Қазіргі заман психологиясының міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 09:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады

Содержание

І.Кіріспе...................................................................................................................3
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Психологияның тарихы....................................................................................5
2.2.Қазіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері....................7
2.3.Қазіргі заман психологиясы.............................................................................8
2.4.Тәрбие психологиясы......................................................................................17
ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................21
ІV.Пайдалаланылған әдебиеттер.....................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

Қазіріг заман психологиясы мінжнттері.docx

— 46.67 Кб (Скачать файл)

 

Жоспары

 

І.Кіріспе...................................................................................................................3

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Психологияның тарихы....................................................................................5

2.2.Қазіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері....................7

2.3.Қазіргі заман психологиясы.............................................................................8

2.4.Тәрбие психологиясы......................................................................................17

ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................21

ІV.Пайдалаланылған әдебиеттер.....................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Қазіргі кезеңдегі  психология - қалыптасудың әр түрлі  сатысында тұрған және тәжірибенің  түрлі салаларымен байланысқан  ғылыми пәндердің тармақталған  жүйесін білдіреді. Әдетте, психология  салаларын жіктеудің негізгі  принципі деп әрекеттегі психиканың  даму принципін айтады. Сондықтан  психология салаларын жіктеудің  негізі ретінде адамның іс-әрекетінің  сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның  төмендегідей салалары бөлініп  шығады:

   Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің  психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті  ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың  психологиялық аспектілерін зерттейді  және психология ғылымының жеке  салалары болып табылатын бірнеше  бөлімдерден тұрады: инженерлік  психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

    Педагогикалық  психология - адамға білім және  тәрбие берудің психологиялық  заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың  ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын  қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын  меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы  өзара қарым-қатынастарды реттеудің  түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі  реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың  психологиялық негіздерін, оқыту  мен білім берудің негізгі  әдістемелік мәселелерін, балалардың  ақыл-ойын қалыптастыру сияқты  өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік  және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің  психологиясын зерттеп, оқушылар  ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының  психологиялық негіздеріне қатысты  мәселелерді қарастырады.

   Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және  аурудың мінез-құлқының аспектілерін  зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден  тұрады: психикалық құбылыстардың  мидың физиологиялық құрылымдарына  қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.

    Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді  реттеу және оларды тәжірибе  жүзінде қолданудың психологиялық  мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы  деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан  жауап алу тәрізді т.б. жайттардың  психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің  жеке басы мен оның зиянды  әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен  түзету психологиясы тұтқындағы  адамдарды сендіру не күштеп  істету арқылы қайта тәрбиелеудің  жолдарын қарастырады.

    Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі  адамның мінез-құлқын, басшылар мен  олардың қарамағындағылар арасындағы  қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық  қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық  насихаттың және кері насихаттың  тәсілдерін және т.б. мәселелерді  зерттейді.

    Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі  психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың  өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың  жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз  етілуін, психологиялық даярлығын  іздестіре келе, оларды жаттықтыру  және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу  мәселелерінің психологиялық факторларын  зерттейді. Әрбір ел мен халықтың  спорт өнеріндегі ерекшеліктерін  де ескере отырып, оларды жаттықтыру  міндеттері анықталады.

    Психология тармақтарын  жіктеудің негізі ретінде дамудың  психологиялық аспектілерін алуға  болады. Бұл жағдайда даму принципі  пайдаланылады.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Психологияның тарихы

     Бұл "жан туралы  ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің  тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға  созылған, көшбасы Аристотельден  басталатын жан дүниесі жайлы  тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология  басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен  қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

19шы ғасырға дейін психология  пәлсапаның бір тармағы ретінде  қарастырылды.

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

2.2.Қазіргі заман психологиясы,оның мақсаттары мен міндеттері

Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу.Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді,жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде ,психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.

Б.Ф.Ломов “Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары” атты еңдегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе,”бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады”,-деп жазды.Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын,олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын ,сонымен қатар бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап береді .Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы,іс-әрекет категориясы ,жеке адам категориясы ,тіл-қатынас категориясы,сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер-“әлеуметтік”және “биологиялық”.Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің обьектив байланыстарын,оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.

Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп ,қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты.Казіргі күнде бұл қызмет қалыптасып,дамуда,ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы ықтимал.

2.3.Қазіргі заман психологиясы

Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік байқалуда. Өйткені қоғамдық тәжірибе шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойларды осы проблемаға назар аударуына мәжбүр етті.

Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу. Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді.

Шығармашылық психиканың даму механизмі мен негізі ретінде қарастырылады (Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов және т.б.). Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырылады (Н.Г. Алексеев, С.М. Бернштейн, В.С. Библер, В.Н. Пушкин, О.К. Тихомиров, Э.Г. Юдин және т.б.).

Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған бағытты зерттеуді Дж. Гильфорд, С. Медник, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, Х. Трик, М. Уоллах, Д. Халперн және тағы басқа шетел ғылымдары жүргізді. Бірақ, Н.Т. Алексеев, С.М. Бернштейн, А.Н. Лук, Я.А. Пономарев, Н.Г. Фролов, Э.Г. Юдин, М.Г. Ярошевский сияқты авторлардың айтуы бойынша креативтілікті зерттеудің қорытындылары айтарлықтай нәтижелі болмады. Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген анықтамалары мен ұғымдарын талдай және жалпылай отырып, Р. Холлменн былай дейді: «Креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеті (Кюби), жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармалардың туындауы (Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті (Лассуэль), жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар), жаңа ұғымға тәжірибені көшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)» [1].

Бірақ көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гилфорд креативтілік пен шығармашылық потенциалды табысты шығармашылық ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді.

Креативтіліктің жаратылысын қарастыру оны оқып-үйренудің негізгі сараптамалық бағытына негізделген. Жалпы алғанда оларды бағытталуына сәйкес үлкен екі топқа біріктіруге болады.

Бірінші топқа жалпы психологиялық және концептуалдық бағыттағы зерттеулерді жатқызуға болады (Д.Б. Богоявленская, 1983; К. Дункер, 1965; А.Я. Пономарев, 1976; С.Л. Рубинштейн, 1941; О.К. Тихомиров, 1969 және т.б.). Бұл топтың психологтары шығармашылық психологиясының методологиялық негіздерін, оның заңдылықтары мен шығармашылық қызметтің механизмдерін зерттеді. Шығармашылық психологиясында жалпы психологиялық теорияны құру мәселесі (Б.Ф. Ломов, Я.А. Пономарев, О.К. Тихомиров), педагогика мен психологияның әртүрлі бағыттарын зерттеудегі әлеуметтік тұрғыдан маңызды қорытындысын біртұтас ете алу қабілеті шұғыл шешім қабылдауды қажет етіп тұр.

Информация о работе Қазіргі заман психологиясының міндеттері