Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 09:30, реферат

Краткое описание

Қарым-қатынас адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көпжақты процесс. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.

Содержание

Қарым- қатынас психологиясы, қарым-қатынастың атқаратын қызметі
Қарым-қатынастың құрылымы, деңгейлері және механизмдері
ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер
Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Қарым-қатынас психологиясы.docx

— 25.50 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық қарым-қатынас  психологиясы

 

 

                                                       «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы  – ой,       

                                                           жетекшісі – талап, қорғаушысы  – сабыр,   

                                                     сынаушысы – халық, таусылмайтыны  – арман, 

                                                                                    ең қымбаттысы – ар сақтау,    

                                                                             бәрінен ардақтысы  – өмір  сүру,              

                                                                    соның ішінде ең тәттісі –  сыйластық.»

 

Жоспар

 

  • Қарым- қатынас психологиясы, қарым-қатынастың атқаратын қызметі
  • Қарым-қатынастың құрылымы, деңгейлері және механизмдері
  • ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер
  • Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері
  • Қорытынды

 

І. Қарым-қатынас адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көпжақты процесс. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық.

 

Қарым-қатынастың қызметтері.

1. Прагматикалық байланыстыру  қызметі – біріккен әрекетте  адамдардың қарым-қатынасы жүзеге  асады. Қарым-қатынас бұл жерде  адамдардың бірігуінің шарты  болып табылады.

2. Қалыптастырушы қызметі  – қатынас адамдардың психологиялық  бейнесінің қалыптасу және өзгерту  процесінде пайда болады. Адамның  белгілі даму кезеңінде мінез-құлық  түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның  арқасында баланы өзіне, әлемге  қарым-қатынасы дамып отырады. 

3. Растау қызметі –  басқа адамдармен қарым-қатынас  барысында тұлға өзін тану  үшін басқа адамдардан тірек  іздейді. Адам өзінің жеке тұлғасын, оның құндылығын басқа адамдар  арқылы біледі.

 

 

 

 

ІІ. Қарым-қатынас құрылымы.

1. Вербальды қарым-қатынас  – сөздің дыбыстық көрінісі, дауыстың  ырғақтылығы. 

2. Вербальді емес қарым-қатынас  – кинесика (жест, мимика, пантомимика), такесика, проксемика.

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін  болсақ, адам қарым-қатынастың күнделікті актісінде сөздер оның 7% құрса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.

Адамның ішкі күйін бейнелейтін  бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің  қозғалыстары, оның күнделіктерінің  шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар  ақпараттың 70% құрайды, яғни адамның көздері,  көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Ал адамның маңдайы, қасы, аузы (ерні, көзі, мұрны, иегі) оынң түр негізгі эмоцияларын анықтайды. Жест – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа қол-аяқтың қимылдары арқылы көрінуі. Мимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа бет-әлпетінің қимылы арқылы көрінуі. Пантомимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа дене қалпының қозғалысынан, позасы мен жүріс – тұрыстарынан көрінуі. Такесика – қол алысу, шапалақтау, сүю, сипау, итеру құбылыстары. Мысалы, қол алысудың 3 түрі бар: басым – қолы үстінде, алақаны төменге бағытталып амандасады; көнгіш – қолы төмен, алақаны жоғары бағытталу; тең құқылы – екеуі де көлденең амандасады. Проксемика – адамдардың қарым-қатынас кезіндегі кеңістікте орналасуын қарастырады.

Педагог пен білім алушы арасындағы өзара  қатынас механизмдері.

  • Проекциялау – тұлғаның өз мотивтерін, күйзелістерін, сапаларын бейсаналықпен басқаларға телуі;
  • Децентрация – тұлғаның өз эгоцентрлік ұстанымынан қайтып, басқа адамның көзқарасын қабылдауға қабілетті болуы;
  • Идентификация – тұлғаның өзін бейсаналы түрде басқа адамдаремн теңестіруі немесе ойша өзін басқа адамның орнына қоя алуы;
  • Эмпатия – тұлғаның басқа адамның эмоциялық күйін ұғыну мен сол жағдайды бірге кешуге қабілеттілік;
  • Рефлекция – адамның оқиғаны, әрекетті, құбылысты түсінуі мен талдауы, өзінше бағалауы және қарым-қатынастағы серіктесі өзін қалай қабылдайтындығын аңғаруға қабілеттілігі;
  • Аттракция – басқа адамға деген тұрақты позитивті сезімнің болуы;
  • Стереотипизация – индивидтің басқа бір адам туралы ақпарат тапшылығында алғаш көргеннен-ақ пайда болып, тұрақтап қалатын психологиялық механизм; адамның физиологиялық тұрпатына, бет-әлпетінің бітісіне, ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік статусынағ мінез-құлқына байланысты бағалап қабылдауы;
  • Ореал әсері – индивид басқа адамды алғашқы әсері бойынша бағалайды;
  • Каузальді атрибуция – тұлғаның жетістіктеріне өзін, ал сәтсіздіктерде басқаны себепкер деп санауы.

Қарым-қатынастың түрлері:

1. Манипулятивті қарым -қатынас – партнерлердің өз мақсатын жасырын жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап-арбау қарым-қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым-қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.  
2. Диалогты қарым-қатынас – біріккен таным мен партенр арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым-қатынастың ерекшелігі – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.

3. Іскерлік қарым-қатынас  – тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл-күйі ескеріледі, бірақ ең  бастысы істің орындалуы.

4. Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.

Тұлғааралық кеңістіктегі қарым-қатынас  дистанциялары. Түрлі жағдайлардағы  бір-біріне жақындасу нормасы:

- 0-45 см. Жақындық арақышықтығы (ерлі-зайыптылар, достар, туыстар).

- 45-120 см. Тұлғааралық қашықтық (әріптестер, таныстар).

- 120-400 см. Әлеуметтік ара-қатынас  (мұғалім мен оқушы, сатушы және сатып алушы).

- 400-750 см. Қоғамдық дистанция.

 

ІІІ. ЖОО-дағы педагогикалық ерекшеліктер. Педагогтердің кәсіби ұстанымдарын ажыратып, жасаған М.Таленнің жіктемесі бірегейлікпен ерекшеленеді. Бұл типология төмендегідей педагог ұстанымдарының жеті моделін қамтиды:

  • Модель І – «Сократ». Бұл сабақта әдейі пікірталасқа, пікірсайысқа қозғау салатын, оған әуестігімен ерекшеленетін педагог. Мұндай педагогтің оқу процесіне жеке-даралық, жүйесіздік тән. Алайда, педагогтың бұл ұстанымы білім алушылардың өз көзқарастарын дәлелдеп, айта алуына жағдай жасайжы; олардың ақыл-ой дербестіктер күшейтеді.
  • Модель ІІ – «Топтық пікірсайыс  жетекшісі». Бұл ұстанымда оқу-тәрбие процесінде білім алушылармен келісе отырып, ынтымақтаса жұмыс істеуге аса мән беріледі. Мұнда педагог пікірсайыстан шығатын нақты нәтижені емес, білім алушылармен демократиялық түрде келісуді бәрінен артық қояды.
  • Модель ІІІ – «Шебер». Аталмыш ұстаным бойынша педагог үлгі ретінде болады. Сондықтан оқу процесінде жалпы өмірдің барлық жағдайында оның айтқандары мен әрекеттерін білім алушылардың мүлтіксіз қайталау шарты қойылады.
  • Модель IV – «Генерал». Бұл ұстаным екі ұштылықтан аулақ, талапқойғыш, өзіне қатаң түрде бағындыратын педыгогке тән. Ол өзінің айтқандары мен әрекеттерін әрқашан дұрыс санап, білім алушыға берген әмірін екі етпей орындауын міндеттейді.
  • Модель V – «Менеджер». Аталмыш мәнер сыныптағы іс-әрекеттің табысты болуына, білім алушылардың бастамашылығын және дербестігін мадақтауға,  қолдауға бағдарланады. Педагог әрбір білім алушының атқаратын міндетінің маңызын түсіндіріп, талдауға, әрқайсысының іс-әрекетін қалтқысыз бақылауға және қол жеткен нәтижелерін бағалауға тырысады.
  • Модель VI – «Жаттықтырушы». Бұл ұстаным бойынша сыныптағы қарым-қатынасқа корпорациялық рух тән. Мұнда білім алушылардың бір команданың ойыншылары сияқты жеке-дара жетістіктері емес, бірлескен іс-әрекеті маңызды болады. Ал, педагогке тек нәтиже, табыс, жеңіс ең басты мақсат болып табылады.
  • Модель VII – «Гид». Білмейтіні жоқ, энциклопедия рөліндегі педагог қарым-қатынастың осы мәнерімен сипатталады. Ол – әрқашан ұстамды, нақпа-нақ, жинақы. Мұндай педагогтің қоятын сұрақтары да, кез келген сұраққа жауабы да әзір тұрады. Сондықтан, бұл ұстанымдағы педагогтер кейде білім алушыларды жалықтырып жібереді.

 

 

ІV. Педогогикалық қарым-қатынас мәнері

 

  • Өктем мәнер. Өктем мәнерді ұстанатын оқытушы өзі жұмыстың жалпы мақсатын анықтап қана қоймайды, сонымен қатар, өзі тапсырманы орындау тәсілін ұсынады, кімнің кіммен бірлесіп жұмыс істейтіндігін тағайындайды.
  • Енжар мәнер. Оқытушы оқу-тәрбие үрдісіне белсене араласпай, студенттерге білім беруде енжарлық танытады. Енжар оқытушы студенттердің оқу-кәсіби іс-әрекетіне қатысты ешбір жауапкершілікті сезінбейді.
  • Демократиялық мәнер. Оқытушы ешқашан тұлғаны емес, орындалған іс-әрекетті бағалайды. Студенттер оқу-кәсіби іс-әрекетке қатысты мәселелерді анықтап, шешуге өздері белсенді түрде араласады.

 

Қорыта келе, педагогикалық  қарым-қатынастағы басты құндылық оқытушы мен білім алушылардың жеке даралығы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас оқу-тәрбие процесінің субъектілерінің әлеуеттерін жүзеге асыруға жағдай жасауға тиіс. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас оқытушы тарапынан рухани адамгершілік негізге арқалануы қажетті шарт болып табылады. Себебі, өнімді педагогикалық қарым-қатынас үшін адалдық, ашықтық, сенім, қамқорлық, уәдеде тұру, ризашылық білдіре алу, қайырымдылық сияқты этикалық құндылықтарды оқытушының тұрақты түрде ұстануы зор маңызға ие болады.


Информация о работе Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы