен ауыстыру. Мысалы: шектен тыс қамқорлық – жек көруді білдіреді. Ал тым жоғары биязылық пен өшпенділікті жасырады.
Қорқыныш. Мазасыздықтың фобиядан айырмашылығы.
Жоғарыда айтып
кеткендей, мазасыздық сезіміне
қорқыныш күйі өте жақын. Қорқынышқа
қарағанда мазасыздықтың нақты
белгілі бір объектісі
Депрессия дегеніміз көңіл күй құлазуы. Түрлі өмір жағдайында пайда болатын адамның ең бір жағымсыз эмоционалды күйі . Депрессия көңіл-күй өзгерісінен көрінеді. Егер депрессия ауыр деңгейде болмаса, ол адамның жұмысын жалғастырып отырады, бірақ мұнын бәрі еш қуантпайды. Ал асқынған шағында белсенділік жойылады, яғни адам бірнеше сағаттан бірнеше тәулік немқұрайлы жата береді. Депрессиядағы адам тек өзінің денсаулығын, өзіне қатысты жағдайды ойлайды. Ол депрессия жөнінде емес, оның симптомдарын көп айтады. Мысалы: ұйқы қашуы, ерте ояну, үнемі шаршау, тәбет жоғалуы. Дәрігер немесе мейірьике науқастын проблемасын өз басынан өткізіп, оның шешілуіне жағдай жасауы керек. Жалпы депрессияда адам қанша бақытсыз болса да, ашу ызалы болып келеді. Депрессивті науқасқа медицина қызметкерлері мынадай сөздер айтпауы керек. «Бәрі жақсы болады», «Ұсақ түйекке көңіл бөлмеңіз» сөздерін айтуға болмайды. Бұл оны одан әрі ызаландырып, депрессияның күйін ушықтыра түседі. Ең алдымен депрессияның қай түрімен жұмыс жасайтынын анықтау керек. Депрессияны басқа бұзылыстармен шатастыруға болмайды. Бұл бұзылыстарға қатты шаршау, жүке қажуы сияқты реакциялар жатады. Депрессивті науқаспен жұмыс жасауда медицина қызметкерлерінің екі міндеті бар: науқасқа қолдау, демеу көрсету. Өз қиындығын психологилық тұрғыда түсінуіне көмектесу. Қарапайым стрессті жеңудің бірнеше түрі бар:
Ал депрессия ауруын дәрі-дәрмек арқылы, антидепрессанттарды қолдану арқылы жеңеді. Дәрі – дәрмек дозасын анықтау, қабылдап жүр ме және оның әсері қандай екенің медицина қызметкерлері бақылап жүруі қажет. Депресс ия күйінде адам көбіне өзіне өзі қпуіпті. Себебі онда өз өзіне қол жұмсауға байланысты жасырын ойлар болады. Депрессивті науқастармен жұмыс жасауда осындай суицидтік ойларды есте сақтау керек. Өз өзіне қол жұмсауға баратын бірнеше фактор бар:
Осындай факторды анамнез жинау барысында есте ұстау керек.
Жоспар:
1. Психосоматикалық аурулардың пайда болуы
2. Психосоматикалық бұзылыстар
3. Травмалық стрессті тудыратын травманың сипаттамасы
4. Травмаға психологиялық реакциялар фазасы
5. Стресстік адаптация
6. Баларда психосоматикалық
аурулардың пайда болу
7. Мазасыздық
8. Қорғану тәсілдері
9. Қорқыныш
10. Депрессия
Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Психосоматикалық жағдайлар механизмдері
Орындаған: Жасыбаева Ақмарал
Тексерген: Ілбекова Қ.Б
2014-2015 оқу жылы