Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:01, реферат
Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде —электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
АЙНЫМАЛЫ ТОК...................................................................................4
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................9
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА - ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТІҢ
«РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОМУНИКАЦИЯ» КАФЕДРАСЫ
Реферат
Тақырыбы: «Айнымалы электр тогы»
«Электромагниттік толқын тарату теориясы» пәні бойынша
Орындаған:
РЭТ-33қ группасының студенті Кәкімұлы Б.
Тапсырылған күні:
Тексерген: Қанымғазиева И.А.
Астана 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
АЙНЫМАЛЫ ТОК..................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл
зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде —элек
Электр тогы энергетика саласын
Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді.
Электр тогы физикалық
табиғатына қарай өткізгіштік электр тогы (электр өрісінің әсерінен өткізгіште н
Токтың тұрақты ток (англ. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.
Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы аз өзгереді.
АЙНЫМАЛЫ ТОК
Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
1-сурет. Периодты i(t) айнымал
Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (1-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны жиілік деп аталады. Айнымалы ток жоғарғы жиілікте өткізгіш сыртына ығыстырылады, бұл скин-эффект құбылысы деп аталады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік — 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, медицинада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі айнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде айнымалы токты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады.
Айнымалы ток айнымалы
кернеу арқылы өндіріледі. Ток жүріп
тұрған сым төңірегінде пайда
болатын айнымалы электрлі магниттік өрісайнымалы ток тізбегінде энергия
тербелісін тудырады, яғни энергия магнит
немесе электр өрісінде периодты түрде
бірде жиналып, бірде электр энергиясы
көзіне қайтып отырады. Энергияның тербелуі
айнымалы ток тізбектерінде реактивті
ток тудырады, ол сым мен ток көзіне артық
ауырлық түсіреді және қосымша энергия
шығынын жасайды. Бұл — айнымалы ток энергиясын
берудегі кемшілік. Айнымалы ток күші
сипаттамасының негізіне айнымалы токтың
орташа жылулық әсерін, осындай ток күші
бар тұрақты токтың жылулық әсерімен салыстыру
алынған. Айнымалы ток күшінің осындай
жолмен алынған мәні әсерлік мән (немесе эффективтік) деп аталады
әрі ол период ішіндегі ток күші мәнінің
математикалық орташа квадратын көрсетеді.
Айнымалы токтың әсерлік кернеу (U) мәні де осы
сияқты анықталады. Ток күші мен кернеудің
осындай әсерлік мәндері айнымалы токтың амперметрлері және воль
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.
2-сурет
Тәжірибеде жай және неғұрлым маңызды жағдайда айнымалы ток күшінің лездік мәні ( ) синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт ішінде мынадай заң бойынша өзгереді:
мұндағы, -ток амплитудасы, ƒ-токтың бұрыштық жиілігі, -бастапқы фаза.
Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді:
мұндағы, - кернеу амплитудасы, - бастапқы фаза (2-сурет).
Мұндай айнымалы токтың әсерлік мәндері мынаған тең болады:
Айнымалы ток тізбегінде индуктивтілік
не сыйымдылықтың болуына байланысты
ток күші (
) мен кернеу (
) арасында
фаза ығысуы пайда болады. Фаза ығысуы
салдарынан ваттметрмен өлшенет
3-сурет
Индуктивтілік те, сыйымдылық т
мұндағы, — тізбектегі актив қуат ( ) бойынша анықталатын тізбектің актив кедергісі:
Тізбекте индуктивтілік ( ) болған жағдайда айнымалы ток сол тізбекте өздік индукцияның ЭҚК-н ( электр қозғаушы күші) индукциялайды:
4-сурет
Өздік индукцияның ЭҚК-і ток өзгерісіне кері әсер етеді, сондықтан тек индуктивтілік бар тізбекте ток фаза бойынша кернеуден ширек периодқа, яғни -ге қалыс қалады (4-сурет). -дің әсерлік мәні:
мұндағы, — тізбектегі индуктивтік кедергі. Мұндай тізбекте Ом заңы былайша өрнектеледі:
Сыйымдылық ( ) шамасы -ге тең кернеуге қосылғанда, оның заряды:
Периодты түрде өзгеріп отыратын кернеу периодты түрде өзгеретін зарядты тудырады, сөйтіп мына формуламен анықталатын сыйымдылық тогі ( ) пайда болады:
Сөйтіп сыйымдылық арқылы өтетін синусоидалы айнымалы ток, фаза бойынша оның қысқыштарындағы кернеуден ширек периодқа, яғни озып кетеді (5-сурет). Мұндай тізбектегі әсерлік мәндер мына қатынаспен байланысты:
мұндағы, — тізбектің сыйымдылық кедергісі.
5-сурет
Егер айнымалы ток тізбегі тізбектей жалғастырылған , және -тен тұрса, онда оның толық кедергісі мынаған тең болады:
мұндағы, .
Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі. Осыған сәйкес, Ом заңы мына түрде өрнектеледі:
Ал ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуы тізбектегі реактивті кедергінің актив кедергіге қатынасымен анықталады:
ҚОРЫТЫНДЫ
Синусоидалы айнымалы ток тізбегіндегі есепті шешу векторлық диаграмма арқылы жеңілдетіледі. Квазистационар айнымалы токтың күрделі тізбектегі есептерін шешуге Кирхгоф ережесі қолданылады. Мұндайда комплексті шамалар әдісі (белгілер әдісі) пайдаланылады. Ол әдіс геометриялық операцияларды алгебралық формада айнымалы токтың векторы арқылы өрнектеуге және айнымалы ток тізбектері есептеріне тұрақты ток тізбектерінің барлық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Электр энергетикалық жүйелердегі айнымалы ток әдетте синусоидалы болып келеді. Керісінше болған жағдайда оны азайту шаралары жасалады. Бірақ электрлік байланыс тізбектерінде, шала өткізгіштер мен электрондық құрылғылардағы айнымалы токтың синусоидалы болмайтындығы жұмыс процесінің өзінің әсерінен болады.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2. Элементарный учебник физики. Т. 2. Электричество и магнетизм/Под ред. Г.С. Ландсберга. – М.: Наука, 1967.
3. Сахаров Д.И., Блудов М.И. Физика для техникумов. – М.: Наука, 1967.
4. Тамм И.Е. Основы теории электричества. – М.: Наука, 1976.