Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 15:04, реферат

Краткое описание

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

туйсик пен зейн.doc

— 52.50 Кб (Скачать файл)

Сыртқы дүние заттары  мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен  пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.

 

Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер   жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

 

Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы

 

Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра  алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.

 

Мәселен, шала туған баланың өзі  де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.

 

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, «зейін адам санасы арқылы қорытылатын  және одан өтетін барлық ойды аңғаратын  адам жанының жалғыз ғана есігі болып  табылады» — деген болатын.

 

Зейіннің құрылымы, түрлері, қасиеттері

 Зейін адамның еркіне қарай  ырықты, ырықсыз және үйреншікті  болып үш түрге бөлінеді.

 ырықсыз зейін деп сананы  белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан  қилы тітіркендіргіштер ішінен  күшті басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады.Мысалы,бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйендіретін нәрселерде зейінді өзіне еріксіз аударады.Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейіе тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейінің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.

 Ырықты зейін ерікті немесе  активті зейін деп те аталады.  Мұндай атаулардың бәрі сананың  белгілі объектіге шоғырлануындағы  адамның шешуші ролін көрсетеді.Сананың  әрекеттің белгілі шартымен байланысты  болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз.Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп,оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды.Олай есептеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.

 Мектептегі оқу-тәрбие істерінің  бәрі де балалардың ырықты зейін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді.Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті.Талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сезімін арттырады.Сабақта оқушылырдың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып,ырықсыз зейінін ырықтызейінге аударып отыру керек.

 Жұмыс орынының қолайлы болуы-ырықты  зейіннің тұрақты болу шартының  бірі.Жұмыс орнында кісінің көңілін  бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек.Мысалы,сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі.Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты-адамның психикалық күйі.Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады.Адамның сырқаты,жан қинайтын бөгде ойлар т.б.ырықты зейінің сапасын нашарлатады.Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуын ықпал етеді.

 Адамның күрделі мәселелерді шешуші, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы,жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі-мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.

 Үйреншікті зейін-зейіннің ерекше  түрі.Атына көрініп тұрғандай,ол  ырықты зейіннен кейін жасалады.Сонымен,үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар.Ол қызығу негізінде қалыптасады.Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатынасәйкес мүдделі әрекетіне байланысты.Мұндағы маңызды нәрсе-істің нәтижесі.

 Әрекет кезінде үйреншікті  зейіннің пайда болуы-әркімнің  өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену  әдеттерінің жемісі.Кейбір адамдар  ауыр деген жұмыстың өзін аса  қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді.Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады.Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.

 Зейіннің жоғарыда қарастырылған  үш түрі де бір-бірімен тығыз  байланысты.Адамның іс-әрекетінде  зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі.

      Зейіннің адам  өмірінде алатын орны. Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың айқындығы, сезім көрнеуі және ерік күшінің әсерімен ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз.Іс-әрекет кезінде зейіннің белгілі бір түрілері қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі күшті,алдына қойған мақсаты айқын,соған жетуіге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы сияты кемшіліктер байқала қоймайды.

 Зейінсіздік  — бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт  пікір айту,өзге адамның жан  дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік  білім саясыздығы,мейірімсіздік  сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың  тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты  туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі аяғыны дейін бітіру,адамның жан дүниесінің босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент ерекшеліктерімен байланысты еккендігі адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен анық аңғарылып тұрады.

 Осы ерекшеліктері мен сипаттарына орай зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт бағдарында айқын көрініс береді. Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның саналы әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің есігі деуге болады.

 Адам  өміріндегі зейін ретикулярлы  формациялы іс-әрекетпен байланысты  мидың жалпы белсенділігімен  сипатталады. Ми әрекеті зейінді  әр-түрлі деңгейде қамтамасыз  ететін 5 деңгей немесе кезеңге  бөлінеді.

         Сонымен, зейіннің дамуы ырықты  зейіннің қалыптасуымен сипатталады және ойын уақытының өсуінен көрінеді. Рубинштейн бойынша 6 айдан 1 жасқа дейінгі баланың ойын ойнау уақыты 14,5 мин, ал 3-4 жаста – 50 мин, 5-6 жаста 96 мин. Сонымен қатар зейін аударылуы да кемиді; 3 жаста 10 мин ойын кезінде 3,7-ге дейін, ал 5-6 жаста 1,1-ге дейін. Мектеп жасы кезеңінде балалардың үргемеушілік себептері көбінесе, ырықсыз зейінінің тұрақсыздығынан болады. Мектеп жасында зейіннің барлық қырларының қарқынды дамуы байқалады, тек 10-13 жас аралығында біраз тежелуді көруге болады. Ересектерде зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануы аса өзгеріске ұшырамайды. Зейін көлемі, аударылуы, таңдамалылығы 18-ден 33 жасқа дейін өседі, 34 жастан зейін қызметінің тұрақталуы байқалады, ал кейінгі жылдары, 38, 41, 44 жаста, кему мен өсу алмаса жалғасады.

 Зейін  – жаттықтыруға болатын процесстердің  бірі. Жүйелі әрі арнайы жаттығулар  арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің  сапасын елеулі жетілдіруге болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік  қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз  байланысты.


Информация о работе Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы