Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:07, реферат
Ойлаудың негізгі түрлері туралы қазақша реферат Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп алынды.
Ойлаудың негізгі
түрлері туралы қазақша реферат Психология
ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында
философиядан бірте –бірте алшақтай түсті,
сондықтан психологтардың назарына, ең
алдымен, алғашында философтардың назарында
болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау.
Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен
ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”,
деген формуланы ұсынды. Егер формуланың
философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ
және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан
ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды
адамның тіршілік етуінің белгісі деп
есептей отырып, ойлауды адамның психикалық
өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың
пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме
де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей
алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық
ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі
таңда да тіл, тілдік құралдар базасында
болатын, қызмет ететін түсініктерді,
логикалық конструкцияларды пайдалануымен
сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің
бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі
кездегі психология ойлаудың бұл түрін
жалғыз түр ретінде қарастырмайды. Адамның
ойлауы өзіне әр түрлі түрдегі және деңгейдегі
ойлау операцияларын қосты. Адамның ойлауы
әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан
тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері
әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың
алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым
ойлау актісі және қандай да бір күрделі
процестердің өту заңдылықтары жайлы
ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын
ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды.
Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты
биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа
оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты
терең болғанына байланысты ойлаудың
әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады.
Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне
қарапайым формадағы көрнекі ойлау және
дерексізденген, теориялық ойлау жатады.
Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың
түрлері ретінде қарапайым көріністегі
көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен
шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге
болады. Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын
теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі
болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі
түсініктерде теориялық ойлауға апару
мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын
тек теориялық проблемаларды шешекенде
ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала
отырып, объективті шарттарды ескеріп
кез келген міндентті ұғынып шешеміз,
сондықтан да біз абстрактілі теориялық
құрылуға барғанда да оларды қолданамыз.
Тек дерексізденген ғана емес, сондай–ақ
көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір
жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге
сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді
шешеміз. Осылайша, шығу тегі мен пайда
болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге
жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені
шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін,
бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы
іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы
балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің
оң жағына бала үшін тартымды, оны алу
тілегін туғызған ойыншық бекітілген.
Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін
емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген
тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай
тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды,
әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда
жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс
жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі
қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді
табуды ойлау психологиясында солай атайды.
Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары
жануарларда да болады және оны И.П. Павлов,
В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты
ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік
ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында
бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын
қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды
шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят
тек бейне жоспарында ғана түрленетін
ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар
дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік)
ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков
пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде
мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі
бір формалы жайпақ фигураны ұсынған,
мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды.
Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады,
сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп
тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы
жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да,
балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы
бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін
анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың
қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен
жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің
нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды
және ондағы өзгерістерді түсінуімен
байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен
заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының
әр алуандығы біршама толық түрде қайта
жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде
бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген.
Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі
– заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі
емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау.
Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда
көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек
бейне тұрғысында өзгереді. Көрнекі ойлау
және дерексізденген–теориялық ойлау
көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді.
Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы;
ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда
ол маңызды. Кез келген ойлау азды–көпті
жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады
және барлық ойлау азды–көпті көрнекі
сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар
және бейне–түсініктер оларда үздіксіз
бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз,
сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды;
ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі
бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан
да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды
сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды;
алайда түсініктер және ұғымдар бір–
бірімен байланысып қана қоймаған, олардың
бір–бірінен айырмашылығы да болады,
біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан,
көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық
ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін
тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі,
жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің
формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі
бейнелер – түсініктер және ұғымдардың
бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән
болады. Танымның әр түрлі деңгейлері
немесе сатылары болатын, бейнелі және
абстрактілі–теориялық ойлау бірыңғай
процестің әр түрлі жағы болып табылады
және объективті шындықтың әр түрлі жақтарын
танудың адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген
ойлау ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда
жалпы ешқашан да ерекшені және жалқыны
жоққа шығармайды; осы соңғысы бейнелерде
бейнеленеді. Сондықтан да әсіресе Гегель
жүйесінде ретті жүргізілген ой, бейне
танымның төменгі деңгейі бола алады,
егер де жоғары деңгейде олар ұғымдармен
алмастырылмаса, осы жағдай шындықты ұғыммен
жасауды қате қиялдаған рационалисті
адастыру болып табылады. Сондықтан да
біз көрнекі –бейнелі ойлау мен абстрактілі–теориялықты
екі деңгей ретінде ғана емес, бірыңғай
ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі
деп ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың
барлық, тіпті жоғарғы деңгейінде бола
алады. Бейне ойды байытады дегенге кез
келген метафораның мысалында көз жеткізуге
болады. Кез келген метафора жалпы ойды
көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның
жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада
ашуды талап етеді, себебі метафоралық
бейнені қолдану үшін жалпы ойды адекватты
білдіретін бейнелерді табуды талап етеді.
Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған
болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз
әшекейлер мен артық масыл болған болар
еді. Метафораның бүкіл мәні метафоралық
бейнеге апаратын жаңа көркем бояуларда
болады; оның құндылығы жалпы ойларға
қосылуына байланысты болады. Жалпы ойларда
көрсететін метафорлық бейнелер ойларға
жалпы жағдайда тұжырымдама беретін болғандықтан
бір мағынаға ие болады. Сөздік–логикалық
(пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік
құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды,
логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын
ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Көрнекі-әрекеттік,
көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық
ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың
даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі
таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі
үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі
тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі
сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген
топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық
әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар
пайдаланылады. Егер біреу “Менің жұлдызым
сөнді” деп айтса, онда ол онымен дерексізденген
тұжырымды беріп отыр, яғни енді жолым
болмайды дегені. Алайда бейнелік көрсетулер
өзіне ғана тән мәнерлі сипаты бар қосымша
бояларды береді. Ол тек жалаң фактіні
ғана емес, оған деген қатынасты да береді.
Жұлдызбен салыстыру айтушының көзқарасы
тұрғысынан сәтсіздік жайлы емес, елеулі,
көтеріңкі, үстем жағдайды, адамның тағдыры
туралы айтады. Ол стихиялық кезеңді болып
жатқан оқиғаның адамның еркінен тәуелсізділігін
ығыстырады, сөйтіп жеке кінәні осымен
жойып жібереді. Ол сонымен қатар айтушының
сәтсіздіктерге әкелген тағдыры жайлы
эпикалық қатынасты да айтады. Бейнелі
метафорлық ойлар жалпы ойды адекватты
білдіреді, және жалпы жағдайда берілмеген
қосымша кезеңдерді және бояуларды кіргізе
отырып оның шегінен шығады. Метафоралық
ойлар ұғымдар мен бейнелердің жалпы ойларының
бірлігінің айқын дәлелдемесі сияқты
оның бейнеден, ұғымнан да айырмашылығы
болады. Поэтикалық бейне үшін ерекше
нәрсе көрнекілік емес, оның мәнерлілігі.
Осы жағдайды көркем ойлауды ұғу үшін
маңызы бар. Көркем ойлауда бейненің өзі
жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен
бірге жалпыланған функцияны орындайды;
абстрактілі схема болған, ол индивидтің
нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді
көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды.
Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате
болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының
бірлігін береді; олар бір бірімен өзара
байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін
объективті болмыста олар өзара байланыста
болады. Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған
функцияны атқарады, сондықтан да көркем
шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық
мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі
бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса,
онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен
жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл
болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем
емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем
еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа
идеялық мазмұнды беретін шығарма болар
еді. Шын мәнінде кез келген көркем шығарманың
қандай да бір идеялық мәні болуы қажет,
себебі әрбір көркем шығарма қандай да
бір дәрежеде белгілі бір идеологияны
бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты
дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем,
бір мезгілде идеялық және көркем шығармада
оның бейнелік мазмұны оның идеялық мазмұнын
ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді,
және ол дерексізденген формулада және
жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік
ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып
табылады. Сонымен қатар психологияда
ойлаудың қос классификациясы да танымал.
Мәселенің түріне байланысты: 1.Теориялық
ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде
заңдар мен ережелерді танып–білуден
тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық
түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат
қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін
ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы
Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
Қазіргі жаңа психологияда көрнекі–бейнелі
және ойлауда теориялық және практикалық
ойлау жайлы мәселелер қатар тұрады. Дәстүрлі
психология ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан
және практикалық іс-әрекеттен басталды,
ойды зерттеуде теориялық іс–әрекетті
шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің
дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен
іс- әрекеттің арақатысы жайлы мәселе
көбінесе жай ғана шешіліп отырды: теориялық
интеллектуалдық операциялар алғашқы
ретінде қабылданды; ол операциялар сананың
ішкі дүниесінде жасалады; сосын іс-әрекет
солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан
ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың
нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына
ауыстырады. Гетенің Фауыстындағы “алдымен
іс болды” деген терең мағыналы сөзіне
қарамастан –дәстүрлі психология үшін
алдымен ойлау, содан кейін әрекет болды.
Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің
абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі
ретінде ойланды; және бұл тәуелділік
тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей
берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды,
ережелерді тану. Менделеев кестесінің
ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі.
Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез
келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен
айтқанда интеллектуалдық операциямен
емес, инстинкті реакциямен ғана болар
еді; сондықтан да баламалы жағдай туды:
немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты
жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі.
Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В.
Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің
дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге
байланысты практикалық интеллект деп
аталатын ұғым пайда болды. Практикалық
ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың
физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою,
жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің
типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен
Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы
эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты
және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге
көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.
“Практикалық ойлау” немесе “практикалық
интеллект” термині төтенше белгілі.
Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық
операцияларда ұғымдардағы абстрактілі
сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды
көрсетеді: практика мен интеллект, практика
мен ойлау ұғымдардың бірлігіне бірігеді.
Алайла практикалық интеллектіні теориялыққа
қарсы қою интеллектіні ұғуға ықпал етті
және теориялық ойлау мен практиканың
ескі дуализміне тереңдеп енді. Практикалық
ойлауды кеңестік психолог Б.М. Теплов
терең талдап берген. Теориялық ойлау
біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық
психологиясының контексінде зерттелуде.
Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің
бірі, оның уақытының қатал тапшылығы
жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен,
мысалы, іргелі ғылымдар үшін бір жылдың
ақпан немесе наурыз айларында заңның
ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен
соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі
мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды
тексеруге арналған мүмкіндіктер өте
шектеулі. Осының барлығы практикалық
ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда,
біршама күрделендіре түседі. Теориялық
ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады.
Бұл жерде мынадай критерий қолданылады:
ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты,
бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде–тұрмыстық,
оқиғалық жалпылаулар. Ақыр соңында кез
келген ойлау практикамен байланысты
болады; тек сол байланыстың сипаты ғана
әр түрлі жағдайда әрқалай болады. Практикаға
сүйенген теориялық ойлау тұтас алғанда,
практиканың жеке жағдайынан тәуелсіз
болады; көрнекі-әрекеттік ойлау әрекет
жасалатын сол жеке практикалық жағдаймен
тікелей байланыста болады. Адамда бірыңғай
интеллект болады. Әр түрлі биологиялық
механизмдер ретінде екі әр түрлі интеллект
жайлы сөз болуы да мүмкін емес. Алайда
ойлау процесі жасалатын әр түрлі шарттардан
тәуелді болатын ішкі бірлікте ойлау операциясының
әр түрлі және олардың өту сипаты дифференцияланады.
Егер практикалық ойлау деп практикалық
іс-әрекет барысында және тікелей практикалық
міндеттерді шешуге бағытталған ойлауды
түсінетін болсақ, онда бұл тұрғыда практикалық
ойлауды теориялық ойлаудан ажыратуға
болады. Оның практикалық іс-әрекеттен
айрықша теориялық іс- әрекеті ретінде,
дерексізденген теориялық міндеттерді
шешуге бағытталған практикамен тек жанама
байланысқан ойлаудан ерекшелігі бар.
Жоғарыда айтылған мағына бойынша теориялық
және “практикалық” ойлаудың алдында
ең алдымен түрлі міндеттер тұрады. Мұнда
практикалық ойлауға қатысты басқа да
жағдайлар болуы мүмкін: бір жағдайда
практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетке
қосылған ойлау сипаты бойынша дерексізденген
теориялық іс-әрекеттің нәтижелерін қолданып
шешетін болуы керек. Практикалық ойлаудың
бұл күрделі формасына теориялық ойлау
оның компоненті ретінде кіреді. Өнертапқыштың
күрделі міндеттерді шешудегі ойлау іс-әрекеті
осындай, азды–көпті күрделі теориялық
ойлап табуды қажет етеді. Алайда басқа
жағдай да болуы мүмкін, мәселен, практикалық
іс-әрекет барысында міндеттерді шешу
үшін дерексізденген теориялық ойлау
талап етілмейді: тек аталған көрнекі
жағдайға бағдарланып шешетін қарапайым
міндеттер ғана кездеседі. Мұндай жағдайда
практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетте
қосылған және жеке практикалық міндеттерді
шешуге тікелей бағытталған ойлау көрнекі-әрекеттік
ойлау формасын қабылдайды. Көрнекі-әрекеттік
ойлау–бұл қарапайым практикалық міндеттерді,
шешуге тәкелей бағытталған қарапайым
практикалық ойлаудың формасы. Ерекше
практикалық интеллектінің болуы жайлы
дәлелдеме мынаған сүйенеді, кейбір адамдар
күрделі теориялық міндеттерді шешуді
ойлаудың жоғарғы деңгейін таба отырып,
ойдағыдай жүзеге асырады, алайда олар
қандай да бір практикалық жағдайдан шығар
кезде дәрменсіз болып қалады және керісінше
өте күрделі практикалық жағдайлардан
шығып кете алатын адамдар, қарапайым
теориялық мәселенің алдында дәрменсіздік
танытады. Осы фактіні түсіндіру үшін
сол екі жағдайдағы ойлау операцияларының
арасындағы айырмашылықты білу қажет.
Ең алдымен шешіліге тиісті міндеттердің
объективті айырмашылықтарын ескеру керек.
Кейбір міндеттер мәні бойынша жекелеген
проблемалық жағдайдың шегінен шығуды
жалпыланған және жанама жағдайларды
жасауды талап етеді,- бұлар теориялық
ойлауды қажет етеді; ал басқа практикалық
міндеттер проблемалы жағдайдың көрнекі
мазмұнында берілген мәліметтер негізінде
шешіле алады. Мұндай міндеттерді шешуге
бағытталған ойлау үшін оның объективті
шындықпен тікелей әрекеттік байланыстағы
әрекет жағдайында болуы тән– яғни ойлауды
“ой өрісі” әрекет өрісімен сәйкес келеді;
ойлау және әрекет бір ғана салада жасалады;
ойлау операциясының барысы практикалық
әрекет барысына, әрекеттік жағдайға тікелей
қосылған; онда практикалық әрекет міндеттерді
шешудің әрбір сатысын игеріп, тұрақты
түрде тікелей практиканың тексеруінен
өтеді. Әрекетті жағдайда ойлау процесінің
өтуі, оның практикалық әрекетпен тікелей
байланысты оларға ерекше із қалдырады.
Әрекет ойлау операцияларына қосылмаған
жағдайда субъекті міндеттерді шешуді
тұтастай ойластыруы керек, оның барлық
буындары басынан аяғына дейін ойша ескерілуі
қажет. Сонымен қатар тікелей-әрекеттік
жағдайда алдымен нені жасау қажеттігі
жайлы және шешімді ары қарай жасау үшін
шешімнің алғашқы сатысын табу керек.
Егер де шешімнің бірінші сатысын практикалық
әрекетте жүзеге асырсақ, онда бұл әрекет
алғаш белгіленген және алдын ала ойластырылған
проблемалық жағдайды шынайы өзгерте
отырып, практикалық әрекет аяқталғанға
дейін қарастырылмаған өзгерістерді тауып
алады. Ойлау операциялары өтіп жатқанда
оған кіріккен әрекет жақындағы белгіленген
міндеттерді шешу сатысын таратып, алдын
ала қарастыру, түсіндіру, қиялдау қажеттіліктерінен
оларды босатады және оқиға проблемасындағы
барлық өзгерістерді ескереді, олар әрекет
барысында тікелей өтетін міндеттерді
шешуді алдын ала қарастыруды және ойша
ескеруді қажет ететін жағдайларды да
кіргізеді. Сөйтіп, практикалық әрекет
міндеттерді бұған дейінгі шешу кезеңдерінен
шығатын кейбір салдарды алдын ала көру
және алдын ала есеп жүргізу жөніндегі
ойлау операцияларын ішінара алмастырады
және міндеттерді шешу процесінің тікелей
компоненті болып табылады. Бұл жағынан
алғанда әрекетпен ойлаудың орын алуы,
әрине шартты түрде. Практикалық әрекетпен
орындалатын бұл функцияда міндетті практикалық
әрекетпен шешу барысына тікелей қосылған
ойлау операциясының ерекше артықшылығы
білінеді. Алайда мұндай ойлау операциясы
бір жағынан жалпыланған теориялық шешім
жасау кезінде міндеттер ұсынатын талаптардан
айырмашылығы бар өзінің ерекше талаптарын
ұсынады. Ол жеке, бөлек детальдарға кеңейтілген
бақылау мен зейін аударуды талап етеді,
осы аталған жағдайда осы проблемалы жағдайдағы
айрықша және жеке жағдайда міндетті шешу
үшін пайдалану ептілігін ұсынады, бұл
теориялық жалпылауға толығымен кірмейді;
ол сонымен қатар ойлаудан әрекетке өтуді
және керісінше әрекеттен ойлауға өтуді
талап етеді. Біреулері үшін мұндай ауысулар
демалу, жеңілдеу болып табылады; ал басқалары
үшін олар елеулі қиындықтар туғызтын,
кейде олар ойлау процесінде ұйымдастыруды
бұзатын жағдайлар ретінде қабылданады.
Сол және басқа жағдайда ойлау процесінің
мотивациясы ерекше болады; егер де ойлау
процесі үшін практикалық, әрекеттік жағдай
ынталандырушы болса, онда субъект кездескен
қиын жағдайда тез шығуы қажет болады;
ал басқа жағдайда адамның басына түскен
практикалық жағдаймен байланысты емес
теориялық мәселені шешу жайлы сөз болса,
ондай жағдай басқаша болады. Шынында
да осы екі оқиғаның әрқайсысы ойлау прроцесі
үшін әр түрлі психологиялық жағдайды
жасайды: олардың қызығушылықтарына, ақыл
деңгейіне және тұтас алғанда тұлғасына
байланысты әр түрлі адамдарда әр түрлі
нәтиже беруі тиіс. 2. Таным түрі бойынша:
1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен
салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық
жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың
түрі. 2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар
негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін
танып–білу. 3. Рефлексия немесе саналу
деңгейі бойынша: 1. Интуитивтік ойлау–тез
өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын
ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік
психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен
және т.б зерттелінген. 2. Рациональдық
ойлау (аналитикалық немесе логикалық
ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын
кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында
едәуір көрініс табатын ойлау түрі. Интуитивті
және рациональдық ойлаудың айырмашылығын
білу үшін әдетте үш белгі қолданылады:
уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық
(кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған
немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау
уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері
бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның
өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті
ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің
болмауымен сипатталады, ол минималды
ұғынған болып табылады. Отандық психологияда
бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова
және т.б. зерттейді. Әрекеттің тәсілдері
негізінде: Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік
құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін
тұжырымдамауы, білдіруі. Көрнекі ойлау–мәселені
шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге
асатын ойлау түрі. Ойлау бағыттылығымен
байланысты: Шынайы (немесе реалистік)
ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған,
логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың
бір түрі. Аутистік ойлау–адамның ниеттерін
жүзеге асыруымен байланысты болатын
ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік
ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің
позициясында тұра алмауы. Шынайы ойлаудың
аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада:
шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге
бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді,
ал аутистік ойлау адамның тілектерін
іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі
нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді
етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың
орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым
қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның
көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен
сипатталады. Ойлау іс — әрекетінің өніміне
байланысты: Продуктивтік ойлау–адамның
ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.
Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті
барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.
Продуктивті және репродуктивті ойлауды
ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова
бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне
қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі
алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне”
негіздейді. 7. Ойлаудың функцияларына
байланысты: Творчестволық ойлау–ақиқат
дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді
тауып, негіздеумен байланысты болатын
ойлаудың түрі. Критикалық ойлау–заттар
мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде,
солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі
қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен
байланысты болатын ғылыми дәйектелген
сындық пікірден тұратын ойлаудың бір
түрі. 8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз
трансформациялау. Ырықты ойлау–проблемалық
жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде
шешу. Еріксіз ойлау процестерін ерікті
ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі
бейнелердің тура трасформациялары және
ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа
бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің
келтірілген тізімі толық емес. Олардың
арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен,
мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың
сөздік–логикалық және интутивті–практикалық
көмпоненттерін бөледі. Ойлаудың әр түрлі
түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен
әлі анықталмаған. Ең соңында ойлаудың
әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің
әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер
шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына
тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен
байланысты болады. Бірақ бастысы айқын:
“ойлау” ұғымымен психологияда сапалық
әртекті процестер белгіленеді.
Источник: http://bigox.kz/
© bigox.kz