Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 15:17, доклад
Құлжанова Нәзипа 1887 жылы Торғай қаласында дүниеге келіп, сол қалада негізін Ыбырай Алтынсарин қалап кеткен қазақ-орыс мектебінде оқыды. Оқуын Торғайдағы әйелдер гимназиясында жалғастырды (кезінде Қазақ жеріндегі жалғыз әйелдерге арналған жоғарғы оқу орны), кейінірек көмекші мұғалім ретінде қызмет етті.
Нәзипа оқуын жақсы аяқтап, үздік дипломға қолын жеткізеді. 15 жасар гимназисткаға талапкершілігі мен ізденушілігі, «әдептілігі мен табыстары» үшін орыс ақыны В.Жуковскийдің шығармаларын атаулы сыйлық ретінде табыс етеді. Нәзипа қазақ әйелдерінен ең алғаш орысша сауат ашқан болып танылды.
Н.Құлжанованың өмірі мен еңбек жолы.
Н.Құлжанованың мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі туралы педагогикалық жүйесі.
Құлжанова Нәзипа 1887 жылы Торғай қаласында дүниеге келіп, сол қалада негізін Ыбырай Алтынсарин қалап кеткен қазақ-орыс мектебінде оқыды. Оқуын Торғайдағы әйелдер гимназиясында жалғастырды (кезінде Қазақ жеріндегі жалғыз әйелдерге арналған жоғарғы оқу орны), кейінірек көмекші мұғалім ретінде қызмет етті.
Нәзипа оқуын жақсы аяқтап, үздік дипломға қолын жеткізеді. 15 жасар гимназисткаға талапкершілігі мен ізденушілігі, «әдептілігі мен табыстары» үшін орыс ақыны В.Жуковскийдің шығармаларын атаулы сыйлық ретінде табыс етеді. Нәзипа қазақ әйелдерінен ең алғаш орысша сауат ашқан болып танылды.
1902 жылы Нәзипа Шұбар болыстық
ауылындағы мектеп мұғалімі
Семейдегі жұмыс Нәзипаға Абайдың әулетімен, сол замандағы қайраткерлермен және олардың арасында әсіресе айдауда жүрген революционерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Семей Географиялық қоғамына мүше ол, үлкен танымдық мәні бар деген оймен көптеген әдеби-саздық және этнографиялық қайырымдылық кештерін өткізеді. Айталық, 1914 жылдың 26(25) қаңтарында приказчиктер клубында (драма театрдың көне ғимараты) ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 10 толуына бағышталған алғашқы естелік кеш өткізді. Этнографиялық кештің бағдарламасында Нәзипа Құлжанованың Абай шығармашылығы мен қызметі жайында әзірлеген баяндамасы да бар болатын.
1915 жылдың 13 ақпанында Петроградтағы
Жылжымалы мұсылмандар
Нәзипаның әдеби-сазды қайырымдылық кештерін ұйымдастыру тәжірибесі ұлттық театр құрылуына баға жетпес үлес қосты. Өзі атқарған істерінде Нәзипа үнемі жастарды тәрбиелеу мен халықты мәдени сауаттандыру тақырыптарын қозғап отырды.
Күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі
2 жылда Назипа Ақмола қаласында
оқытушы болып жұмыс істейді.
1923 жылы ол «Қызыл Қазақстан» журналына
ауысады да, журналистика мен әдеби-аудармашылыққа
бет бұрады. Негізінен орыс жазушыларының
шығармаларын қазақшаға аударады. Атап
айтқанда В.Г.Короленко мен Б.А.
Нәзипа қазақ және орыс халқы арасында Абайдың поэтикалық шығармашылығын алғаш насихаттаушы болды. Ол Абайдың «Махаббат туралы», «Желсіз түнде жарық ай» («Безветренная ночная луна») өлеңдерін орысшаға аударды. Соңғысының аудармасы 1915 жылы «Сибирский студент» журналында басып шығарылған болатын.
Қазақстанда алғаш көзі ашық қазақ әйелі ретінде, Нәзипа әйелдер қозғалысының дамуына үлкен үлес қосты, әйелдердің қоғамдағы ұстанымдарының белсенді болуын қолдап отырды. Нәзипа Бірінші Шығыс әйелдері съезінің ұйымдастырушылары қатарында болды.
Өзінен кейін шағын, бірақ ауқымды шығармашылық мұралар, мақалалар, кітаптар мен аудармалар қалдырған Нәзипа Құлжанова 1934 жылы 46 жасында дүниеден өтеді.
Н.Құлжанованың араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. Мәселен, 1924 жылы Орынборда «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу» атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен «Әйел теңдігі» журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озық тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайында көптеген мақалалары жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Оның бұл еңбектері «Қазақ балалар педагогикасының алтын қорына қосылды».
Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатыр. Бұл жайт автордың «Бала күтімі», «Бала өміріне күн сәулесі мен таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары», т.б. мақалаларынан жақсы байқалады. Автор тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсына келіп, өзі түйіндеген тұжырымның түп негізі етіп: «Тәні саудың – жаны сау» дейтін халық даналығын алады.
Құлжанованың ұстаздық-
Автор мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын, мақсытын баяндай келіп, баланың қимыл-қозғалысына, сезім мүшелеріне, сөйлеу, ойлау, ерік-жігерін жетілдіру жолдарына тоқталады. Ол сондай-ақ ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі: «Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей, «мазамды алма» деп баланың бетін қайтару арқылы оның сол білуге деген құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады», - дей келе автор бала ойынының танып-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді.
Н.Құлжанованың баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін «Жаратылыстың, - деп жазды ол, -өз дүниесінде, даланың кеңшілінде шалпылдап суға түсіп, жүгіріп, құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандап жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп, өркендемек». Ол сы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: «әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету», көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне төңіректегінің бәріне еліктегіш, тал шыбықтай икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп қалады», - деп, автор ойын баласының мектеп жасына дейінгі тыныс тіршілігін, оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатындықтан, осы кезеңдегі тәлім-тәрбиеге ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқталады.
Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттары «Тән саулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Нәрсенің түр-түсін тану», «Дененің қимылын түзету», «Шеберлігін көтеру», «Баланың білімін арттыру», «Бала тілінің шеберленуі», «Еңбекке машықтандыру», «Әдемілік сезімін көтеру», «Көпшілік және еңбек» деп бұлардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып, сипаттама береді.
Ана мен балаға байланысты Кеңес
өкметінің тиісті шаралары да ауқымды
болатын. Ұстаз, журналист Н.С. Құлжанова
1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие»
кітабын шығаруы сол кез үшін
жаңалық, күтпеген оқиға болатын. Бұл
кітаптың кіріспесінде оқулық Н.Альмединген
– Тумим кітабының ізімен деген
ескерту бар еді, алайда ол аударма
емес еді. Бұл мектепке дейінгі тәрбие
жөніндегі кітаптар мен мақалалар
негізінде жазылған автордың өзінің
шығармасы болған. Н.Құлжанова бұл
еңбекті Қазақстан оқу
Қарап отырсақ, Құлжанова XX ғасыр басындағы
орыстың көрнекті педагог ғалымы
Н. Альмединген – Тумимнің мектепке
дейінгі тәрбиеге қатысты көптеген
еңбектерінің маңызды тұстарын ескере
отырып, қазақ қоғамының ағартушылық
ойларын, тәрбиенің ең қажетті саласын
жаңалық ретінде оқырманға
Атам қазақтың ертеден келе жатқан бала тәрбиесі мен ана мәселесіне қатысты ойларын есте сақтап, сол заманға лайық, тәжиірбелік игі істерді санада ұстап, «Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле» дейтін нақылды жазу барысында ұран етіп ұстаған.
Оқулықта Н.Құлжанова қазақ
Н.Құлжанова әр елдің бала бақшаларындағы ерекшеліктерді көре білген. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа баулу, қабылдау ерекшеліктері, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау т.б. дамыту мәселелеріне көңіл бөлді.
Н.Құлжанованың аса көңіл аударған
мәселесі мектеп жасына толмаған баланы
тәрбиелеу мәселесі. Ол мектеп жасына
толмаған бала тәрбиесінде нақты
мысалдар арқылы жас ерекшеліктеріне
назар аударған. Құлжанова нақты
деректерге сүйене отырып бала өлімінің
артуын байқап, оны түсінген Бір
жасқа толмаған жүз сәбидің Филяндияда
13-і, Скандинавияда 13-18 сәби, Ресейдің кейбір
уездерінде 44-45 -ке дейін шетінеуі орын
алған. Ресей құрамында болған XIX
ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында
Қазақстанда да балалар өлімінің
статистикасы сондай болатын. Мектептен
бұрынғы тәрбиені түзеп, мыңдаған балалар
бекер мағынасыз қырылып
Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі
Ресейдегі балаларды
Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы нәрестенің өсіп, жетілуі, мектеп табалдырығын аттауға дайындау төңірегінде жаңа ойларды ұсынған алғашқы жаңалыққа толы еңбек.
Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды . Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек.
Н.Құлжанованың еңбектерінде Қазан төңкерісі қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады. Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке дайындау жайында әдістемелік құралдар ана тілімізде әлі күнге дейін тапшылық етеді, сондықтан аталған еңбектер бұдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жарық көрсе де, қазіргі кездегі қазақ әулетінің жүрегіне жылы тиіп, қолдан түспесі анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова Қазақ әдебиеті, 1967, 11 тамыз
2.Қасымбаев Ж. «История города Семипалатинска» (1718-1917 г.г.) Алматы «Өлке», 1998.
3.Исабай Қ. Байжан –Ата С. «Қажыға барған қазақтар» Алматы: Ана тілі, 1996.
4. Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының негіздері мен тарихы».
Жоспар