Эвтаназия туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:01, реферат

Краткое описание

Эвтаназия - Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, ауыр науқастың өз өлімін тездету жөніндегі өтінішін қанағаттандыру. Эвтаназия – қатты жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату, адамның азабына азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен өлуге мүмкіндік беру.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Эвтаназия туралы жалпы түсінік
2. Эвтаназияны қолданудың екі әдісі
3. Эфтаназия ислами көзқараспен
III. Пайдаланылған әдебиеттер
IV. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

ЭВТАНАЗИЯ.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Эвтаназия  туралы жалпы  түсінік

2. Эвтаназияны қолданудың екі әдісі

3. Эфтаназия  ислами  көзқараспен

III. Пайдаланылған әдебиеттер

IV. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Эвтаназия - Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, ауыр науқастың өз өлімін тездету жөніндегі өтінішін  қанағаттандыру. Эвтаназия – қатты жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату, адамның азабына азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен өлуге мүмкіндік беру. Соңғы кезде әлемде жиі көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі - ел арасында «жеңіл өлім» аталып кеткен эвтаназия мәселесі. Эвтаназия - айықпас дертке шалдыққан науқасты өзінің және туған-туыстарының келісімі бойынша медициналық тәсілмен өлтіру болып табылады (яғни дәрі егу, т.б. арқылы). Турасын айтқанда, адам өмірін қолдан қию деген сөз.Өмірді беретін де, оны алатын да жалғыз Жаратушы Алла ғана екенін ескерсек, қазіргі медицинадағы бұндай тәсіл жанға батқан жараның толық жазылуына себеп болмайтыны белгілі. Сонымен қатар қандай жолмен болсын, адам өмірін шектеу бүгінгі өркениет дәуірінде санаға жат, ақылға сыйымсыз екені де сөзсіз. Десек те, бұл мәселе жөнінде әлем ғалымдары арасында әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Медицина мамандары, заңгерлер, психологтар, саясаткерлер және дін қызметкерлері арасында әдейілеп өлтіруге байланысты көптеген пікір қайшылықтары туындауда. Әйтсе де, бүгінге дейін эвтаназияның дұрыс, не бұрыс екендігі жөнінде нақты жауап берілмей келеді. Өкініштісі сол, соңғы кезде кейбір ғалымдар «Эвтаназия адами құндылықтарға еш қарсы емес» деген қорытындыға келіп отыр. Ал асыл дініміз - исламда адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау ауыр қылмыс, үлкен күнә екені белгілі. Соңғы кезде әлемде жиі көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі – ел арасында «жеңіл өлім» аталып кеткен эвтаназия мәселесі. Эвтаназия – айықпас дертке шалдыққан науқасты өзінің және туған-туыстарының келісімі бойынша медициналық тәсілмен өлтіру болып табылады (яғни дәрі егу, т.б. арқылы). Турасын айтқанда, адам өмірін қолдан қию деген сөз.

Өмірді беретін де, оны алатын да жалғыз Жаратушы Алла ғана екенін ескерсек, қазіргі медицинадағы бұндай тәсіл  жанға батқан жараның толық жазылуына себеп болмайтыны белгілі. Сонымен қатар қандай жолмен болсын, адам өмірін шектеу бүгінгі өркениет дәуірінде санаға жат, ақылға сыйымсыз екені де сөзсіз. Десек те, бұл мәселе жөнінде әлем ғалымдары арасында әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Медицина мамандары, заңгерлер, психологтар, саясаткерлер және дін қызметкерлері арасында әдейілеп өлтіруге байланысты көптеген пікір қайшылықтары туындауда. Әйтсе де, бүгінге дейін эвтаназияның дұрыс, не бұрыс екендігі жөнінде нақты жауап берілмей келеді. Өкініштісі сол, соңғы кезде кейбір ғалымдар «Эвтаназия адами құндылықтарға еш қарсы емес» деген қорытындыға келіп отыр. Ал асыл дініміз – исламда адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау ауыр қылмыс, үлкен күнә екені белгілі. Ендеше «қайырымды өлім» деп айтылып жүрген эвтаназияға, яғни әдейілеп өлтіруге Ислам қалай қарайды? Адамзат тарихында бұл әдіс қаншалықты жиі қолданылған? Адам өмірінде дәрігердің рөлі қандай? Енді осы сұрақтарға кеңінен тоқталып өтсек.

Жалпы азаптан құтылу мақсатында өз-өзін өлтірудің тарихы тым тереңде жатыр. Тіпті адамдар өз-өзін өлтіруді алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде-ақ білген. Ежелгі пұтқа табынушылық заманында өз-өзін өлтіруге еш кедергі болмаған, керісінше оны құптап отырған. Мәселен, ежелгі Данияда төсек тартып жатып, ауырып өліп кетсең, ол үлкен масқара болып саналған. Кельттер қарттық жеңіп, қауқары кете бастаған кезде өз-өздеріне қол жұмсаса, эскимостар соңғы демдерінің жақындап келе жатқанын  сезіп, үсіп өлу үшін аязды тундраға, басы ауған жаққа кетіп қалатын болған. Ал Ежелгі Грецияда өз-өзін өлтіруге арнайы билік органдарынан рұқсат та берілген екен.

Адамзат тарихындағы осындай жан түршігерлік жайттарға қарамастан, медицина атасы саналатын Гиппократ: «Мен сұрап келгендерге ешқашан өлтіретін улы қоспаларды бермеймін және оларды жасайтын жолды да ешкімге көрсетпеймін», – депті. Ал оның замандастары Платон, Сократ, Аристотельдер болса, керісінше «жеңіл өлімді» қолдап, «Бұл әдістің өлім аузында жатып қиналғандарға пайдасы бар» деп есептеген. Тіпті Сократ та өз-өзіне қол жұмсап, «цикута» атты адам ағзасына зиянды уды ішіп өлген екен.

Жалпы эвтаназия сөзі грек тілінен  аударғанда «Au» – жақсы, ал «Thanatos»  – өлім деген мағынаны білдіреді. Яғни эвтаназия сөзінің мағынасы біреулер айтып жүргендей «жеңіл»  емес, «жақсы өлім» дегенге саяды. Ең қызығы сол, қазіргі таңда бұл өлім түрін жақтайтын халықаралық қоғам құрылып, Лондон қаласында «Шығу» (выход) деген атпен ресми түрде тіркелген.

Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделу-шінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де  емделушінің пікірі ескеріледі. Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында ешқандай емдік шаралар жасалмайды.Негізі адам баласы кез келген істе тәуекел ететіні белгілі. Сонымен қатар, нәтижесінің жақсы болуын да бір Жаратушыдан ғана үміт етері анық. Әйтсе де, ауруға шалдығып, науқас болған адам жақын адамдарының мейірімінен үміт ете отырып, амал қылып, дертіне байланысты емделу керек. Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні қоса қиналған адам жаман ойға бармау үшін, қасында әркез жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың қолдауын сезіне алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойларға тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған дертті, одан тартқан азапты ұмытары  анық.

Жалпы кез келген адам өз өмірінің қашан түгесілерін білмейді. Сол  себепті әрбір жан баласы қандай да сынақ болмасын, барлығы Алла тарапынан екенін және адам өмірін қию құқы да тек бір Жаратушыда ғана болатынын есте сақтағаны абзал.

Жалпы азаптан құтылу мақсатында өз-өзін өлтірудің тарихы тым тереңде жатыр. Тіпті адамдар өз-өзін өлтіруді алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде-ақ білген. Ежелгі пұтқа табынушылық заманында өз-өзін өлтіруге еш кедергі болмаған, керісінше оны құптап отырған. Мәселен, ежелгі Данияда төсек тартып жатып, ауырып өліп кетсең, ол үлкен масқара болып саналған. Кельттер қарттық жеңіп, қауқары кете бастаған кезде өз-өздеріне қол жұмсаса, эскимостар соңғы демдерінің жақындап келе жатқанын  сезіп, үсіп өлу үшін аязды тундраға, басы ауған жаққа кетіп қалатын болған. Ал Ежелгі Грецияда өз-өзін өлтіруге арнайы билік органдарынан рұқсат та берілген екен.Адамзат тарихындағы осын-дай жан түршігерлік жайт-тарға қарамастан, медицина атасы саналатын Гиппократ: «Мен сұрап келгендерге ешқашан өлтіретін улы қоспа-ларды бермеймін және оларды жасайтын жолды да ешкімге көрсетпеймін», - депті. Ал оның замандастары Платон, Сократ, Аристотельдер болса, керісінше «жеңіл өлімді» қолдап, «Бұл әдістің өлім аузында жатып қиналғандарға пайдасы бар» деп есептеген. Тіпті Сократ та өз-өзіне қол жұмсап, «цикута» атты адам ағзасына зиянды уды ішіп өлген екен.Жалпы эвтаназия сөзі грек тілінен аударғанда «Au» - жақсы, ал «Thanatos» - өлім деген мағынаны білдіреді. Яғни эвтаназия сөзінің мағынасы біреулер айтып жүргендей «жеңіл» емес, «жақсы өлім» дегенге саяды. Ең қызығы сол, қазіргі таңда бұл өлім түрін жақтайтын халықаралық қоғам құрылып, Лондон қаласында «Шығу» (выход) деген атпен ресми түрде тіркелген.Қазіргі медицинада эвтана-зияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделу-шінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыс-пайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де  емделушінің пікірі ескеріледі. Біріншісінен айырмашылығы, мұнда нау-қастың өмірін ұзарту мақса-тында ешқандай ем-дом жасалмайды.Енді эвтаназияға ислам көзімен қарап көрейік. Негізі кез келген науқас медикаментозды өлімнен бас тартуға құқылы. Адам өмірі, қандай жағдай болмасын, сақталуы тиіс басты құндылық екені сөзсіз. Исламда «азаптан, жан күйзелісінен қашу, құтылу мақсатында өлімге бару дұрыс» деген түсінік жоқ. Құдіреті күшті Алла тағала Құранда: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), - дейді.Бұл аяттың түсіндірмесінде Абд ар-Рахман Саади мұсылмандардың бір-бірін және өз-өзін өлтіруге болмайтынын көрсететін осы тыйымның үкімі өз өміріне қауіп төндіруге де, сонымен қатар түбі мертігуге, опат болуға әкелетін әрекеттерге де баруға болмайтынын ескертеді.Амр ибн Аббас (р.а.) жеткізген мына бір хадисте: «Мен салқын түнде шомылуға мәжбүр болдым. Алайда өз өмірім үшін қорқып, тәйәммум алдым да, сахабалармен бірге намаз оқыдым. Бұл әрекетімді пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанымда, ол (с.ғ.с.) менен: «Уа, Амр, қалайша болашақта нашар болатын сахабалармен бірге намаз оқыдың?», - деп сұрады. Мен Құрандағы «Өз-өздеріңді өлтірмендер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді» - деген аятты оқығанымды айттым. Сол кезде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәл жымиды да, еш нәрсе демеді», - дейді.Сонымен қатар, Алла тағала Құран кәрімнің «Әнғам» сүресінің 151-аятында: «Алла арам еткен кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана рұқсат етіледі. Сендерге осыларды Алла әмір етті. Әрине түсінерсіңдер», - деген.Маудуди өз тәпсірінде бұл аятқа «Адамды аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана өлтіруге рұқсат етілген. Басқа жағдайдың бәрінде мейлі ол мұсылман не кәпір, болмаса мемлекет қорғауына алынған адам болсын, өлтіруге тыйым салынған» деп түсіндірме берген.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметін өзін-өзі өлтіруден сақтандыру мақсатында айтқан мынадай хадисі бар: «Кімде-кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде-кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» (Бұхари).Келесі бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сіздерге дейінгі қауымда ауыр жарақаты бар бір адам болды. Ол жарақатынан қатты азап шеккен еді. Бір күні сондай азапқа шыдай алмай пышақпен өз қолын кесіп жіберді. Көп мөлшерде қан жоғалту себебінен ол осы өмірмен қош айтысты. Сол кезде құдіреті күшті Алла тағала: «Құлым менің алдымды орап кетті. Сол себепті мен оған жәннатты харам қылдым», - деді», - деген (Бұхари).Шырылдап дүние есігін ашқан сәттен соңғы дем түгесілгенге дейін адам баласы Алла тарапынан әртүрлі сынақтарға жолығатыны сөзсіз. Сондай-ақ, мұсылмандар үшін қандай да ауыртпалық пен қиын-шылықтың екінші жағы болатыны да белгілі. Ол, әрине, сабыр мен төзім. Бұл екеуі Алла алдында жоғары бағаланады. Ол жөнінде қасиетті Құранда Алла тағала: «Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады» деп айт» («Зүмәр» сүресі, 10-аят), - дейді. Сонымен қатар «Лұқман» сүресінің 17-аятында: «...Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды істерден», - делінеді.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Егер иман келтірген мүмін кез келген бір дерттен зардап шексе, тіпті оның ауруы ине егу мен болар-болмас жарақаттан жеңіл болса да, Алла оның күнәларын кешіреді. Пенденің күнәлары жүрегінен ағаштың жапырақтары сияқты жоғалып кетеді» деген хадисі де кез келген жағдайда сабырлы болуға үндейді.Адам жанына батқан дертпен күресуден дәрменсіз күйге түскенде оған рухани мықтылық қажет болады. Әрбір мұсылман тағдырға мойынұсынып, басқа түскенге сабыр ету - Алла алдында ең үлкен сауапты іс екенін және сол үшін есеп күні сыйлық барын біледі.Негізі мұсылман кез келген істе Аллаға тәуекел ететіні белгілі. Сонымен қатар, нәтижесінің жақсы болуын да бір Жаратушыдан ғана үміт етері анық. Әйтсе де, ауруға шалдығып, науқас болған адам Алланың мейірімінен үміт ете отырып, амал қылып, дертіне байланысты емделу керек. Оған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ей, Алланың құлдары, дерттеріңе ем іздеңдер. Расында, Алла әрбір дертпен қоса оның шипасын да жаратты және сендердің әрбіреуіңде денелеріннің ақысы бар», - деген хадисі дәлел болмақ.Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні қоса қиналған адам арам ойға бармау үшін, қасында әркез жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың қолдауын сезіне алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойларға тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған дертті, одан тартқан азапты ұмытары хақ.Жалпы кез келген адам өз өмірінің қашан түгесілерін білмейді. Сол себепті әрбір мұсылман қандай да сынақ болмасын, барлығы Алла тарапынан екенін және адам өмірін қию құқы да тек бір Жаратушыда ғана болатынын есте сақтағаны абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мен мұсылман дінінде  болғандықтан эвтаназияға үзілді-кесілді  қарсымын. Ислам дінінде бұл өмірді қию болып саналады және жазасы ауыр. Сондықтан адам өлтірумен тең деп саналады.Негізі кез келген науқас медикаментозды өлімнен бас тартуға құқылы. Адам өмірі, қандай жағдай болмасын, сақталуы тиіс басты құндылық екені сөзсіз. Исламда «азаптан, жан күйзелісінен қашу, құтылу мақсатында өлімге бару дұрыс» деген түсінік жоқ. Құдіреті күшті Алла тағала Құранда: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (жіне соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұған тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), дейді.Қазіргі таңда қиналып жатқан науқастың ауырсыну сезімін басатын түрлі емшаралар жетерлік. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді ғой ата-бабамыз. Сол себепті сабырлықпен, Алланың мейірімінен үміт ете отырып, дертіне байланысты емделгені дұрыс деп ойлаймын.Ауыр дерттен қатты азап шеккен, жаны мен тәні қоса қиналған адам арам ойға бармау үшін, қасында әркез жақын туыстары, жақсы көретін дос-жарандары болуы тиіс. Солардың бір ауыз жылы сөзінің өзі науқасқа үлкен қолдау болары анық. Егер науқас айналасындағылардың қолдауын сезе алса, ішкі рухани түйсіктерін жақсы ойға тоғыстырып, сәл де болса жанын қинаған дертті, одан тартқан азапты ұмытары хақ.Жалпы кез кезлген адам өмірінің қашан соңына келерін білмейді. Сол себепті әрбір мұсылман қандай да сынақ болмасын, барлығы Алла тарапынан екенін және адам өмірін қию құқы да тек бір Жаратушыда ғана болатынын есте сақтағаны жөн.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

2. Интернет материалдары


Информация о работе Эвтаназия туралы жалпы түсінік