Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2015 в 17:53, реферат
Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Экономика және Құқық Институты
МӨЖ
Тақырыбы: Сана және Психика
Орындаған: Садыкова Алтынай Алмаханқызы 6М-050700
Қабылдаған: Бекмұратова Гүлжанар Тоғызбаевна
2015жыл
Психика және сана
Психика (гр. psychikos — ішкі
сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі.
Психика биологиялық эволюцияның жемісі
және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар
мен заттардың көрінісін белсенді және
озық түрде бейнелейді. Негізінде психика
заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік
иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын
құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты
оның объективті жағдайға тәуелділігін,
қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару
заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық
табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді.
Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін
реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін
жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды.
Осыдан адам психикасының дамуының жеке
тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Психика —
Психиканың екінші
сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін
өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның
өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей
алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен
оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін
қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін
жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру
арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық
эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика
сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін
белсенді және озық түрде бейнелейді.
Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің
ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға
және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік
алады. Негізінде психика заттық ортаның
дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің
өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды.
Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым
ортаның жағдайымен салыстыра отырып,
индивид ахуалын қайтарымды байланыста
ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік
сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін
тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне
түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас
дарытады.
Сана — пәлсапалық санат.
Сана түсінігі пәлсапа саласында
негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни
қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс
және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды
қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады.
Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен
көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы
байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Сана — бейнеге сүйене
қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын
адам қабілеттілігі, адамның заттармен
байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени
қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар
өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды
өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі
ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі;
психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей
байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам)
деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік
үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі
ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және
Адам санасы, оның қоршаған
ортамен байланыс ерекшелігіне қарай,
«түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан
тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің
ерекшелігіне қарай, адамның адаммен,
заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары
түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген.
Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте —
анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын
сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің
құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа
қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға
ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде
адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген.
Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып
көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды.
Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана
жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі
адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде
оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның
басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас
үдерісіндегі байланысы және оның арғы
жағында жасырын жатқан құбылыстары сана
арқылы енгізіледі.
Сана қарапайым жолмен
зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін,
ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі»
ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның
өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп
қалмайды, керісінше одан шығатын күштер
оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар
әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде,
мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс
табады.
Қазіргі кезге дейін
сана және оның табиғаты мен қызметі аз
зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз
ойларын қорытып келді.
Сана құрылымы.
Сана мидың айналадағы
объективтік шындықты бейнелеуінен туады,
яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде
кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері
— түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял,
ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер
адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері
— адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы,
талаптануы және соған байланысты әрекет
жасауы жатады. Осы психикалық процестердің
құрылымы деп сана құрылымын айтады.
Сана мен іс-әрекеттің бірлігі
Сана мен іс-әрекеттің
бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық
байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми
психологияның философиялық және методологиялық іргетасын
қалайды. Психология ғылымының негізгі
принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті,
іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді
ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі
саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды
мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын
білдіретін жинақтаушы ұғым.
Санасыз
Санасыз — санасыз
акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс
атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке
адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект
өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын
шынайы құбылыстың ықпалымен болатын
психикалық үрдістер, актілер мен күйлер
жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің
формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы:
санасыздықты ырықты бақылау және ондай
әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта
өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп
бір психикалық актіде іске асады (мысалы,
түс көруде). Санасыздық балада ертеректе
болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында,
аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздықжағдайда
көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ
Санасыз
әрекет
Санасыз әрекет — адамның
жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын
әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере
қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде
есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің
қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей
істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру,
кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян
бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет
туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд.
т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта
адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы
мен қылығына әсер ететін адамның ішкі
түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері
(мотивтері).
Сананың
бүлінуі
Сананың бүлінуі —
орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан
туындайтын психикалық ауру адамның миы
әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға
шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде
оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды.
Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі
бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр
түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан
кезде болса, енді біреуінде туғаннан
кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің
өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде
оның зақымдануын органикалық зақымдану,
ал балалардың өздерін