Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:56, реферат
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі семинар тренингте шешімін табады деген ойдамын.
«Мамандығым –мақтанышым»
семинар –тренинг
Мақсаты
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі семинар тренингте шешімін табады деген ойдамын.
МІНДЕТТЕРІ:
«Мамандық»
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Мамандықтарға сұранысының тұрақтылығының көрсеткіші әр мамандықтардың жұмыс орнының санынын артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты. Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:
«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).
Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге , оны зерттеуге деген құмарлық.
Бейімділік- қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).
Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
«Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
Тапсырмалар орындау: топтармен жұмыс:
1. «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.
І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»
І- топқа:
1. Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Бақша маманы, милиционер
2. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Медсестра- токарь
3. Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
ІІ- топқа:
1. Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Кітап сатушы, дәрігер
2. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Егінші- агроном
3. Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
ІІІ- топқа:
1. Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Инженер, автобус жүргізушісі
2. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Инженер- консторуктор мен композитор
3. Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
Психологиялық сәт: "Психогеометрия"
Студенттер өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
«Шынымды айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: топ студенттері аяқталмаған
сөйлемді шындықты айту арқылы сөйлемді
аяқтау және болашақ маман мұғалімдерінің
кәсіптік іс-әрекетін көрсету.
Шынымды айтсам, тест, емтихан, рейтинг
туралы ойлансам.....................
Шынымды айтсам тест, емтиханға дайындалып
жатқанда......................
Шынымды айтсам, мен үйге келгенде......................
Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда......................
Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде
немесе биге барғанда.....
Шынымды айтсам мен ашуланғанда...................
Шынымды айтсам, осы келесі аптада рейтинг-тест
туралы естігенде.....
Шынымды айтсам, мен сабақ оқымайтын баланы
көргенде..................
Шынымды айтсам, мен сабақ оқығанда..................
Шынымды айтсам, мен бүгінгі ашық сабаққа.......................
Шынымды айтсам, мен төлем ақыны төлемегенде...................
Шынымды айтсам, кейде ашулансам.....................
Шынымды айтсам, сабақта сағыз шайнағанда....................
Шынымды айтсам, билегім.......................
Шынымды айтсам, бастауыш сыныпта ..............................
Шынымды айтсам, институтта сенбілікке....................
Шынымды айтсам, мен...........................
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті
жоғары педагогикалық мамандық негізінде
басқара білу. Мұғалімнің педагогикалық
іс-әрекеттері оның білімі, білгірлігі,
оқыту мен тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен
әсер етеді. Осы тұрғыда мұғалімнің балаларға
жұмбақ жасыру және оның жауабын мимика
жест, іс-әрекет т.б. арқылы жеткізу білуі
қажет.
«Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
Қорытындылау:
Қорытынды тренинг
“Сиқырлы қарындаш”
Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Бүгінгі сынып сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!