Психологияның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2014 в 18:48, творческая работа

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— «псюхе» (жан), екіншісі – «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз « жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1 Анықтамасы
2 Психологияның тарихы
2.1 Ежелгі дамуы
2.2 Ерте жаңа заман
2.3 Жаңа заман
2.4 Қазақстандағы психологияның даму тарихы
3 Психология мәселелері
4 Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Psikhologia_Referat.docx

— 43.39 Кб (Скачать файл)

Бұл теориялардың бəрi не ортак. Təрciнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-әрекетi сана белсендiлiгi деп танылды.

Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелк — психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау.

Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектк аталған əдiс қолданылды.

ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi психологиянын жазна пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, егiнен адам қозғалысының жиынтығы-əрекет-қылық едi. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөн iндегi түсiнiктер дамуының уипнш i кезе қоЫ қалады. Бихевиоризмн iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетті қоршаған ортаға бейiмделу тiршiлiк иесы қылық-əрекетiн зерттеу деп бiлдiрді. Тек бi онжылдықтың өзi нде-ақ бихевиоризм бүкт дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды.

Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда — жан туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Əрине, қылық-əрекеттi бақылаумен объективтк деректердi зерттей аламыз, бiрақ мұндай объективтк жалған, себебiбiздiң əрқандай əрекет-қылығымыздың астарында өзiмiздің ой, сезiм, ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынта-ықыласты бiлмейiнше, əрекет-қылықты тану мүмкiн емес.

Психология пəнiн нақтылауда болған дағдарыстар себебi аталған теориялардың негiзге алған əдiснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объективтк дүние мен субъективтк болмыстың ара қатынасын идеалист тұрғыдан шештi.

Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екiншi, одан туындаушы, яғни объектив дүниен iң мидағы бейнесi. Осы түсiнкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т.б. түрiнде бейнеленуi) бiр-бiрiне ткелей қарама-қарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйск, ой, сезiмдер т.б. материалдық органның мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларынын сана өмiрiне айналуының нəтижесi. Психика, сана ми қызметi нен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тəсiлi жоқ. Материя, психика жəне сананы бұлайша түсiну диалектикалық материализмнiң дүние заттығы жөн iндегi ережес iмен түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi.

Материяның дамуы — бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың белгiлi бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде материя органикалық қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi өмiр, табиғат жиынтығына ендi. Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындысы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнелендің түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымыны мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдар рөлiн атқарады.

 

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  1. Гипотезаларды ұсыну

  1. Тәжірибе немесе бақылау

  1. Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау

  1. Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады

 

 

      Халқымыздың ХІ-ХІІ  ғасырлардағы тарихынан  елес  беретін,  қоғамдық ой—  пікірлеріміздің  төркіндерінің бірінен  саналатын көне  туындыларымыздың  бірі— « Құтадтғу  білік».

 

      Бұл—дидактикалық, моральдық— этикалық  сарында жазылған  шығарма. « Құтадғу білік» -  түркі сөздері. Мұның біріншісі, «Құдатғу»,  «құт», «бақыт», «құтты», ал екіншісі «сөз» - «білік», «білім», «кітап» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, «Құдатғу білікті» қазақша « білімді құтайтушы кітап», « бақытқа жетудің ғылымы» деуге де болады. Кітап 85 тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады. Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт кейіпкерді төрт қасиеттің иесі етіп алады. Дастан төрт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сез жарысына – диалогқа құрылған. Шығарманың бұл ерекшілігі бізге айтыс жанрының тууы жайында да көптеген қызықты деректер береді. Кітап Қараханид мемлекетін нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Бұл өлке кезінде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнері дамып, мәдениеті өрлеген, зиялы оқымыстылары көп ел болса керек. Мәселен, осы қаладан шыққан Қашқари 1072-1074 жылдары « Диван лұғат ат түрк», Жамал  Қарши (1230-1305), « Мұлхакат ул Сурах» атты кітаптар жазған. « Құтадғу біліктің» авторы Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері онша қашық емес) сол кезде қаңлы тайпасының астанасы болған.

 

           1069-1070ж. жазылған. Қолжазбаның авторы  жөнінде кітап  кіріспесінің 3-бетінде  былай делінген: «  Бұл кітаптағы  өлеңді жазған  кісі Баласағұнда  туған. Ол бұл  кітапты Қашқар елінде жазып, жазушыға Қараханидтердің шаһы Тавғаш Арсланхан Бұғра— Те-кинге тарту етеді. Шаһ ағынның осы дастаны үшін оған « Хас-Хаджиб» деген атақ береді. Осыдан барыпжазушының « Жүсіп хан— Хаджиб» деген атағы жер жүзіне  тарап кетеді. Қолжазбаның түп нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш көшірмесі жеткен. Біріншісі—1439ж. Герат қаласында ұйғыр жазуымен, екіншісі—ХІІ ғасырдың орта шенінде Мысырда араб жазуымен ХІІ ғасырдың аяғында жазбаша көшірілген үшінші түрі— 1914 ж. Наманган қаласнан табылған.«Құтдатғу біліктің»академик В.В. Радловтың 1890 ж. аударған көшірмесі  Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұр. Кітапт ың көлемі 200 бет, әрқайсысы он парақтық 11 дәптерден құралған.

 

         Қазақстанда іргелі  ғылыми-зерттеулер соңғы жетпіс  жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл  жағдай,әрине,психология ғылымына да ортақ болатын. Әрине,осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп  қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан Қазан  төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан « Мұғалім» журналында (1919ж.), Ғ.Қарашаевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың

« Мектепке  дейінгі  тәрбие» (1923ж.), «Ана мен бала» кітаптарында да адамның жан қуатары жөнінде қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі  астанасы Орынборда кейіннен сол кездегі  КСРО  Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор

В.Я. Струминскийдің  « Психология» кітабының жарық көруі айта қаларлықтай оқиға болды. Өйткені орталықтан шалғай шетте жатқан  Қазақстанда жан туралы ғылымның  іргелі мәселелері  Струминский кітабында кеңес өкіметі тұсында тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып еді. Автор психологияны  маркстік  тұрғыдан құруға талпынған, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми тұрғыдан құруға талпынғанмен, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми тұрғыдан баяндаймын деп, механистік материализмге ұрынады. Мұнысы сол кез жағдайында кешірімді де еді. Кітап  авторының сол кездегі практикалық қызметі қазақ топырағына  ғылыми-психологиялық идеялардың алғашқы ұрығын сепкендігіне еш күмән жоқ. Оның бұдан басқа бірнеше еңбектері Орынборда шығатын журналдарда жарияланды, сол кездегі мұғалімдердің кәдесіне жарады. Осы кездері Ташкентте П.Н.Архангельскийдің « Жұма оқулары» дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғұлама ғалым қайраткерлері А. Байтұрсынов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, т.б. педагогика  мен психология саласында бірнеше төлтума еңбектер жазды.

 

        Отызыншы жылдары  қазақ психология  ғылымының жекелеген  мәселері Ә.Сыдықовтың (1898-1982ж.ж)  С.Қожахметовтің  (1910-1945ж.ж.), С. Балаубаевтың (1902-1972ж.ж) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары « Жаңа мектеп» журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын  өкілдерінің  бірі— С.Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның « Қиын балалар» атты мақаласында жас өспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып сөз болады. Мәселен, мұнда жас өспірімдердің организмінде болатын жыныстық дамудантуындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір ақыл-ойы кеміс балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде әңгімеленеді. Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны терең,іргелі,қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді.

 

        1938 жылы Т.Тәжібаев  Ленинградтан диссертация  қорғап, Алматыға  оралған кезден  бастап психологиялық  тақырыпқа жазылған  төл еңбектер жиі  көріне бастайды.

 

        Қазақстанда  1935-1948 жылдары арасында  аты бүкіл әлемге  әйгілі, Ресейдегі  педагогикалық психлогияның  негізін салушылардың  бірі— профессор  А.П.Нечаев (1870-1948ж.ж.) қызмет етті. Нечаев  елу жылдан астам  психология саласында  белсенді қызмет  еткен, аты әлемге әйгілі ғалым еді. Ол араласпаған психология саласы  кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларынан дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол—елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі:

« Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысты» (1908ж.), «Кітапхана ісінің психологиялық  мәселері» (1922ж.), «Дене  тәрбиесінің психологиясы» (1928ж.), «Техникалық өнертапқыштардың психологиясы» (1928ж.),

« Ес және оны тәрбиелеу»(1930ж.),т.б. Ол өмірінің соңғы  жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген

« Психофизиологиялық синдромдар жүйесі»  атты еңбегін еліміздің  көрнекті психолог ғалымдары  академиктер Д.Н.Узнадзе  мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ, педагогика ғылымдарының  докторы атағы берілді. Қазақстанда психология ғылымының өркен жаюына осы ғалымның да зор шапағаты  тигені даусыз.

 

      Қазақстанда психология  ғылымының қалыптасуына  қолайлы жағдай  жасаған басқа  факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарында Ресей, Украина, т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені мәлім. Бұлардың  арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар еді. Мәселен, ҚазПи-де профессор-психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада- белгілі украи н психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті  ғалымдармен бірлесіп бірнеше еңбектер жазды. Мәселен М.П.Рубинштейннің « Батылдық психологиясы» атты зерттеуі  кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз білдірілді. Республикадағы психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен,1947 жылы ҚазПи-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды.1946 жылғы БК (б) Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психология мұғалімдерін  даярлайтын бөлім ашылды.1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Оның көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарына мұғалімдік қызметке жолдама алды. Республика үшін психолог кадрларды дайындаудаоқыту жөніндегі проф. Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген проф. И.Л. Стычинский (1896-1969ж.ж.)зор үлес қосты. Осы кезде ҚазПи мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.

 

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

1. Еңбек психологиясы  Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық  ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының  даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми  негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.[2]

Информация о работе Психологияның даму тарихы