Қарым-қатынас процесінде адамдардың арасындағы өзара түсінушілік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Августа 2013 в 18:10, реферат

Краткое описание

Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.
Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады.

Вложенные файлы: 1 файл

Тұлға.docx

— 34.35 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Реферат

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Қарым-қатынас процесінде адамдардың арасындағы өзара түсінушілік жағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           

 

 

                               Қостанай, 2012 ж

                                    Жоспар

1.Тұлғаға байланысты ғалымдар  көзқарастары.

2. Тұлғаның ерекшеліктері.

3. Тұлғаның даму құрылымы.

4. Тұлға концепсиясы.

5. Тұлға мен әлеуметтік  ортамен қатынасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұлға мәселесін теориялық  тұрғыдан шолу

Психологтар арасында тұлғаға  байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ.  
 Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады.

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген  қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.  
 Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.  
 Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.  

Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.  
 Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.

Әрбір жеке тұлға қасиеттер  жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа  бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге  ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. "Қасиет ұғымы  философияда категория ретінде  жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі. Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын "индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталаты анық.

Әдетте, адамның мінезі мен  темпераментінің ерекше белгілері  шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Ұжымдағы адамдардың тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше  сипаттама беруге болады.  

Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп  сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге  белсене қатыстыру.  
 Рухани құндылықтар құрамына тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық (әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.  
 Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі мен ұлттық мәдениеттің жеке тұлға бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.

Құндылықтардың әлеуметтік-адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.Қ.Құнантаева, М.А.Құдайқұлов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов., Л.К.Керімов., Г.М.Храпченковтардың тарихи-педагогикалық  ой-пікірлерімен тығыз байланысты.

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін  қалыптастырудың жолдары соңғы  жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.А.Бейсенбаева, К.Оразбекова, Р.К. Төлеубекова, К.Оразбекова т.б. жеке тұлға туралы түсініктер мен  адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындаудың  методологиялық негіздерін қоғамдық тәрбиенің  даму заңдылықтарына, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің кірігу заңдылықтарына негіздей отырып, бүкіладамзат баласының қолы жеткен рухани-мәдени байлықтарды еркін меңгерген  азамат тәрбиелеудің жолдарын ашып көрсете  отырып, тұлғаның жеке бастық қасиетін жетілдіруді психологиялық аспектіде  қарастырады.  

Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің  субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып  және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста  қалыптасып отырады.  
 Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.  

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте  іске енетін тұтастай субъект ретінде  көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген.  

Сонымен қатар Б.Г.Ананьев  тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін  психофизиологиялық функциялармен  және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық  түрінің көзқарасы бойынша, адамның  онтегенезін индивид ретінде, адамның  дамуының тұлға ретінде қарастырады.  

А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда  туылуының ерекше түрінің психологиялық  тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің  бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен  біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді.

Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен  сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің  саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге  тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның  қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді .

Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің тұлға концепциясы  болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға  — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті  мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда  реттеуші ретінде анықталады.

Сонымен қатар тұлғаның өзегін - өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды деп қарастырған.  
Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.Н. Узнадзе, 1966, А.С. Прангишвили, 1975 және т.б.). Авторлар түрлі иллюзияларды (елестерді) экперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиселі екендігін аныктайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.Н. Узнадзенің теориясына сәйкес, ішкі бағдар - адам үшін ерекшеленген "теориялық қажеттіліктің" әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етеді. Осы ғалымдардың пікірі бойынша. ішкі нұсқау - адамды таңдамалы белсенді іс-әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып тыбылады.  
 Л.И.Божович балалар тұғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.

Л.И.Божович және оның әріптестері  түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады.  
 Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

Л.И.Божович теориялық  талдаудың негізінде, тұлғаның толық  құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбилеу үрдісінде пайда болатын тұрақты  түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші  мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра  адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда  пайда болуы - тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ  аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында  негізгі фактор болып - ересек адамның  қалуы анықталған. Өйткені олардың  қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін  уайымдауының "берікті" қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата-аналардың, қолдауына  талаптануының күшеюі - баланың тікелей  қажеттіліктерді сезбейтін мінез-құлқына  түрткі болуы да көрсетілген.  

Ал Қазақстанда тұлға  мәселесі Ж.И.Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкіртерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш. Сабірова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, Г.Т. Бекмұратова және т.б. ғылыми зерттеу  еңбектерінде белсенді түрде дамуда.

Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін  зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас  ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды  жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға  мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара  байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық  ерекшеліктерін анықтау жолында  негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа  ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша  тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік  «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті  қабылдауы, әлеуметтік – психологиялық  қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым  – қатынасы, жеткен жетістіктері мен  ерекшеліктері көптеген жағдайларға  тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында  тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы  деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын  тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік  тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын  өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның ұсынан моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі – бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді болып келеді. Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін жағдайларды сөкпей қолдап отырған жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді. Көріп отырғандай, тұлғаны әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан қарастыруда оның өзіне деегн субъективті көзқаарсы адамдардың қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды мәнге ие. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдылардыигереі. Р. С. Немов көрсетуі бойынша, әлеуметтенуі легеніміз бұл адамзатпен жасалған цивилизацияны индивидтің көп қырлытаным үрдісі, әлеуметтік тәжірибесін игеру, табиғи тіршілік иесіне қоғамдыққа ауысуы, индивидпен тұлға ретінде қалыптасуы. Әлеуметтену ұғымы кең қолданылғанымен, И. С. Кон пайдалануынша, оның нақты тұжырымдамасы жоқ. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор болғандықтан бұл ұғым алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдардың соңы мен 50 жылдарда американдық психологтары мен социологтары (А. Парк, Д. Доллард, Дж. Кольман, В. Уолтер тағы басқалар) суреттелген. Әлеуметтенудің әлеуметтік жүйег тұлғаның толық интеграциялы үрдісі ретіндегі ұғымын американдық социологтары (Г. Парсонс, Р. Мертон) туындаған. Т. Ергешевский бойынша қоғамдағы тұлғаның дамуына байланысты жаңа қоғамдастықтар туындайды. Олардың өзара әсерлесуі негізінде «жалпы адамгершілік қоғамдастық» құрылады. Кез – келген индивидті, әсіресе тұлға болып дамыған тіршілік иесін әлеуметтенусіз елестету мүмкін емес .

Информация о работе Қарым-қатынас процесінде адамдардың арасындағы өзара түсінушілік жағы