Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 21:38, реферат

Краткое описание

Сонғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер. Осы тақырып төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды.

Вложенные файлы: 1 файл

Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы.docx

— 35.13 Кб (Скачать файл)

Біз бұл орайда қабылдау процесінің түрлі сатыларында даму ерекшеліктерін өзге психикалық процестер қызметінен бөліп алып қарастырсақ онда қабылдау жайындағы теориялардың бәрі дәрменсіз шындыққа сай келмейтін көзқарастар дер едік. Дегенмен мен баланың даму процесінде қалыптасып отыратын психикалық қызметтер психологиялық жұйелер деп атар едім.

Сонымен, тәжірибелік зерттеу нәтижелері баланың барлық дерлік даму кезендерінде әр түрлі жаңа жүйелердің пайда болып отыратындығын ашып көрсетіп, сол жүйелер ішінде қабылдаудын өзіндік қасиеттерінің бар екендігіне көзіміз жетеді.

Жеке процестер атқаратын қызметтер  арасында жаңадан пайда болатын  байланыстар мен даму нәтижесінде  қабылдау өзінің даму сатысында қалыптасқан бірсыпыра қасиетгерінен ажырап, «бостандық* алады. Енді ондай қызметтер өзге процестердің еншісіне ауысып, өзіндік жаңа сипатка ие болады.

Ойымды қайталамау үщін айтайын  деген сөзімді бір сөзбен білдірейін: қабылдауда бастапқы даму кезеңі қимыл-қозғалыспен тікелей байланысты болғандығын тәжірибелік зерттеулер анықтады. Ол тікелей сезіп білудегі қимыл-қозғалыстың тек бір жағын ғана білдіреді, ал жылдар бойы даму нәтижесінде қабылдау өзіндік мағынаға ие болып, қимыл-қозғалыс әрекеттерінен арылады. Осы салада К.Левин өзгелерден артық енбектенген зерттеуші. Ол бала қабылдауындағы қимыл-қозғалыс ішкі процестердің дамуымен бірге- қальштасқан дейді. Левин баланың қабылдауы қимыл-қозғалыспен байланысты өзге де ерекшеліктерден бөлектеніп өзіндік айқын сипатка ие болғанда көрнекі ойлаумен байланыспауы мүмкін деген пікірді қолдайды.

Г.Фолькельт, Крюгер және т.б. лейпцигтік зерттеушілер қабылдау бастапқы дамуында қимыл-қозғалыс әрекетімен қандай байланыста болса, сезім күйі және реакциялық эмоциямен де сондай тығыз байланысты деп санады. Крюгер қабылдауды «сезім тектесті эмоциялык қабылдау» деп атауды ұсынды. Дегенмен ол өзінің соңғы зертгеулерінде бұл пікірінен бас тартып, балалар қабылдауының аффектімен” сезім-эмоциямен тікелей байланысты болмайтындығына біртіндеп көз жеткізді.”

Тұтас алғанда, біздер Лейпциг зерттеушілеріне  жете мән беріп, олардың психологиялық қызметгер жайындағы нақты зертгеулеріне тиісті баға бердік. Олардың зерттеулерінде қабылдауға қатысты біршама мәселелердің- қамтылғанын көрдік.

Бұдан былайғы Лейгадаг зертгеушілерінің еңбектері өздерінің методолоғиялық көзқарастарындағы қателігіне орай маңызы мен күшін жоғалта бастадм. Өйткені қабылдаудың даму сипатын одан әрі зерттеу өзгеше методологиялык негіздерге тіректеле отырып зертгеуді кажет етті.


Информация о работе Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы