Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 20:38, реферат
Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
Білім – педагогикалық процесс
Н.Ф.Талызинаның теориялық зерттеуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Н.Ф.Талызина. Білімді игеру процесін басқару
ОРЫНДАҒАН: Абылгазинова Индира
ТЕКСЕРГЕН: психол.ғ.к.доцент Сатиева Ш.С.
Семей 2013
ЖОСПАРЫ:
Білім – жалпыадамзаттық құбылыс. Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.
«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие. Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Білім- педагогикалық процесс. Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.
Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Мəндік, мағыналық тұрғыдан
педагогикалық процесс-
Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Н.Ф.Талызинаның теориялық зерттеуі. Оқытуды ұйымдастыру тәсілі негізі бойынша оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қамтитын түрі мен дәстүрлі (ақпараттық, мәлімет берушілік) оқыту түрі бөлініп шығады.
Аталған негіздерге сәйкес
дәстүрлі оқыту контактілік (қашықтан
оқыту да мүмкін), саналылық принципіне
негізделген (пәнді меңгерудіің
өзін аңғару, яғни, білім алу) мәлімет
беруші, пәндік принципке құрылған
мақсатты бағытта басқаруға көнбейтін
оқыту, контекстен тыс (жоғары білім
жүйесінде – оқу процесінде болашақ
кәсіби қызметті мақсатты үлгілеусіз)
оқыту ретінде сипатталына
П.Я. Гальперин орындалатын
әрекеттердің негізгі сипаттамасы ақыл-
Берілген теория Н.Ф. Талызинаның әзірлеген басқару теориясы позициясынан басқару бағдарламасы ретіндегі оқыту процесін бағдарламалаудың іргетасы болды және П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетін жоспарлы қалыптастыру туралы теориясының негізінде Н.Ф. Талызина оқу процесін бағдарламалаудың жаңа бағытының негізгі элементтерін дайындайды. Оның мақсаты – оқушылардың танымдық әрекетінің бастапқы деңгейін анықтау; жаңа қалыптасушы танымдық әрекеттерді анықтау; оқыту мазмұнынын ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтау; бағыттанудың үшінші типі бойынша ауқымды көлемде білім игерудің жалпыланған құралдары ретінде құралдарын анықтау, яғни меңгерудің негізгі бес сатысын анықтау, оның әрбіреуінде әрекеттерге өзіндік талаптар қойылады; әрекеттің алгоритмін әзірлеу (ұсынымдар жүйесі); кері байланыс және оның негізінде үйрету процесін реттеу [208, 79-106 б.].
Бағдарламалаудың осы
бағытын жүзеге асыру үшін әрекеттердің
жалпы сипаттамасы маңызды
Информация о работе Н.Ф.Талызина. Білімді игеру процесін басқару