Шәкәрім Құдайбердиевтің психологиялық көзқарасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 14:59, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық қөзқарастары. Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық, пікірлері әр кезде жол-жөнекей сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен орайласып жатады. Мәселен, ақынның психологияға байланысты көзқарасын «Анық пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттар» т. б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұғып, , танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 27.56 Кб (Скачать файл)

Шәкәрім Құдайбердиевтің  психологиялық көзқарасы

 

 

 

Психологиялық қөзқарастары. Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық, пікірлері әр кезде жол-жөнекей  сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен  орайласып жатады. Мәселен, ақынның  психологияға байланысты көзқарасын «Анық  пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттар» т. б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұғып, , танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қажетіңе жарат, бұл  үшін жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану бәрі ақыл ісі, олар мидан  шығады деп тұжырым жасайды. Ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы, адамның әділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі, сондықтан әр нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топшылап ақылмен іс қылу адамдықтың басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсапалық сипаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жалғастырып: жер жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстың. ішкі сырын үғып білуге ынтық, бірі «дүниені жаратушы тәңірі- күн» тіршілік күн нұрынан жаралды десе, енді бірі-«қү_дай жоқ» деп жар салады, үшіншісі көп қүдайға табынса, төртіншісі міне құдай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге үмтылушылық, «нағыз тәңірі жолы-қиянатсыз ақ жүрекпен адал еңбек ету»,- деп ой түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен жан» деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай-ақ өлген жанның топырақка, өсімдікке нәр болып тіршілікке қайта айналып келуі табиғи құбылыс, бар зат мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, тек заттың, қү-былыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің байланысы, тіршіліктің негізін ғылыми көзқарас түрғыдан дәлелдегісі келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы адамның жан дүниесінің дамып, қалыптасу жолын эволюциялық (тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай

 біртіндеп дамуы) түрғыдан  түсіндіреді. Осы айтқанымызға  оның төмендегі пікірлері жақсы  дәлел: «Жәндіктен адам жаралған... Айуаннан өсіп, болдық адам,- дейді ол. Сірә, ойшыл     ақын ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвиннің ілімімен жақсы таныс болса керек. Ол сондай-ақ жанның сан алуан түрлері болатындығын, қандай жан болса да (жануар, ,адам) денемен, тәнмен байланыста болатындығын айтады («Табиғат неше түрлі жан жаратты, жан тәнге, ақыл жанға матаулы түр»). Дегенмен оның жан мен тән мәселелері жөніндегі пікірлерінің шындыққа келіңкіремейтін жерлері де кездеседі. Мәселен, ол... дене сезіміне нанба... дене, сезім түгел алдайды... бәрін де тапқан таза ақыл... бар ғылымның түп атасы- таза ақылмен ойлану... жан мен дене екі басқа,- деп келетін ақын   түйіндері   жан   мен   тәннің   байланысын   ғылыми-психологиялық тұжырымдармен үйлеспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер   ұстазы   Абай   түжырымдарын   тереңдете   түскендей   жайтты байқатады. Егер бұрын-соңды қазақи қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірлердің даму   тарихында   жан    мәселесі   төңірегінде    жалпылама   пәлсапалық түжырымдар айтылып жүрген болса, Шәкәрімнің «психология» терминін қазақ   топырағында   тұңғыш    қолданғаны    белгілі.    Мәселен,    ол    бір шығармасында «Жан сыры деп жазылған психология деген пән»,- деген тіркесті колданып, осы ғылымның зерттеу объектісіне үңіледі. Оның     психологиялық     пікірлерінің     жүйесі     1919     жылы     қазақша тәржімаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен жақсы байқалады.     Қол-жазба    түрінде     12-беттік     материалдың    жекелеген үзінділеріне назар аударатын болсақ оның психологиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлүмат алатынымыз хақ. «Тіршілік- жан туралы» деп аталатын    осы    мақаланың    жекелеген    қисындары    (тезистері)    мына төмендегідей: ...сонша білімді адамдар әлі күнге дейін өзінің кім екенін анықтап білген жоқ... Біз кім екенімізді білмек болып, жан тіршілігін тексеретін:   «психология»   сияқты   ғылым   кітаптарын   оқысақ,   жанның тіршілік   сырын   білмек  түгіл  миымызды  қатырып,   ол  кітаптардан  не үғатынымызды   білмей   аң-таң   боламыз.    ...Міне   дәлел:    қазақ   тіліне аударылған психология кітабын оқып қараңыз       Тіршілік басынан бар. Бірақ, ол тіршіліктің бізге анық сезілетін кезі де бар, сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі денесінің қандай күйде, қандай түрде болғандықтан... Айуандардың денесі, адамнан көрі кемдігі болғандықтан: еркіндік, мүше қаруы да, терең ойлары да кем болып отыр... адам өз жанының сырын әбден анықтап білмей түрып, өзінің кім екенін білмейді... Жан қасиетін анық білсе, сонда адам түзеледі... Дүние дозақ емес- бейіш. Табиғаттың байлығы барша жанға жеткілікті. Бірақ есіл бейішті дозақ қылып отырған адам. Егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз туысқан болып,   осы   ақылын   жүмсап,   еңбек   қылып,   табиғаттың   қасиетімен пайдаланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас. Өз жанының қасиетін білмей тұрып, адамның құлқы түзелмейді... ақылдың анық деп тапқан ақиқатын айтпауға ар көнбейді... қай өнер, ғылым болса да оны табатын ақыл... Бар білімнің түп атасы - ақыл... Шәкәрімнің осынау психологиялық пікірлері алдағы жер-де арнаулы зерттеуді қажет етеді. Қорыта келгенде, Шәкәрімді мазалаған сауатсыздық пен мәдениетсіздікке, надандық пен жалқаулыққа, өтірік айтушылық пен ұрыс жанжалға қарсы күрес қазірдің өзінде де өз маңыздылығын жоймақ түгіл, одан сайын өзінің өзектілігін арттырып отыр. Шәкәрімнің қазақ діліндегі жақсы жақтары мен жаманын айқындауы, адамгершілігі мен мен зұлымдығын суреттеуі кейінгі жастарды тәрбиелеудегі маңызды қүралға айналып отыр. Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ ағартушылығы ойының классикалық үлгісін жасаған болса олардың ізбасарлары ретінде Шәкәрім, Абай салған жол арқылы әлемдік философия Еуропа мәдениеті нәрінен сусындап қазақ педагогикасын өзіндік үлттық ерекшеліктерімен таза кәсіби педагогика дәрежесіне көтере білді. Қазақ педагогикасы мен психологиясын одан әрі дамып, осы Шәкәрім салған көпір арқылы жүріп өтіп, ол жасаған баспалдақтар арқылы жоғары көтеріліп, дами бермек. Сол Шәкәрім қалыптастырған педагогика дәстүрі Шәкәрімнен кейін де жалғаса түсіп өз үндестігін тауып отыр. Оның ізбасарлары, яғни Қазақстан педагогикасы биік кәсіби ғылыми дәрежедегі жоғарыдан көрініп, ұлттық педагогиканың дәстүрлі ерекшелігін сақтай отырып әрі қарай дамуына үлкен зерделі істер жасау әрекетінде. Бүл бастама өз қолдауын табуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Шәкәрім - ең алдымен ақын. Оның лирикасы - көркемдік бояуы  қанық, таңырыптық ауқымы кең, идеялық  нысанасы биік лирика. Абайдың реализміне тән белгілер Шәкәрімнің лирикасынан  мол ұшырасып отырады. Сонымен қатар  Шәкәрім Абай дәстүрін өзіндік өрнек-бояумен  байытқан жаңашыл ақын болды.  Шәкәрімнің реализмі-Абай реализмінің заңды жалғасы. Өзінің лирикалық шығармаларында Шәкәрім өз заманының шындығын, қоғамдың құбылыстарды бейнелеуде шынайы реалистік қалыпта көрінеді. Ол өз дәуірінің шындығын өзіне ғана тән тұрғыдан қабылдады, өзінше бейнелеуге ұмтылды. Жалған көрініс, әсіре бояу-Шәкәрімнің лирикасына жат қасиеттер. Жеке адамды, оның қоғаммен арақатынасын, бүкіл өмірлік процестермен сабақтастығын суреттеуде ақын лирикасының реалистік сипаты барынша мол көрінді. Ақын өз қоғамындағы өзгенің көзіне шалына бермейтін сырларды, жақсылық пен Жамандықтың ара жігін, әділетсіздіктің, тоғышар жалқаулықтың ірілі-ұсақты нышан-белгілерін көре білді. Ақын реализмі тек қана кемшілікті әшкерелеумен шектелмеді, жақсылықтың өзін жарқырата көрсете білді. Өмір қүбылыстарын шынайы суреттеуге ұмтылу ниеті Шәкәрім реализміндегі сыншылдық сипаттың өрістеуіне жол ашты. Әлбетте сынның мақсаты-қисықты түзету, кемшілікті жою. Шәкәрім сыншылдығының түп төркінінде де осы мақсат жатыр. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы, халықтық әдет-ғұрыптағы, қоғамның әлеуметтік өміріндегі кереғарлықты сынағанда өзін олардан бөлек алып қарамайды, солардан безу үшін, өзін ақтап алу үшін сынамайды. Шәкәрім өзін әрдайым халықпен бірге сезінеді. Оның лирикалық кейіпкері - халықтың қалың ортасынан шыққан, баршаның қуанышына қуанып, мүңына мұңаятын жан. Сондықтан өз шығармаларын педагогика мен психология тақырыбына арнаған.

 

 

 

 

 

 

АДАМ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АБАЙ  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БЕЙНЕС

Бүгінгі таңда Абай  шығармашылығындағы  психологияның  негізі - жан мен  тәннің арақатынасы, адамның психологиялық  даму жолындағы тәрбие мен  білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ  бала психологиясы мен  қоғамдық  ұлттық  психологияның  жекелеген мәселелері сияқты құбылыстардан көрініс тапқан.  Нақтырақ айтсақ,  психология ғылымы  адамның жан дүниесінің сырына терең  үңіле отырып, оның барлық  дерлік тіршілігінің  қожасы екендігін  көрсетеді. Демек,  адам тек  өзін-өзі  бақылап тексеріп  қана қоймай, тіршілік бейнесін  ақыл ойы мен  парасатына  сүйене отырып өз ырқына көндіре алады. Осы айтылғанның барлығы  психология ғылымының  адамтану  жайындағы  пәндердің арасындағы  жетекші  ғылым  екенін көрсетеді. Осы ойды ірі тұлға М. Әуезовтің мына пікірі толықтырады: «Абай сөзінің негізін  адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет  ой-толғау еңбектерінің қорытындысы  тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды  жаманшылықтарды санап өтеді. Олар үш нәрсе: «надандық, еріншектік, залымдық». [1,217]

Абайдың  психологиялық  көзқарастары қазіргі ғылымда жан  жақты қарастырылуда.  Осы ретте  психолог-ғалымдар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиевтардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.

Абай шығармаларындағы психологиялық  құбылыстардың жарқын көрінісін  мына үзінділерден танимыз. Тіпті сол  дәуірдің өзінде   адамның психологиялық  өмірінің  қыры мен  сырына  жаратылыстық ғылыми  тұрғыда мынадай түсініктеме  береді: «Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,  тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады». «Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп  туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан  құмарлығы» [2,44].

Шындығында да,  Абай шығармаларының бойынан адами келбеттің сан  түрлі үлгілерін табамыз. Олай дейтініміз, ақын өз заманы, қоршаған ортасы арқылы адам болудың, адамша өмір сүрудің жолдары  мен бағытын  көрсетеді. Әр өлеңінде адами болмыстың сыры әр қырынан  танылады. Ол  адамдықтың басты қасиеті -адамгершілік екенін баса жырлайды, оның дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын да алады. Абай - адамның  өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс  бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын  тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн  адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оған дәлел ретінде «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін келтіруге болады.  “Интернатта оқып жүр” деген өлеңінде қазақ жастарының шенеунік болуды дәреже көретінін, жан байыту қаперіне кірмейтінін ашына сынайды.  Ақынның жандүниесінің  тілегі бүгінгі жас дүниеқоңыздылыққа салынбаса екен, білім алып еліне тура жолда қызмет етсе деген ақ арманынмен ұштасады. Оған мына өлең жолдары куә: Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге, Военный қызмет  іздеме, Оқалы киім киюге, Аз ақшаға алданып, Қызмет қылма оязға, Адал жүріп, адал тұр, Жалқауланба еруге- дейді. Байыптай қарасақ, адам мінезінің жақсыға да жаманға да тез үйір болатынын ақын ерекше ескерте келе, келешектің қадамы  ең алдымен,  арды, намысты ойлаудан басталады деген ойға жетелейді.  Осы оймен тұстас, ол үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Адам бойындағы үлкен қасиеттің бірі – мейірімділік екенін атай келе,  адамды сүю туралы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» көрсетеді, «адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. 

 

          Ақын туған  халқының әлеуметтік  жағдайымен, оның  әртүрлі топтарының  мінез-құлықтарына да ерекше  зейін қояды. Ол өз заманында  халқының  мінез-құлқын, көңіл-күйін,  іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін,  талап-талғамын, салт-санасын жақсы  білді. Оған мінездегі қайнап  жатқан бұлқынысты көрсететін: “Қайғы  шығар ілімнен, ыза шығар білімнен, қайғы мен ыза шыққан соң  зар шығады тілімнен”, “Ақылсыз  би болмас, сәулесіз үй болмас, жүректе оты жоқ адамда ми  болмас” деген жыр жолдары  дәлел. Оның шығармаларынан  сан  алуан  мінезді сипаттағы адамдардың  психологиялық бейнесін  жолықтыруға  болады.

 

Кей  жігіт мақтан үшін қылық қылмай,

Бойына майдалықпен сыр  сақтаған,

Кей жігіт арсыздықпен  ұятсынбай

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған...

 

немесе:

Ақылды қара қылды қырыққа  бөлмек,

әр нәрсеге өзіндей  баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойында,

Наданның сүйенгені көп  пен дүрмек, - деп өмірдің жақсы  жаманы ақыл мен надандықтың ортасында  жүретінін ескертеді.

Ақын өлеңдерінен сан  қырлы мінезде сипатталатын басқа  да образдарды танимыз.   Ақын жаманның жауы — тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. Iске ебi жоқ, бос сөзi көп, терiс пиғылды, жақсы көрсе оны көре алмай сынайды, өз пиғылына тоқ, жақсылыққа жоқ. Осындай жан төзгісіз мінездерді көргенде мынадай тоқтамға келіп жырлайды:

 

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар жалмауыз.

Сорлы қазақ сол үшін,

Алты бақан алауыз...

 

           Абай  шығармаларында адамның  жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз  болуы генетикалық негізге байланысты  деп түсіндіріледі. Ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы ой айтылады. Тіпті халық арасында жігітке жар таңдауда ақыл мен парасаттың адам бойындағы ерекше биік қасиет екенін ескеріп, оны былайша түсіндіреді:

Жасаулы деп, малды деп  байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл  қалма...

Ақын сол дәуірдің өзінде –ақ,  адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін мойындады. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деп көрсетеді [2,22].

  Жоғарыда келтірген  деректерді негізге ала отырып, Абай шығармаларындағы адам мінезінің  сан қырлы сипатын былайша  өрбітуге болады:

Абай шығармашылығынан  психология  мәселелеріне  байланысты  құбылыстарды көптеп келтіруге болады. Ал, шындығына келгенде, арада қанша уақыт өтсе де, Абай заманындағы қазақтан бүгінгі қазақты көп өзгере қойды деп айту қиын. Ол өз заманының бейнесін келтірген «алауыздық, пасықтық, көрсеқызарлық, арсыздық, қиянатшылдық, дүниеқорлық, жалпақтық, менсінбеушілік, жайдақтық, билікке, мансапқа құмарлық, сатқындық, надандық, бейшаралық» сияқты мінездер әлі де бүгінгі қазақтың да бойынан арылмай келеді.

  Қорыта келгенде,   ақынның бай мұрасы арқылы өткен дәуірдегі тұтастай бір ұлттың болмысындағы мінез-құлқын тануға болады, бұл деректердің өзі түптеп келгенде көшпенділердің  психологиялық  әлемі туралы  сарқылмас қазынаның қайнар көзі екені даусыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.      Әуезов  М. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат 1995ж.

2.     Абай. Екі  томдық өлеңдер жинағы. І том.  Алматы, 1986

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.    Айтбаева А.     Шәкәрім Қүдайбердіүлының діни-этикалық

 көзқарасы: Автореферат  / Абай атындағы Алматы мемлекеттік

 университеті.- Алматы, 1996.- 266.

2.    Дала даналары [Мәтін].- Алматы: Қазақстанның даму

 институты, 2001.- 640 б.

3.    Жеті ғасыр  жырлайды: XIV ғасырдан XX ғасырдың бас

 кезіне дейінгі қазақ  ақын-жырауларының шығармалары.  Т. 2

/ Құраст. Е. Дүйсенбайүлы.- Жазушы, 2004.- 394 б.

4.    Жолдасбекүлы  М. ж.б.     Елтүтқа: Ел  тарихының әйгілі

 түлғалары / Жолдасбекүлы  М., Салғараүлы Қ., Сейдімбек А.-

 Астана: КУЬ ТЕСІМ, 2001.- 356 б.

5.    Келімбетов Н.     Ежелгі түркі поэзиясы және  қазақ

 әдебиетіндегі көркемдік  дәстүр жалғастығы:.- Алматы: Б.ж.,

2002.- 60 б.

6.    Қазақ тарихындағы  ¥лы Тұлғалар: Портреттер.- Алматы: Өнер, 2003

7.    Қазақтың ақын - жазушылары [Текст].- Алматы: Дәуір, 2006.- 16 б.: суретті

8.    Тілеуханова  А.Т.     Шәкерім шығармаларындағы  шеберлік

 пен таным бірлігі:  Автореферат / Әл-Фараби атындағы

 ҚазМҮУ.- Алматы: б. ж., 1995.- 256.


Информация о работе Шәкәрім Құдайбердиевтің психологиялық көзқарасы