Психология мәселері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 21:04, лекция

Краткое описание

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу

Вложенные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.pptx

— 196.72 Кб (Скачать файл)

Психология мәселері

    • Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу
    • Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет- ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері;эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
    • Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

 

Психология ғылымының салалары мен тармақтары  
Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибиелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьп, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. 

    • I. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зерттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастар мен олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді. 

II. Жас кезеңдерінің психологиясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

    • III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады. 
      Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіңдер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
    • IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.  
      Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, Өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктерінен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар: инженерлік психология — бұл негізінен автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді.
    • V. Медициналык психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар. а) Нейропсихолоеш психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә) Психофармакология дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б) Психотерапия — ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындау-мен шұғылданады.
    • VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерін оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі,
    • VIІ. Әлеуметтік-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі мәселе қамтылады:
    • а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер, этностык, және ұлттык. психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелері зерттеу де жатады.
    • ә) Кіші (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің, алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері, шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты мәселелер де енеді.
    • б) Қоғамдары адамныц қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны, Азамат — әлеуметтік психологиянын. зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды. Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырылады және адамның азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік пснхологияның тармақтары: этностық психологня, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
    • VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттейді Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады
    • IX, Сауда психологиясы — қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.
    • X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т. б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық — эвристика тәсілі.
    • XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ.
    • XII. Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің механизмдерін қарастырады,. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындары туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
    • XIII. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

Назарларыңызға рахмет!


Информация о работе Психология мәселері