Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:36, творческая работа
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады.
ТЕМПЕРАМЕНТ
Байболова Сара
Ақпараттық жүйелер
1 – курс, ҒПМ
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады.
Темперамент
• Темпераменттер
• Холерик
• Флегматик
• Сангвиник
• Меланхолик
• Холерик
• Флегматик
• психикалық әрекеттің ағысы тез және күшті болып келеді. Көтеріңкі, көңілді көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді, былапыт сөзге үйір. Бір сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам
• психикасы жай, жайбарақат болады. Дене қимылы, бет қимылы шабан, көрнексіз. Тежеулері бір қалыпты, қимыл – қозғалысы баяу, көңілі тұрақты болып, жайбарақат тіршілікпен жүріп жатады. Бұл адамдар көбінесе өздерінің жүріс – тұрысында сабырлы, мінезді болып келеді
• Сангвиник
• жан қуатының ағымы ширақ, дене қимылдары мен бет қимылдары өзгермелі, эмоциялық қозулары әлсіз, көңіл күйі тез ауысып отырады. Жүріс- тұрысы да жылдам, ашулануы да, қуануы да тез, көңіл күйі өзгермелі болады. Мұндай кісі онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тарап кетеді
• Меланхолик
• психикасы жай, дене, бет қимылдары баяу, солғын болып келеді. Меланхоликалық кісі жүріс – тұрыстары өте жай, аса сылбыр, қимыл – қозғалыстары көрнексіз, ажарсыз болады, ойын – күлкіні көп жақтырмайды, көпшіліктен аулақ жүреді, жұртпен араласуды қаламайды, өзінен — өзі тұңғиыққа батқандай, үнемі уайым – қайғыға түскендей қалып байқатады
Физиолог И.П.Павловтың айтуынша, осы айтылған төрт темпераменттің қосындысынан тағы да темпераменттің бірнеше түрін шығаруға болады. Ол жеке темпераменттердің түрлерін 24-ке жеткізуге болады дейді. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілімі (1924) темперамент мәселесін ғылыми жолмен түсіндіруге жағдай жасады. Ғалым организмнің (иттің) жүйке саласындағы негізгі үш қасиетінің қызметімен байланыстырады:
• 1. Негізгі жүйке процестері (қозу, тежелу) күшті, әлсіз болуы. Мысалы, иттің жүйке саласының күшті екенін айыруда, шартты рефлекс ретінде өте күшті тітіргендіргіштердің әсерін байқаған. Кейбір реттерде өте күшті дыбыстардың әсерінен шартты рефлекстер пайда болған, енді біреулерінде мұндайда жағымсыз сезімдер пайда болып, шартты рефлекс жасалмаған. И.П.Павлов күшті қоздырғыштармен шартты рефлекс тудырған иттің жүйке саласы күшті деп, ал рефлекс туғызбайтындарды жүйкесі әлсіз деп есептеген.
• 2. Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі. И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір – бірімен тепе – тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу процестерінің тепе – теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымырақ болған.
• 3. Қозу және тежелу жүйке процестерінің жылдамдылығы. Мұны анықтау үшін И.П.Павлов иттердің шартты рефлекстері пайда болуында бір шартты қоздырғыштан, екінші шартты қоздырғышқа тез ауыса алуын зерттеген. Егер иттер бір шартты қоздырғыштардан, екіншісіне тез көшіп, соларға да шартты рефлекс пайда болдырса, оны И.П.Павлов жылдам ауысады деп, шартты қоздырғыштарға тез ыңғайлана алмағандарын «шабан ауысады» деп белгілеген.
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ежелгі Греция ғалымы және дәрігер Гиппократ бұдан екі жарым мың жыл бұрын, темперамент туралы теорияның негізін салды. Гиппократ өзінің дәрігерлік тәжірибесінде адамдардың қимыл — әрекеттерінің бірдей еместігін, олардың жүріс – тұрысына, психикалық әрекеттерінің ағысы да, көңіл күйінің барысы да әртүрлі екендігін байқап, бұлардың не себептен осылайша болғандығына ерекше назар аударған.
Пайдаланған әдебиет