Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:17, реферат
үкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәләлі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжыры-мдамасының жобасы» жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ-стан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріп отыр.
8) Педагогикалық қиял немесе болжам жасау қабілеттері - өз әрекеттерінің салдарын алдын –ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер.
9) Зейінді бір мезгілде бірнеше іс -әрекетттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды маз-мұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез –құлқын қадағалап отырады.
Педагогикалық қабілеттің ядросы – адамның психо – техникалық қарулануы яғни психикалық күйлерді бағалау және қабылдаудың тереңдігі мен нақтылығы, өзіндік мінез–құлқына деген жау-апкершілік сезімі.
Прогрессивті қоғамның педагогтары әрқашан балаларды тәрбиелеудегі және оқытудағы мұғалімдердің жеке тұлғасының рөлін айқын көрсетеді. К.Д. Ушинский айтпақшы жақсы оқу бағдарламалары мен оқулықтары да мұғалімдердің жеке тұлғасының тигізетін әсерін ауыстыра алмайды. Оқыту табыстылығы, тәрбие, бүкіл педагогикалық үрдіс педагогқа байланысты. Зерттеулер көрсетуінше оқу топтарында жоғары талаптар мұға-лімдердің кәсіби қасиеттері мен моральдік – саяси қасиеттеріне қойылады.
Қорытындылай айтсақ, қабілетті, дарынды, шығармашыл адам әрқашан индивидуалдылық деп есептеледі. Педагогтың индивидуалдылығының қалыптасуы баланың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдай жасайды. Педагогикалық іс - әрекеттің индивидуалды стилінің белгілері оның қабілетінен, темпераменттен, оқыту әдістерін таңдаудан, тәрбие құралдарын таңдаудан, педагогикалық қарым –қатынас жасау стилінен, мінез –құлық мәнерінен, оқушыға психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдарын қолданудан көрінеді. Әртүрлі индивидуалдылықты меңгерген мұғалімдер көптеген оқыту және тәрбиелеу міндеттерінің ішінен тек бірін ғана таңдап алып, бірақ оны түрліше жүзеге асырады. Мұғалім басқа педагогтың педагогикалық тәжірибесін көшірмеуі тиіс. Мұғалім әрқашан өз- өзімен яғни айқын педагог болып қалуы тиіс. Бұл балаларды тәрбиелеу және оқытудың тиімділігін жоғарылатады.
Информация о работе Психологиядағы педагогикалық қабілет мәселесі