Табигатта кездесейтин жануар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 13:34, методичка

Краткое описание

Әдістеме типі: психодиагностикалық, проективтік
Авторлары: - Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захарова, Р.Бернс, С.Кауфман.
Мақсаты: отбасындағы қалыптасқан қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау.
Жүргізушіге қажетті материалдар: ақ қағаз, ручка, түрлі – түсті қаламдар, өшіргіш.
Жүргізу тәртібі: Балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып, оны атау керек екендігі түсіндіріледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Табиғатта кездеспейтін жануар.docx

— 16.76 Кб (Скачать файл)

«Табиғатта кездеспейтін жануар» әдістемесі.

 

Әдістеме типі: психодиагностикалық, проективтік

Авторлары: - Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захарова, Р.Бернс, С.Кауфман.

Мақсаты: отбасындағы қалыптасқан қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау.

Жүргізушіге қажетті материалдар: ақ қағаз, ручка, түрлі – түсті қаламдар, өшіргіш.

Жүргізу тәртібі: Балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып, оны атау керек екендігі түсіндіріледі.

 

Тесттің талдау ережесі:

 

  1. Суреттің парақта орналасуы:

Сурет вертикалды  жағынан парақтың ортасында болса немесе парақтың жоғарғы жағында орналасса – өзін – өзі бағалауы өте жоғары, өзінің қазіргі жағдайына разы емес, барлық жағынан басқалардан жоғары болғысы келеді.

Сурет парақтың төменгі жағында орналасса – өзін – өзі бағалауы төмен, өзіне – өзі сенімі жоқ, шешім қабылдауы баяу, үрейленіп жүреді.

 

  1. Суреттің орталық мағыналық бөлігі – бас:

Оңға қараған бас – іскер адам; жоспарланған, ойлаған іс – әрекеттерін іске асырады.

Солға қараған бас – ойланғыш адам, «іс адамы емес», жоспарланған нәрселердің кейбіреулері ғана орындалады. Іске кірісер алдында ойланып – толғанып, қорқақтық көрсетеді, шешім қабылдауы қиын.

Тік орналасқан бас – эгоцентризм белгісі.

 

  1. Бас мүшелері:

Көз – қорқыныш белгісі, ол барлық  детальдармен, көз қарашығына дейін анық салынса – зерттелінушінің мазасыздануы және қорқынышы анық байқалғаны.

Кірпік – ұстамалы мінез көрсету, өзінің қабілетіне, модаға сай киінуіне өте үлкен мән беретіндігі, жұртты таң қалдыруға құмарлығы.

Құлақ – мағлұматтарға қызығуы, өсекке құмарлығы, «мен туралы басқалар не ойлайды екен, не дейді екен» деп құлақ түріп жүреді.

Ауыз – ышық, ішінен тілі көрініп тұрса – ол сөзшең, басқалардың сөзіне онша көңіл бөлмейді.

Ерін – ерекше көңіл аударылса – сезімталдық; ауыз ашық, тіл көрініп тұрған жоқ – үндемес; қаралап боялған ауыз – қорқақтық, сенімсіздікті білдіреді; тістері көрініп тұрса – өзін – өзі қорғауға вербалдық агрессияны пайдалануы.

Өте үлкен бас – ақылдың белгісі (эрудиция).

Мүйіз, тырнақ, инелер – қорғану, физикалық агрессияның белгісі.

Қауырсын – өзін – өзі сәндеуге және ақтауға құмарлық, көзге түсуге ынталылық.

Жал, түк, кекіл, шаш – сексуалдық белгісі.

 

  1. Аяқ.

Аяқ ауыр, үлкен, жуан, бір сызықтың бойында орналасқан, орнықты болса – адам орнықты, байсалды; шешімді жан – жақты ойланып қабылдайды; тәуекелшіл емес, нақты фактілерге сүйенеді.

Керісінше болса – жеңілтек, ойы қысқа.

Аяқ мүлдем жоқ болса – ойланбай шешім қабылдайды.

Аяқтың денемен жалғасуы – әдемілеп, нақты қосылса – адамның өзінің ойын, шешімін қадағалап жүруі; әйтеуір жалғасса – керісінше, ерме, жеңілтек, ойшыл емес.

Біркелкі аяқтар – дәстүршіл, жаңашыл, шығармашылыққа құмар емес. Түрлі аяқтар, жалғаулар болса – дербестік, тәуелсіз, өз ойы бар, жаңашыл, өнерге жақын адам болуы мүмкін.

 

  1. Фигураның үстінде тұрған бөлшектер:

Олар пайдалы немесе тек сән элементі болуы мүмкін.

Қанат, қосымша аяқтар, қармалауыштар, сауыт, қауырсындар – энергия, жан – жақты даму, өзіне деген сенімділік, белсенділік белгісі.

Бұйралар, гүлдер – өзіне басқалардың көңілін аударуға құмарлық, демонстративтік.

Құйрық – өзінің іс – әрекетіне, шешіміне, ойына, істеген жұмысына көзқарасын білдіреді; құйрық оңға бұрылған болса – (+), солға қараған болса – (-), жоғарыға қараған – (+) сенімді, жақсы; төмен қараған – (-) өзіне – өзі риза емес, тұндыраңқы.

 

  1. Фигураның нұсқасы:

Инелер, сауыт салынған, қараланған – қоршаған ортадан қорғану.

Бұрыш – бұрыш сурет – агрессиялық қорғанысты білдіреді.

Жоғары қараған қалқан – өсек, келеке, беделдің жоқтығынан қорғану.

Дененің басқа жерлеріндегі қалқаншалар – қорғанысқа даярлық.

Шеңбер тәрізді фигура – тұйық, сырын ешкімге айтпайтын адам.

 

  1. Жалпы энергия:

Егер суретте тек қана жануарларды сипаттайтын элементтерден тұратын болса – энергия үнемделген; суреттің сызықтары әрең көрінеді – созылмалы аурудың белгісі.

Қосалқы элементтерге бай (штрих, бояуы қою, детальдары көп болса) – энергия өте жоғары.

 

  1. Тақырыпқа байланыстылығы: салынған жануар салуышының бейнесі болып табылады.

 

  1. Адамға ұқсастығы:тік жүретін (екі аяқты), адам киімін киетін, түрі адамдарға ұқсас болса – инфантилизм, эмоционалдық дамуы жетілмеген.

 

  1. Дененің жанды жерлерді көрсетуі:көзге лампочка бұрап, құйрыққа электрошнур, басына пропеллер қадап, аяқ орнына трактордың немес танктің шынжыр табаны болса – психологиялық дамуында ауытқу бар екені анық байқалады.

 

  1. Шығармашылық мүмкіндіктер:

Дайын, табиғатта бар жануарға ұқсастық – нәрсіз, ешқандай жаңалық жоқ;

Ерекше фигура – шығармашылық белгісі.

 

  1. Атаулары:

Ұшқыш қоян, бегемот – рационалдылық, шаншылдық белгісі.

Латыншаға ұқсас келген атаулар – эрудиция белгісі.

Мағынасыз атаулар – жеңілтектік белгісі.

Әзіл атаулар – қоршаған ортаға деген көзқарасы.

Қайталану (тру – тру) – инфантилизм.

Ұзақ атаулар – фантазиясы жақсы дамыған адам.


Информация о работе Табигатта кездесейтин жануар