Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 19:41, реферат
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып-білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Психология ғылымының тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Еуропа халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адмның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда, дүниенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVII ғасырдағы психологиялық ой-пікірді дамытуда : а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке ( жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін, оның өз мінезқұлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар – Декарт (1596-1650жж.), Т.Гоббс (1588-1679 жж.), Б.Спиноза (1632-1677 жж.), Г.Лейбниц (1646-1716 жж.), Дж.Локк (1632-1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар болды.
4. XVIII ғасырдағы психологиядағы эмпиризм мен ассоциациянизм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы психология
XVIII ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А.Галлердің (1708-1777 жж.) зерттеулері оның негізі болып саналды. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тірішілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер еьіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстанушылар жіктеле бастады. Оларлың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы танып білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.
Сонымен, XVIII ғасырдағы психофизиологиялық құбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ойысып, түрлі психикалық процестердің сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А.Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйелік процестер бірінші , ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті. Мұның бәрі – психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.
Ассоциативтік психология. Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші – ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 жж.). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 жж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды. Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтады.Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен айтқанда, Гартли теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы – психологияның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778-1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерттеушілер қолдады. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады ; екіншіден, ассоциация бойынша – бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар – елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибелер арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу
барысы биология мен жүйке физиологиясын
зерттеу нәтижелерімен
XIX ғасырдың 80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді басқа да психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістердін қолданып, биологиялық үлгіге иек артты.
5. Психологияның
дербес және тәжірибелік
XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конт – 1798-1857), иррационализм (А.Шопенгауэр – 1788-1860), волюнтаризм, вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидалардың мақсаты, түптеп келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В.Вундт, Джемс, Бергсон, З.Фрейд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етті. Вульгарлық материализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе, т.б.) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты қатынаста болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі құбылыстарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып, адамның жан дүниесі жайындағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады.
Адамның санасы мен жеке басына тән мінез-құлқының тарихи тұрғыда әлеуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын XIX ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.А.Добролюбов (1836-1861), Н.Г.Чернышевский (1827-1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адамның психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материалистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамен, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты. Г.Гегель (1770-1831) өз еңбектерінде сананың тарихи дамуын адамның даралық ерекшеліктерімен байланысты түрде қарастырды.
Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамуының негізгі субъектісі екендігі К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл-ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзене асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі – физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері.
Психология пәнін өзге
ғылыми пәндермен салыстыра келе,
бұл пәннің тәжірибелік (эксперименттік)
ғылым екендігін әрбәр
XIX ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжирибелік пәе болып тарихи қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдары арасында психологияныңжетекші орын алатындығын айқын аңғыртты және сол кезеңде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді : экспериментальдік психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі – адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психологиясы; әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы; психотехника.
Психологияның дамуындағы осы кезеңде әр түрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар : Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі – В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті); Вюрцбург мектебі (Батыс Еуропа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді тәжирибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К.Бюлер, О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты – психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869-1962) болды.
Бихевиоризм – ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесінқалаушы Эдвар Торндайк (1874-1949).
Гештальт – психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943). “Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты – жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл – Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализм деп аталады.
Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алып, ХХ ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамныңішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық-дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм (көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885-1953) – биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (1890-1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін, т.б. мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман-швейцариялық Жан Пиаже (1896-1980).
Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне терең бойлау қажеттігінің артып отырғандығын көрсетеді.
6. Кеңестік психологияның дамуы
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан
төңкерісіне дейінгі